Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Құзыреттіліктің критерийлері болып ақпаратпен иелену деңгейі, білімдердің
стандартты шешімдер түрінде өзгеруі емес, жаңа міндеттерді қойып және нақты шешу
ептілігін, ойлау және кез – келген мәселеге шығармашылық қадам жасауда болып табылады.
Білімді адам -бұл тек қана «білетін адам» емес, сонымен бірге ол өмірге дайындалған, кәзіргі
мәдениеттің қиын мәселесіне бағдарланған, өзінің өмірдегі орнын ойлауға қабілетті адам.
Білім беру деңгейіне деген талаптардың артқан шағында студенттер қоғамның
дамуының тоқтамсыз өсуінде, білім беру бағдарламаларының әртүрлі көптілігінің пайда
болған кезінде білім беру жүйесінің ашықтылығын сақтау үшін құзыреттіліктің құрылымы
мен деңгейін міндетті түрде анықтау қажет етілді.
Құзыреттіліктің компоненттері арасында келесілерді бөліп көрсетеді:
1. Тұлғаның оқытылуы немесе оқытудың қандай да бір белгілі кезеңінде алатын білім
жүйесін иеленуі және пәндік бойынша ептілігі. Құзыреттіліктің маңызды сипаттамасы болып
қатынас мүмкіндігін анықтайтын және тұлғаның сәйкес көрінетін сапасы (көпшілдік,
тұйықтылық);
2. Ойлау қызметінің иелену ерекшеліктерімен және адамгершіліктік, күштік және
эмоционалдық қасиеттерді қалыптастырумен сипатталатын тұлғаның ойлау және
адамгершілік дамуының деңгейі.
3. Онсыз тұлғаның ары қарай табысты дамуы мүмкін емес болатын берілген жасына
тән жаңа білім алудың даму деңгейі.
4. Тұлғаны қабілеттілік ,өзінің жеке білім алу деңгейін одан ары көтеруге дейін
дайындыққа оқыту.
Құзыреттіліктің өзінше тұжырымдылығы Петербург ғалымдарының тобымен
ұсынылған, оған сәйкес оқушының жетістік деңгейі төрт негізгі компоненттен тұрады:
1. Мемлекеттік білім беру стандарты мен нақты білім беру ұйымының профилі
есебінен академиялық үлгерім деңгейі;
2. Коммуникативтік ептіліктердің қоры;
3.Оқудың барлық кезеңіндегі оқушының шығармашылық саналы белсенділігі;
4. Жеке әлеуметтік жетістіктері;
Құзыреттіліктің өмірдің әртүрлі саласында қалыптасатын (білім беру,
мәдениетті- бос уақыт, отбасылық – тұрмыстық, еңбек, қоғамдық қызметтік салада)жеке
тұлғалық нәтиже ретінде ұсынатын тұлғаның қасиеті ретіндегі, «тұлғаның қызметтің
түрлерінде және салаларында өзінің мәселелерін шешу қабілеттігі» деп қорытындылатын
позициядан, берілген сапаның құрылымы мынандай кестеде берілуі мүмкін.
Бірінші курс студенттерінің педагог кәсібін таңдау мотивтері де әртүрлі. Олардың басым
көпшілігі педагогикалық іс-әрекетке қарағанда нақты бір пәнді жақсы көретіндерін, өзін оқытқан
мұғалімдер ұсыныстарын, ата-анасының ақыл кеңесін, басқа жоғары оқу орындарына қарағанда
оқуға түсу жеңілдігін тағы басқа кездейсоқ жағдайларды атап көрсетеді. Өкінішке орай
студенттер арасында тек жоғары білім туралы диплом алу үшін ғана оқитындары да кездеседі.
Қазіргі таңда педагогикалық мамандыққа түсетін студенттерді қабылдауды күрделендіру, нақты
педагог болғысы келетін студенттерді қабылдау мәселелері кәсіптік білім беру саласының өзекті
мәселелерінің бірі.
Мұғалімдерге педагогикалық іс-әрекет барысында оқушылар тұлғасының қандай
жақтарына көп көңіл бөлу керек екендігі анық. Педагогтардың барлық міндеттері тұлғаның
бойындағы сан алуан қабілеттерді ашуға, олардың өзін-өздері іске асыра алатындай дамытуға
бағытталуы қажет.
Көптеген психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде студенттердің педагогикалық кәсіпті
таңдау мотивтерін жан-жақты зерттеу мақсатымен түрлі әдістемелер құрастырылған. Мысалы,
И.П.Ильинаның «Жоғары оқу орындарында оқу мотивтері» атты әдістемесі студенттердің өздері
таңдаған кәсіптеріне қатынастарын анықтауға бағытталған. Бұл әдістеме бойынша студенттердің
жоғары оқу орындарына келулерінің үш шкаласы анықталады.
|