Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
«Педагогика» сияқты «Білім беру» туралы да мақаланың жоқтығы
бұл құбылысқа біртұтас
ғылыми сипаттама берудің қиындығын көрсетеді. Басылымның тек алғы сөзінде (түсінік
хатында) скандинавия мемлекетінде және Германияда мектептік оқытуға қатысты
қолданылатын ағылшын тіліндегі «education» терминіне қарағанда, тар мағынаға ие
«педагогика» термині қолданылатыны белгіленеді.
Ғылыми айналымда бүгінде
педагогикаға, оның зерттеу пәніне, нысанына берілген
анықтамалар да әртүрлі:
КСРО-да педагогика коммунистік тәрбиенің теориясы ретінде дайындалған, яғни
тәрбие категориясы педагогикада басқаларына қарағанда басымды талаптарға ие болған. 80-
90жж. шыққан педагогикалық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтар мен
оқу құралдарында педагогика көбінесе «тәрбие» категориясының көмегімен анықталады.
Ю.К.Бабанскийдің (1983) редакторлық жетекшілігімен
шыққан кітапта педагогика
тәрбие жөніндегі ғылым ретінде анықталады, себебі оның пәні «қоғамның ерекше қызметі -
тәрбие» болып табылады.
Б.Т.Лихачев (1993) «нақты-тарихи үрдіс тәрбиенің обьективті заңдары»
педагогиканың пәні деп есептейді және ары қарай «педагогика ғылым ретінде өзіне
көпқабатты және алуан түрлі қатынастарды қабылдайтын күрделі қоғамдық құбылыс
тәрбиені зерттейді» деп көрсетеді.
В.П.Беспалько (1995) педагогиканы «өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің аса жетілген
жолдары мен әдістері туралы адамзаттың бай тәжірибесі жинақталған көптеген
ғылымдардың бірі» ретінде түсінеді. Бірақ «білім беру тұтас алғанда» «педагогика
ғылымының қызығушылық саласы» ретінде анықталады.
Педагогика - өскелең ұрпақ пен ересек адамдардың
тәрбиесі туралы ғылым деген
көзқарас кеңінен таралған болып табылады. Педагогиканың зерттеу пәні деп есептеу туралы
сұрақтың туындауы заңды болып саналады. Педагогикаға берілген анықтамадағы сияқты
оның пәнін айқындауда мамандар арасында әлі де болса бірдей пікір қалыптаспаған.
Педагогиканың пәнін анықтауда кең әрі жетекші категориясы тәрбие болып табылады деген
түсінік үнемі кездеседі. Кейде педагогиканың пәні тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, білім беру,
қалыптастыру ретінде анықталады. Сонымен бірге адамзат
тұлғасын дамытудың мәні мен
заңдылықтарын зерттеу және осының негізінде арнайы ұйымдастырылатын педагогикалық
үрдіс ретінде тәрбие мәселесін теориялық және әдістемелік дайындау педагогика пәні болып
табылады.
ХХ ғасырдың соңында білім беру педагогика пәнін сипаттау үшін жетекші категория
ретінде ұсынылды. Білім беру қоғамдағы құрылған идеалға, дәстүр мен нормаға сай адамның
тұлғалық сапа-қасиеттерінің мақсатты бағытта қалыптасу үрдісін тұтастай қамтиды. Мұндай
үрдістерге тәрбие (тұлғаның қажеттілік-құндылық саласының өзгерісі ретінде), оқыту (іс-
әрекет нормаларының өзгерісі) және даму (қабілеттерінің өзгерісі) жатады. Сонымен
«қалыптасу» ұғымы адамның өзін-өзі, көбінесе өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-
өзі дамыту үрдістерінде қалыптастыратындықтан, тек сыртқы
әсерлердің обьектісіне
айналады дегенді білдірмейді.
Сондықтан білім беруді арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және
мәдени-тәрбиелік мекемелерде) мақсатты бағытта ұйымдастырылатын нақты педагогикалық
үрдіс ретінде педагогика пәні деп есептеуге болады. Педагогика бұл жағдайда адамды бүкіл
өмірі барысында дамыту факторы мен құралы ретінде педагогикалық үрдістің мәнін,
заңдылықтарын, тенденциясын (бағыттарын) және даму болашағын зерттейтін ғылым деп
түсіндіріледі. Осы негізде педагогика оны ұйымдастыру теориясы мен технологиясын,
педагог іс-әрекетін (педагогикалық іс-әрекет) жетілдіру
формасы мен әдістерін және
оқушылар әрекетінің алуан түрлерін, сонымен бірге олардың өзара әрекеттестігінің
стратегиясы мен тәсілдерін дайындайды.