3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау


Домалау мойытіректерінің құрылымы мен атқаратын кызметі



бет52/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

Домалау мойытіректерінің құрылымы мен атқаратын кызметі

Барлық айналу бөлшектерінің тірексіз жұмыс істеуі мүмкін емес. Бұл тіректер машиналар мен механизмдердің қозғалмайтын бөлігінде орналасады. Айналу бөлшектерін ұстап тұру және олардың айналуын жеңілдету – айналу тіректерінің негізгі қызметі болып табылады. Көптеген жағдайда тіректер корпустан, мойынтіректерден, корпусқа бекіту, қорғау және майлау жабдықтарынан тұрады.

Біз қарастырғалы отырған домалау мойынтіректері осындай тіректер қатарына жатады.

Домалау мойынтіректері деп қызметі домалау үйкелісіне негізделген айналу және тербелу бөлшектерінің (біліктер мен осьтердің) тіректерін айтамыз.

Айналу бөлшектерін ұстап тұру, олардың айналуын және сырғанауын жеңілдету сияқты қасиеттер мойынтіректердің ерте кезден-ақ қолдануына мұмкіндік берді.

Көбінесе домалау мойынтіректері домалау жолдары (науашалары) бар сыртқы және ішкі шығыршықтан, осы шығыршық жолдарында домалайтын шариктерден немесе роликтерден (домалау бөлшектерінен) және сепаратордан тұрады. Сепаратор домалау бөлшектерін бір-бірінен бөліп бағыттап, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бірқатар жағдайларда домалау мойынтіректерінің өлшемдерін кішірейтіп, габаритін азайту үшін шығыршықтардың алынып тасталуы мүмкін. Мұндай мойынтіректерде домалау бөлшектері біліктегі немесе осьтегі домалау жолдарында (науашаларда) қозғалып тұрады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет