3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
- «білімді меңгеру» шкаласы (білімдерді игеруге деген құлшыныс, білім алуға деген 
талпыныс);
- «кәсіпті, мамандықты меңгеру» шкаласы (кәсіптік білімдерді меңгеруге құлшыныс, 
кәсіптік маңызды сапаларды қалыптастыру); 
- «диплом алу» шкаласы (білімдерді үстіртін меңгеріп диплом алуға тырысу, емтихандар 
мен сынақтарды өтуде жеңіл жолдарды іздестіруге ұмтылу).
Осындай түрлі зерттеулер барысында А.Э.Штейнмец (1998 ж) педагогикалық жоғарғы оқу 
орынына келген студенттердің 30-45 % мұғалімдік кәсіпті қызықтайтынын, 40 % - жоғарғы оқу 
орынын өздері сүйіп оқитын пәндерімен ғана байланыстыратынын, ал студенттердің 13-22 % не 
педагогикалық кәсіпке, не бір пәнге қызықпай, әйтеуір жоғары білім алып шығу үшін ғана 
оқитындарын анықтаған.
Сондықтан да мектеп қабырғасындағы мұғалімдердің барлығының дипломдары біркелкі 
болса да, олардың кәсіби шеберліктерінің деңгейлері әр түрлі. Бұлай болуы заңды да шығар
өйткені педагогикалық жоғары оқу орынының дипломы – аса үлкен де күрделі іске кірісуге 
жас маманның құқығы бар екенін білдіретін құжат қана. 
Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша анықталғандай, егер студент таңдаған 
мамандығының қыр-сырын түсініп, оның қоғамдағы алатын орнын, мәртебесін маңызды деп 
санаса, онда оның оқуға деген ынта-ықыласы да жоғарлай түседі. Студенттің өз болашағына 
жауапкершілікпен қарауы, өмірдегі өз орнын таба алуға деген ұмтылысы, өзін шыңдай білуге 
деген құлшынысы оның жақсы маман болып қалыптасуының негізгі шарттары. 
Қазіргі қоғамда кәсіптердің түрлері де көбейіп күрделене түсті. Сол түрлі кәсіптердің 
барлығын бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады: «адам-табиғат», «адам-техника», «адам-
белгілер жүйесі», «адам-көркем бейне», «адам-адам». Әр адам үшін ең алдымен осы салалардың 
қайсысына бейім екенін анықтап алғаны жөн. Ол үшін психология ғылымында ұсынылған 
төмендегі сауалнаманы қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет