Бизнес-жоспарды әзірлеу реті қандай?
Бизнес-жоспарларды әзірлеуді сырттай кеңесшілерге тапсыру керек, сол уақытта команда бизнесті бастаумен, үйымдастырумен айналыса алады деген пікір бар. Ал іс жүзінде сырттай кеңесшілер тартудың дұрыс еместігін көрсететін екі себеп бар. Бірінші себеп мынадан көрінеді: жоспарлау үдерісінің әлі бастапқы сатысында команда мүшелерінің әртүрлі стратегиялар мен тактикаларды бағалай алатын, қаржы және еңбек ресурстарына қойылатын талаптарды анықтайтын, фирманың маркетингтік әлеуетін зерттеп біле алатын мүмкіндігі бар. Осының бәрін бизнес жұмысын бастап кеткен соң зерттеп білу кеш болады.
Екінші себеп инвестордың бизнес-жоспарды кімнің әзірлегеніне маңызды мағына беретінінен көрінеді. Жоспарлау барысында команданың болашақ кэсіпорынның барлық егжей-тегжейлерін бүге-шігесіне дейін ескергенін, жұмыс істеуді бастағалы отырған бизнестің ерекшеліктерін жақсы меңгергенін, түсінгенін білу ол үшін маңызды. Бизнес-жоспарды құру мақсатына қарай (негіздеу үшін инвестицияларды, серіктестерді тарту және т. б.) оның бөлімдерін егжей-тегжейлі әзірлеу керек.
Бизнес-жоспардың құрамы, құрылымы және талдап-тексерілуі мыналармен анықталады:
-компанияның функционалдық ерекшелігі мен көлемі;
-өткізу нарығының белсенділігі;
-бәсекелестердің тәжірибелілігі;
-стратегиялық мақсат;
-нақты бизнестің жергілікті міндеттері;
-компанияның өсу перспективалары.
Достарыңызбен бөлісу: |