Жалғастырғыштар. Жалғастырғыштардың аткаратын кызметі және олардың түрлері
Бәрімізге белгілі машиналар жеке-жеке тораптардан құрастырылады, ал тораптар боласа, бірімен-бірі жалғастырғыштар арқылы қосылады және олар тораптар арасында күш байланысын қамтамасыз етеді.
Техникада жалғастырғыш (муфта) деп біліктерді жалғастыратын тетіктерді айтамыз. Жалғастырғыштар машиналарда көбінесе двигатель мен редукторды және редуктор мен атқарушы механизмді жалғастыру үшін қолданылады.
Машина жасау өндірісінде жалғастырғыштар көбінесе мынадай жағдайларды қолданылады:
а/ біліктерді өзара жалғастыру үшін;
б/ двигательдермен жұмыс істейтін механизмдерді қосу және ажырату үшін;
в/ жұмыс істеп тұрғанда машина бөлшектерінің шамадан тыс түсетін күштен сақтау үшін;
г/ динамикалық күштерді азайту үшін;
д/ машина тораптарында құрастырылғанда пайда болатын қателіктерді жою үшін.
Жалғастырғыштар өздерінің ішкі құрылысына және атқаратын қызметіне қарай бөлінеді:
а/ механикалық жалғастырғыштар;
б/ электрлік жалғастырғыштар;
в/ гидравликалық жалғастырғыштар.
Машина бөлшектері курсында тек механикалық жалғастырғыштар қарастырылады.
Механикалық жалғастырғыштар. Механикалық жалғастырғыштар өзі атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөлінеді:
а/ басқарылатын; б/ басқарылмайтын
в/ автоматтандырылған (өзін-өзі басқаратын).
Басқарылмайтын жалғастырғыштарға төмендегілер жатады:
1/ тұйық жалғастырғыштар; 2/ теңелту жалғастырғыштары; 3/ серпімді жалғастырғыштар;
Басқарылатын жалғастырғыштарға: 1/ фрикциялық жалғастырғыштар; 2/ жұдырықшалы жалғастырғыштар жатады.
Автоматтандырылған жалғастырғыштарға: 1/ центрден тепкіш жалғастырғыштар; 2/ қорғаушы (сақтандырушы) жалғастырғыштар; 3/ еркін қозғалыс жалғастырғыштары жатады.
Жалғастырғыштар арқылы берілетін айналыс моментінің мөлшері олардың негізгі сипаттамасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |