3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау


Белдікті берілістер. Жалпы түсінік



бет25/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

Белдікті берілістер. Жалпы түсінік

Белдікті берілістер. Жалпы түсінік

Белдікті беріліс деп, қозғалыс және қуат бір біліктен екінші білікке белдік пен шкив арасындағы үйкеліс күші арқылы берілетін берілісі айтамыз. Белдіктер динамикалық күштерді азайтады және тісті берілістерге қарағанда арзанға түсіуіне байланысты техникада кеңінен қолданылады. Белдіктер көлденең қимасына қарай жалпак, сына тәрізді және жұмыр болып үш түрге бөлінеді (22-сурет). Техникада жалпақ және сына тәрізді белдіктер жұмыр белдікке карағанда кеңінен пайдаланылады. Ал жұмыр белдіктер шкивпен жанасқанда жанасу ауданының аздығынан меншікті қысымы (шкив пен белдіктің арасында) көп болады да, тез тозады. Ал жалпак және сына тәрізді белдіктер шкивпен жанасқанда жанасу ауданының көптігінен меншікті қысым аз болады, сондықтан да олардьң жұмыс істеу қабілеттілігі жоғары келеді. Белдікті берілістердіқ кейбір артықшылықтары мен кемшліктері. Белдікті беріліс механикалык берілістердің ертеден қалыптасқан бір түрі болып саналады. Берілістін бұл түрі казіргі кезде техниканың көптеген саласында қолданылады. Енді басқа берілістермен салыстыру арқылы белдікті берілістердің кейбір артыкшылықтары мен кемшіліктеріне назар аударалық. 1. Белдікті берілістердің тісті берілістерге қарағандағы негізгі артықшылықтары: 

а) белдікті беріліс куатты едәуір қашыктықка беруге мүмкіндік туғызады (15...60 м қашықтықта); 

ә) белдікті беріліс басқа берілістерге қарағанда бірқалыпты және дыбыссыз жұмыс істейді; 

б) белдік езінің сырғанау қабілеттілігіне байланысты динамикалық және соққы күштерін кемітеді және артық күштен сақтайды; 

в) белдік берілістерінің құрамы карапайым, арзан келеді және олардың бүлінген бөлшектерін тез ауыстыруға болады; 

г) белдікті берілістермен үлкен жылдамдықта жұмыс істеуге болады (жылдамдығы 100000 айн/мин-қа дейін жетеді). 
2. Белдікті берілістердің тісті берілістерге қарағандағы негізгі кемшіліктері: 

а) белдікке түсірілген күштің мөлшеріне байланысты, белдіктің сырғанау кезіндегі беріліс санының тұрақсыз болуы; 

ә) шкивтерге орналасқан белдіктің жылдамдығы артқан сайын жұмыс істеу мерзімі кемиді; 

б) белдіктің жұмыс істеу мерзімінің аздығы (1000...5000 сағ, ал жоғары жылдамдықты берілістер күшін 500...600 сағ); 

в) біліктерге түсетін күш мөлшерінің көп болуы; 

г) пайдалы әсер коэффициентінің төмен болуы (берілістер үшін η= 0,85...0,95) 


Белдікті берілістердің колданылуы. Қазіргі уақытта белдікті берілістер козғалысты біршама ка-шықтыққа беру үшін және де беріліс санының дәлдігін кажет етпейтін жерлерде қолданылады. Сондай-ақ олардың қуаты 50 кВт-тан аспайды. Өте куатты белдікті берілістің шкивтерінін, өлшемдері өте үлкен, әрі ыңғайсыз келеді. Белдікті берілістің түрлері. Белдікті берілістер конструкциясына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: 

1. Керетін роликсіз, бір бағытта айналатын белдікті беріліс. 

2. Керетін роликті, бір бағытта айналатын белдікті беріліс (өсаралық қашықтығы тұрақты). 

3. Айналыс бағыты өзгеретін белдікті беріліс. 

4. Қозғалысты бірнеше білікке беретін белдікті беріліс. 

Белдікті берілістің бірінші түрі ашық беріліс ретінде көп жағдайда қолданылады. Мұндағы шкивтің біліктері бір-бірімен параллель орналасқан. Белдікті берілістің екінші түрі осьаралық қашықтығы шамалы және үлкен беріліс санын керек ететін жерлерде қолданылады. Мұндағы керетін ролик белдіктің автоматты түрде керіліп тұруын қамтамасыз етеді. Осы берілістің негізгі кемшілігі — берілісте орналасқан керетін роликтің әсерінен белдікте пайда бо-латын қосымша иілу нәтижесінде жұмыс істеу мерзімінің азаюы. Сына тәрізді белдіктің пайда болуына байланысты, берілістің бұл түрі аз пайдаланылады. Белдікті берілістің үшінші түрінде шкивтердің біліктері бір-бірімен параллель орналасады, бірақ белдіктің тармақтары бір-бірімен қиылысады, ал шкивтер қарама-қарсы бағытта айналады. Белдікті берілістің тертінші түрінде берілістегі аралық шкив-тер арқылы беріліс бірнеше білікке беріледі. 



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет