3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
формациядағы педагогына үздіксіз білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан республикасының 
жоғарғы педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» жасалған. Орта білім беру саласындағыдай
кәсіптік білім беру саласында да жаңа буын оқулықтары, оқу құралдары, оқу бағдарламалары 
жазылуда. Ақпараттық заманның тез өзгеруіне байланысты жоғарғы оқу орындарындағы 
оқулықтардың да мазмұндары жиі жаңартуды қажет етеді.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда арнайы пәндермен қатар әлеуметтік-гуманитарлық 
пәндердің де алатын орны ерекше. Ал тікелей ұстаздыққа байланысты теориялық 
білімдермен қаруландыратын және практика жүзінде іскерлік пен дағдыларын 
қалыптастыратын педагогикалық пәндердің маңызы зор. Педагогикалық пәндердің ішінде 
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» атты курс болашақ мұғалімдер үшін кәсіби бағыт-бағдар 
беретін бастапқы пән болып табылады.
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының мақсаты - болашақ мұғалімдерді педагог 
қызметінің әлеуметтік жауапкершілігімен, гуманитарлық маңыздылығымен таныстыру және 
олардың бойында педагогикалық қызметке қажетті педагогикалық бағыттылықты, кәсіби 
құзіреттілікті қалыптастыру болып табылады. 
Бұл пәннің негізгі міндеттері: 
- қазіргі дүниежүзілік білім беру кеңістігінде білім берудің әлеуметтік-экономикалық мәнін 
ашып көрсету; 
- мұғалімдік кәсіпті меңгеруге деген жағымды ынтаны қалыптастыру; 
- студентердің болашақ кәсіби іс-әрекетерінің шығармашылық сипатын саналы түрде 
түсінулеріне мүмкіндік туғызу; 
- әр студенттің мұғалімдік сапасын дербес қалыптастыруға, өздерін өздері шыңдап іске 
асыруға жағдай жасау. 
Қарастырылып отырған пән студенттерге таңдаған кәсіптері бойынша терең теориялық, 
практикалық, әдістемелік, технологиялық көмек көрсетіп, педагогикалық шеберліктің негіздерін 
түсінуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуде септігін тигізеді. 
Педагогикалық мамандыққа даярлауда студенттердің жеке тұлға ретінде өсуі, жан-жақты 
дамуы байқалады, себебі олар басқаларға тәрбие беру үшін ең алдымен өздері тәрбиелі болуға 
тиісті. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» сабақтарында студенттерге теориялық білімдерді 
меңгертумен қатар түрлі тренингтер жүргізу, практикалық ситуацияларды талдап шешу, тесттер 
мен сауалнамалар арқылы өздерін болашақ маман ретінде зерттеуге үйрету көзделеді. 
Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық. Мұғалімдікті 
таңдаған адам басқаларға үнемі үлгі-өнеге көрсете алуы керек, себебі бұрыннан бері халық 
арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның білімімен, ақылдылығымен 
қатар сөйлеген сөзі, киген киімі, жүріс-тұрысы, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы 
барынша үйлесімді, жарасымды болуы шарт. Осындай талаптарға сай даярланған болашақ 
ұстаздар тұлғасы жаңа сапалы деңгейлерге көтеріліп, жылдан жылға дамып, бәсекеге барынша 
қабілетті, қоғам болашағына елеулі үлестерін қоса алатын, кәсіби құзіретті болулары өте 
маңызды. 
Болашақ мұғалімдерді даярлау барысында қарастырылып отырған пән негізінде білім 
берудің әлеуметтік сипаты, мұғалім еңбегінің қоғамдық мәні, жас мамандардың қоғам 
болашағы алдындағы жауапкершіліктері қарастырылады. Қазіргі нарықтық экономика 
жағдайында қоғамдық, өндірістік қатынастардың сипаттары өзгеріп, жаңа тұрпатты мұғалім 
даярлауда оның бәсекеге қабілеттілігі, шығармашылығы заман талабына айналуда. Бәсекеге 
қабілетті ұстаз - жаңа ғылыми білімдерді іздеуге, меңгеруге дайын, тез және дұрыс шешім 
қабылдай алатын, өзінің кәсіби қабілеттеріне сенімді, шығармашыл тұлға ретінде 
сипатталады. Болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, 
өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байланысты болады. Тек осындай қабілеттіліктерді 
қалыптастыру арқылы ғана мұғалім табысты нәтижеге жетіп, педагогикалық еңбектің 
шыңына қол жеткізе алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет