3. Сабақ түрі: тәжірибелік



бет26/40
Дата06.11.2023
өлшемі7.69 Mb.
#482488
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Әд.-өңд.-лат.т-Мейірбике-2-курс-лат.т

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті түсіндіріледі, дәрілер атауларындағы жиі кездесетін бөлшектердің орфографиясы мен мағыналарына көңіл бөлінеді.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.14 мин(15% )
1.Зат есім, сөздік формасы, септеулері.
2.Сөз құрамындағы бөліктер: түбір, приставка(түбір алдындағы қосымша), жұрнақ, жалғау; негіз
3.Сөзжасам тәсілдері.
4.Рецепт, оның құрылымы, латын тіліндегі бөлігінің жазылуы.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30 %)
Фармацевтикалық терминология дегеніміз дәрі-дәрмектердің дайындалуын, қолданылуын және сақталуын зерттейтін ғылымдардың терминдер жиынтығы(грек pharmacon – дәрі-дәрмек).
Дәрі-дәрмектердің көпшілігі бірнеше сөз бөліктерінен тұратын, жасанды түрде пайда болған сөздер. Олардың арасында ондаған, жүздеген атауларда кездесетін сөз бөліктері бар. Сондай белгілі мағынасы бар, дәрі туралы химиялық құрамы, терапиялық әсері немесе фармакологиялық сипатын беретін сөз бөліктері жиілік бөлшектер деп аталады. Дәрілер атауларында оларды ажырата алу сол атаулардың жазылу ерекшеліктерінің есте сақталуын және дәрілер жөнінде арнайы ақпаратты игерілуін жеңілдетеді.
Мысалы: Oxacillinum, Dicloxacillinum, Ampicillinum, Bicillinum т.б. атауларда бәріне ортақ – cillin-(um), пенициллин тобының антибиотик түрін көрсететін жиілік бөлшегі анықталады.
Phenaminum, Phenobarbitalum, Phenylbutazonum т.б. атауларда дәрілер құрамында фенилдың болғандығы –phen- жиілік бөлшегі арқылы көрсетіледі.


Келесі жиілік бөлшектердің жазылуы мен мағынасын есте сақтаңыздар


-cillin- антибиотиктер
-mycin- антибиотиктер
-cyclin- антибиотиктер
ceph-(-cep-), cef- антибиотиктер
-sulfa- микробқа қарсы сульфаниламидтер
-pyr-дене қызуын басатын
-alg-ауырсынуды басатын
-chol- өт айдайтын
-cor- жүректік
-card-жүректік
-oestr- эстрогендік
-aeth(yl)- этил
-meth(yl)- метил
-(a) zol- азот
-(a) zon-, -zid - азот
-(a) zin- азот
-thi(o)- күкірт
-phen (yl)- фенил
-hydr- су, сутек
-oxy- қышқыл, оттек
-cain- жергілікті ауырсынуды жоятын
-aesth- ауырсынуды жоятын
-andr- андрогендік(еркек жыныс гормондарының препараттары)
-barb- барбитураттар
-thyr- қалқанша безге әсер етуші
-phyll- жапырақ
-anth- гүл
-naphth-, қысқа
-glyc- тәтті
1.Дәрілер атауларындағы жиілік бөлшектер дегеніміз жиі кездесетін, белгілі мағыналары бар, дәрілер жөнінде арнайы ақпарат беретін сөз бөліктері. Олардың аса маңыздыларымен алдыңғы сабақта кездестіңіздер.(алдыңғы сабақ өңдеуін қараңыз).
Сонымен бірге келесі жиілік бөлшектерге назар аударыңыздар!
-vas-, ang- тамыр кеңейтетін
-press-, -tens- артериалды қысымды төмендететін
-mal-, -al-, - ұйықтататын
-somn-, -hypn- ұйықтататын
-dorm- ұйықтататын
-flog-, -phlog- қабынуға қарсы
-allerg- аллергияға қарсы
-ur- несеп айдайтын
-lax- іш босататын
-haem(at)-, -aem- қан, қан ауруымен байланысты
-vit- витаминдер


2. Дәрілер түрлерінің (формаларының) атаулары негізінде зат есімдер сөз табына жатады. Олар дәрілік заттардың қандай түрінде даярланғандығын белгілейді. Дәрілік түр (форма) қатты, жұмсақ және сұйық болып ажыратылады. Бір дәрілік құрал әр түрлі формасында даярлануы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет