3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
жыл бұрын пайда болған екен. Міне сол кездің өзінде жаза алатын адамдар өз білімдерін жас 
буындар арасындағы таңдаулы балаларға меңгертіп отырған. Құл иеленушілік қауымдық 
құрылыстан бастап ең алғашқы педагогикалық мәліметтер тәрбие мен оқыту міндеттері 
жайлы, әр-түрлі пәндер туралы көзқарастар, ұстаз бен оқушыға қойылатын талаптар белгілі 
философ-ойшылдардың көзқарастарында жүйелене бастағаны байқалады. 
Педагогикалық ойлар философия, дін, қоғамдық саясат негізінде дамып отырған. 
Қасиетті діни кітаптарда адамдардың мінез-құлқына қойылатын талаптар, ата-ана міндеттері 
мен бала құқығы, адамдардың қарым-қатынастары, тәртіптері жайлы, жақсы мен жаманды 
ажырата білуге байланысты ақыл-кеңестер жазылғаны белгілі. 
Құнды тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель
Квинтилиан сынды атақты философтардың еңбектерінде елеулі орын алады. 
Шығыс елдерінде орта ғасырларда тәлім-тәрбиелік ой-пікірлермен қатар математикалық, 
астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами түсті. Аты әлемге әйгілі шығыстың 
ғұлама ғалымы, ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, лингвист, логик, 
музыка өнерінің зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің асыл мұрасында басқа мәселелермен қатар 
тәрбие, тәртіп, этика, эстетика, ізгілік, адамгершілік мәселелері үлкен орын алатыны белгілі. 
Оның «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Бақытқа жету жолдары», «Азаматтық саясат», 
«Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» сияқты еңбектері әлі күнге дейін педагогикалық
білімнің, тәрбиенің қайнар көзі деуге болады. 
Орта Азияда түркі тілдес халықтар үшін аса маңызды, тәрбиелік мәні жоғары құнды 
педагогикалық идеялар Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк», Жүсіп Баласағұнның 
«Құтты білік», Ибн Сина рубайлары, Әбу-Райхан әл Бирунидің тарихи-тәлімдік, математикалық 
пікірлері, әл-Хорезмидің төрт ғасырдай Европа елдерінде оқу қүралы ретінде қолданылған «Ал-
Джебр» еңбегі, Фирдоусидің «Шахнамасы», Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүні», Қожа Ахмет 
Яссауидің «Диуани хикметі» тағы басқа тәлім-тәрбиелік еңбектері жастарды білім-ғылымға 
шақырудағы, адамгершілік қасиеттері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы асыл 
мұра, құнды мирас.
Орта ғасырларда көптеген мемлекеттерде тәрбие процесінің басым көпшілігі діни сипатта 
болған. Педагогикалық кәсіптің пайда болысымен-ақ ұстаздарға тәрбиелеушілік міндет те 
жүктелді. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші сияқты рольдерді қамтитын 
болды. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбие мен оқыту процестерін 
ажыратпай бір тұтас процесс ретінде қарастыруды талап еткен. Себебі тәрбие адамның бүкіл 
тағдырына әсерін тигізеді, оның өмірінің рухани негіздерін қалайды. «Адамға ең бірінші керегі 
білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне 
опат әкеледі» - деген әл-Фарабидің сөздері қазіргі дамуы жылдам қоғамымызда да өзекті болып 
отыр.
Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде дамуын адамдардың өмір мен еңбекке 
дайындалуының объективті қажеттіліктері анықтады деуге болады. Педагогиканың өз алдына 
жеке ғылым болып қалыптасуы XIIV ғасырда өмір сүрген чех педагогы Я.А.Коменскийдің 
есімімен байланысты. Ол мектептерге арналған ондаған оқулықтар, 200 ден астам педагогикалық 
еңбектер жазып, оқытудың сынып-сабақ жүйесін жасаған адам.
Қазіргі кездегі сабақ, сынып, каникулдар, оқыту принциптері осы педагогтың атымен тығыз 
байланысты. Жалпы педагогика ғылымының дамуында, жетілуінде И.Г.Песталоции, Ж-Ж Руссо, 
К.А.Гельвеций, Д.Дидро, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, 
А.Байтұрсынов, В.А.Сухомлинский сынды ұлы педагогтардың есімдері ерекше орынға ие.
Еліміз егемендігін алып, мәртебеміздің жоғарлауға бағытталған шағында жас ұрпақ 
тәрбиесіне барынша алаңдау, білім беру сапасын жоғарлату қазіргі өмір талабы болып отыр. 
Осыған орай педагогикалық парадигмалардың жаңару жағдайында болашақ педагогтарды 
даярлау саласына көптеген өзгешеліктер енгізілуде. Жоғарғы білім беру стандарттарының 
мазмұны қайта қарастырылып, үздіксіз білім беру бағытында «Қазақстан республикасының жаңа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет