3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе


-дәріс. Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
daris

 
6-дәріс. Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен 
қалыптасуының факторы
Жоспары: 
1. Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде 
түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының философиялық 
ережелері мен әдіснамалық негізі.
2. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы. 
Тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі.
3. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына 
және олардың арақатынасына сипаттама.
4. Тұлға - тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың 
және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. 
 
Дәрістің негізгі мазмұны 
 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесiнiң көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп 
аспектiлi және әр түрлi ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегi грек ғалымдары 
жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етедi деп есептеген. 
Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесi дәуiрлердiң прогрессивтi 
философиялық және психологиялық-педагогикалық пiкiрлерiнде өз жалғасын тапқан 
(Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, 
К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К.Крупская, П.П.Блонский, 
А.С.Макаренко, Л.С. Выготский, Э.И. Моносзон. Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. 
Давыдов т.б.) 
Адам – өзiне тән биологиялық құрылысы бар тiршiлiк иесi, сондықтан табиғат 
заңдары оның дамуына да әсер етедi. Қоршаған ортаға бейiмделiп, өз тiршiлiгi үшiн дайын 
заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзiне керектiнi өз қолымен жасайды. 
Адам табиғатының өзгеруi адам өмiрiнiң әлеуметтiк жағдайларының әсерiнен болады, 
адамның тектiлiгi тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы 
нәтижесiнде де пайда болады. “Әлеуметтiк мұрагерлiк” адамның қоғамдық тәжiрибеге ие 
болуы нәтижесiнде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты 
биологиялық және әлеуметтiк бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық 
тiршiлiк иесi болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтiк тiршiлiк иесiне 
айналады.
Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлi түсiндiрмелерi бар, бiрақ олардың 
көбiсi мына түсiнiкке келiп тiреледi: жеке тұлға дегенiмiз әлеуметтiк қатынастар мен саналы 
іс-әрекеттiң субъектiсi ретiндегi индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгiсi – оның әлеуметтiк 
мәнiнiң болуы және оның әлеуметтiк функцияларды (қызметтердi) (болмысқа, адамдарға, 
өзiне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық 
дамудың белгiлi бiр деңгейiне ие (темперамент, мiнез-құлық, қабiлеттiлiк, ақыл-ой 
дамуының деңгейi, қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер). 
Жеке тұлға – бұл интегративтi жүйе, әлдебiр ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке 
тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегi” бар деп мойындайды, 
олар оны “Мен – жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгiлейдi. Жоғарыда келтiрiлген жеке 
тұлға туралы түсiнiк жалпылама ұғым болып табылады. Жеке тұлғаның ең маңызды 
белгiлерi – оның саналылығы, жауапкершiлiгi, бостандығы, қадiр-қасиетi, даралығы. Жеке 
тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттерi мен іс-әрекеттерiнде қоғамдық прогрестiң 
тенденцияларының, әлеуметтiк белгiлер мен қасиеттердiң айқын және өзіне тән 
ерекшелігінің көрiнiс табуы, оның іс-әрекетiндегi шығармашылық қасиетiнiң деңгейi арқылы 
анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген 
ұғыммен толықтырылуы қажет. 
Даралық бiр адамның басқа бiр адамнан, бiр тұлғаның басқа бiр тұлғадан 
айырмашылығын, оның ешкiмге ұқсамайтынын, өзiне тән ерекшелiгi бар екенiн сипаттайды. 
Даралық, әдетте, адамның мiнезi мен темпераментiнiң ерекше белгiлерi (мысалы, салмақты-
жiгерлi және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекетi мен қабiлеттiлiгiнiң өзгешелiгi 
арқылы ерекшеленедi. Осылайша, мұғалiмнiң даралығы оның терең бiлiмдарлығы
педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, 
жұмыстағы шығармашылық ниетi, т.б. арқылы көрiнедi. “Даралық” ұғымы бiр адамды басқа 
бiр адамнан, бiр тұлғаны басқа бiр тұлғадан ажыратып, оған өзiне тән сұлулық пен 
қайталанбас қасиет беретiн ерекшеліктерден тұрады. 
Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бiр ұғым – “индивид”. Бұл сөз латын тiлiнен алынған 
және оның қазақша баламасы – “жекелiк”. Ұғым ретiнде бұл сөз адамзат тұқымының еш 
қасиеттерi ескерiлмеген бiр өкiлiн бiлдiредi. Бұл орайда әрбiр адам индивид болып 
табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты бiр тектес ғылыми 
категориялардың мәнi осында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет