Біліктер мен өстердің материалдары
Біліктердің материалдары және оларды өңдеу. Түзу біліктерді кебінесе легирленген және көміртекті болаттардан жасайды. Себебі легирленген болаттар біліктің салмағы 1 мен габаритін азайтады және шлицті (тісті) берілістердің тозуға төзімділігін күшейтеді. Бұл үшін төмендегі болаттар колданылады. Мысалы, Ст5 маркалы болат — шынықтырылмаған біліктер үшін, 40, 50 және 40Х маркалы болаттар — шынықтырылған біліктер үшін, 10, 20Х, 40ХН және 40ХНМА болаттары өте жоғары жылдамдықпен айналатын біліктерді жасауға қолданылады.
Диаметрі d<150 мм біліктерді дайындау кезінде көбінесе жұмыр прокаттар пайдаланылады. Біліктердің бөлшектер отырғызатын беттері өңделеді және олардың кедір-бұдыр шамасы 0,32...1,25 мкм аралығында дайындалады. Бөлшектердің қондырылуын жеңілдету үшін, біліктердің кесілген бүйір жақтары жұмырланып өңделеді.
Біліктер мен осьтердің материалдары. Біліктер мен осьтер үшін негізгі материалдар болып беріктігі, үлкен серпімділік модулі, нығыздауға қабілеті мен талап етілетін цилиндрлік дайындамаларды илемдеу жолымен алу жеңілдігі тұрғысынан көміртекті және қосындыланған болаттар қызмет етеді. Өлшемдерін қаттылық шартынан анықтайтын біліктер үшін Ст5 және Ст6 маркалы болатты оларды термиялық өңдеуге ұшыратпай қолданады. Біліктердің басым көпшілігі үшін 45 және 40Х маркасының термиялық өңделетін орташа көміртекті және қосындыланған болаттарды қолданады. Жауапты машиналардың жоғары кернеулі біліктері үшін – 40ХН, 30ХГСА маркасының қосындыланған болаттарын қолданады; осы болаттардың біліктерін көбінесе жақсартуға, жоғары жұмсартумен шындалуға немесе ТВЧ қыздырумен және төмен жұмсартумен (оймакілтекті біліктер) үстірт шындалуға ұшыратады.Сырғанау мойынтіректерінде айналатын тез жүрісті біліктерді 20Х, 12ХНЗА, 18ХГТ маркаларының болаттарынан дайындайды. Осы біліктердің шетмойындарын төзімділікті жоғарылату үшін цементтейді. Ең жоғары төзімділікке хромдалған біліктер ие. Біліктер мен осьтерді шетмойындар мен отырғызу үстіңгі беттерін әрі қарай ажарлаумен жоңғыш білдектерінде өңдейді.
150>
Достарыңызбен бөлісу: |