Белдікті берілістің түрлері. Белдікті берілістердің негізгі сипаттамалары
Жалпы түсінік. Белдікті беріліс деп, қозғалыс және қуат бір біліктен
екінші білікке белдік пен шкив арасындағы үйкеліс күші арқылы берілетін
берілісі айтамыз.
Белдіктер динамикалық күштерді азайтады және тісті берілістерге
қарағанда арзанға түсіуіне байланысты техникада кеңінен қолданылады.
Белдіктер көлденең қимасына қарай жалпак, сына тәрізді және жұмыр болып үш
түрге бөлінеді (22-сурет). Техникада жалпақ және сына тәрізді белдіктер
жұмыр белдікке карағанда кеңінен пайдаланылады. Ал жұмыр белдіктер шкивпен
жанасқанда жанасу ауданының аздығынан меншікті қысымы (шкив пен белдіктің
арасында) көп болады да, тез тозады. Ал жалпак және сына тәрізді
белдіктер шкивпен жанасқанда жанасу ауданының көптігінен меншікті қысым аз
болады, сондықтан да олардьң жұмыс істеу қабілеттілігі жоғары келеді.
Белдікті берілістің түрлері. Белдікті берілістер конструкциясына
байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Керетін роликсіз, бір бағытта айналатын белдікті беріліс.
2. Керетін роликті, бір бағытта айналатын белдікті беріліс (өсаралық
қашықтығы тұрақты).
3. Айналыс бағыты өзгеретін белдікті беріліс.
4. Қозғалысты бірнеше білікке беретін белдікті беріліс.
Белдікті берілістің бірінші түрі ашық беріліс ретінде көп жағдайда
қолданылады. Мұндағы шкивтің біліктері бір-бірімен параллель орналасқан.
Белдікті берілістің екінші түрі осьаралық қашықтығы шамалы және үлкен
беріліс санын керек ететін жерлерде қолданылады. Мұндағы керетін ролик
белдіктің автоматты түрде керіліп тұруын қамтамасыз етеді. Осы берілістің
негізгі кемшілігі — берілісте орналасқан керетін роликтің әсерінен белдікте
пайда бо-латын қосымша иілу нәтижесінде жұмыс істеу мерзімінің азаюы. Сына
тәрізді белдіктің пайда болуына байланысты, берілістің бұл түрі аз
пайдаланылады.
Белдікті берілістің үшінші түрінде шкивтердің біліктері бір-бірімен
параллель орналасады, бірақ белдіктің тармақтары бір-бірімен қиылысады, ал
шкивтер қарама-қарсы бағытта айналады.
Белдікті берілістің тертінші түрінде берілістегі аралық шкив-тер
арқылы беріліс бірнеше білікке беріледі.
Белдікті берілістердің негізгі сипаттамалар.
1. Қуат. Белдікті берілістер кебінесе 0,3...50 кВт арасында
қолданылады, кей жерлерде беріліс куаты 150 кВт-қа дейін жетеді, бірақ жаңа
машиналармен өте үлкен куатты (300 кВт-тан артық) беру тиімсіз, себебі
берілістердің өлшемдері ете үлкен болады.
2. Беріліс қатынасы жэне жылдамдық. Сына тәрізді белдікті берілістерде
және керетін ролигі бар жалпақ белдікті берілістерде беріліс санын 10-ға
дейін жеткізуге болады. Бірақ белдікті берілістердің беріліс саны 4-тен
аспағаны жөн, себебі олардың көлемі ұлғайып кетеді.
Сына тәрізді О, А, Б, В пішінді белдіктердің жылдамдығы 25 м/с-тан, ал
УА, УБ, УВ, УО — 30 м/с-тан аспауы керек.
3. Қолдану саласы. Жалпақ және сына тәрізді белдіктердің негізгі қолдану
саласы бір-бірімен ұқсас, бірақ олардың арасында аз да болса айырмашылық
болады.
Жалпақ белдіктерді өте үлкен жылдамдықта, жұмыстың бір қалыптылығын
қатаң талап ететін жерлерде және осьаралық қашықтығы үлкен берілістерде
сына тәрізді белдіктерге қарағанда оларды қолдану ыңғайлы.
Жалпақ белдікті берілістерге қарағанда сына тәрізді белдіктерді
осьаралық кашықтығы шамалы, беріліс саны едәуір және берілісті бірнеше
шкивке беретін берілістерде көп қолданылады. Басқа белдіктер сияқты сына
тәрізді белдіктер де шексіз (дөңгелек тәрізді) етіп жасалады. Белдіктер
үзілген кезде ауысты-рып отыру үшін шкивті консольға (бір жағы мықтап
бекітілген,. екінші жағы бос, горизонталь бағытта орналастырылған білік)
орналастырылады.
4. Жалпақ белдікті берілістердегі осьаралық қашықтық. Берілістерде
кіші осьаралык, қашықтықты таңдап алған кезде, белдіктің шкивті қамтитын
бұрышы 150°-тан кем болмауға тиісті екенін ескеру керек.
Үлкен осьаралық қашықтық белдіктід қымбат болуына әкеліп соғады. Ең
үлкен осьаралық қашықтық: а = 2(D1+D2).
Ал сына тәрізді белдікті берілістің ең кіші осьаралық қашықтығы: атіп
= 0,55(D1+D2)+һ, мұндағы һ - белдік қимасының биіктігі. Ал ең үлкен
осьаралық қашықтығын атах =2(D1 + D3) деп алуға болады.
Белдіктің жұмыс істеу ңабілеттілігі және белдікті берілістерді
Есептеу
Шынжырлы берілісгер. Жалпы түсінік.
Шынжырлы берілістер қазіргі заманғы машина жасауда кеңінен қолданылып келеді. Тек қана комбайнның бір түрінде 14 шынжырлы беріліс кездеседі. Сондай ақ шынжырлы берілістер транспорттық машиналарда да кеңінен қолданылады. Жеңіл автомобильдерде шынжырлы берілістер минутына 6000 - дай айналу жылдамдығын беріп көптеген жылдар бойы жұмыс істейді.
Мұнай өнерәсібінде қолданылатын бұрғылау жабдықтарында пайдаланылатын көп тармақты шынжырлы беріліс жылдамдықпен айналып - тан астам қуат береді.
Шынжырлы беріліс жетекші және жетектегі жұлдызшалардан және оларды қамтитын шынжырлардан тұрады. Шынжырлы берілісте бірнеше жетекші жұлдызшадар болуы мүмкін. Олар көбінесе ауыл шаруашылық транспорт машиналарында қолданылады.
Ал шынжырдың өзі топсалармен байланысқан бірнеше буындардан тұрады.
Шынжырлы берілістер иілгіш байланысты ілінісу берілістерне жатады. Шынжыр тартылған бас және тәуелді жұлдызшылардан тұрады.
Артықшылықатры: 1) тісті берілістерге қарағанда шынжырлы берілістер білік арасында қозғалысты елеулі осьаралық қашықтықтарда бере алады (8 м дейін); 2) ременьді берілістерге қарағанда: а) компактырақ; ә) үлкен қуатты бере алады (3000 кВт дейін), б) білікке әсер ететін күштер елеулі аз, өйткені шынжырдың алдын-ала тартылысы аз, в) бірнеше жұлдызшамен бір шынжыр көмгімен қозғалысты бере алады.
Кемшіліктер: 1) ілініске кірген кезде шынжыр буынының соққысынан шудың болуы, әсіресе жұлдызша тістерінің саны аз және қадам үлкен болғанда; 2) майлау материадарын жеткізу қиындығына байланысты шынжыр шарнирлерінің елеулі тез тозуы; 3) шарнирлердің тозуына байланысты шынжырдың ұзаруы, бұдан тарту құрылғылары қажет болады; 4) қозғалысы тұрақсыз, осыған байланысты онда айнымалы күштер пайда болады.
Шынжырлы берілістер елеулі қашықтықта орналасқан параллель біліктер арасындағы қозғалысты беру үшін станокты, транспорттық және басқа машиналарда қолданылады.
Шынжырлы берілістің негізгі сипаттамалары
Достарыңызбен бөлісу: |