3.Нарықтың трендтері
Қазіргі нарықтың басты тренді - клиентке бағдарлану.
Клиентке бағдарлану – сатып алушының (клиенттің) мүдделерін басқалардан жоғары қою. Нарықтық экономика нарықтағы жоғары бәсекелестікті тудырды, ал жоғары бәсекелестік менеджмент сатуды ұлғайту үшін ресурстарды іздеуге итермеледі. Тұтыну қоғамының дамуымен, клиент қалаған тауарды алып қана қоймай, оны барынша жайлылық пен ыңғайлылықпен жасағысы келді. Әрине, адамдар, олардың пікірінше, өздеріне жақсы қарым-қатынас жасаған компанияларды таңдайды. Клиентке бағытталған бизнес ұзақ мерзімді перспективаға есептелген және иесіне тұрақты табыс әкеледі. Компания жылдам табыс таба ма, әлде ұзақ уақыт тіршілік ететін және дамитын бизнес-жүйені құра ма, осы екеуінің бірін таңдауы керек.
2-ситуациялық жағдай
Менің ойымша бұл жағдайды стартап деп қабылдауға болады. Стартап - бұл көбіне көшірілген өнім емес, жаңа идеялар. Сондықтан, бастапқыда авторға нарықтан бос орын тауып, содан кейін өз бизнесін дамыту стратегиясын жасау қажет. Осыған байланысты, кезкелген стартаптың мақсаты –тауар немесе қызмет көрсетудің жаңа түрін тауып, оны нарықта ұсынып, сату арқылы пайда табу. Еламанның басқа интренет кафелерге қарағанда негізгі ерекшелігі оның идеясында болып отыр,
4.тақырып-Бизнес-жоспар құру. Бизнес-жобаны қорғау.
Сұрақтарға жауап берініздер
1.Бизнес-жоспарлардың құрылымы мен функциялары қандай?
Бизнес жоспардың құрылымына қысқаша тоқталатын болсақ, ол:
1. Түйіндеме. Бұл бөлімде бизнес-жоспардың — болжамды жобаның нәтижелері мен қорытындылары сипатталады,өндіріс пен өнімнің жаңалығы туралы айтылады. Қысқаша нұсқада сату көлемі, түсім, шығындар және пайда туралы мәліметтер беріледі. Несиені қайтару мерзімі туралы ескерту қажет. Мұндай қысқаша ақпарат өнімнің, фирманың қызметіне объективті баға беруге мүмкіндік береді. Бөлімнің басты мақсаты-болашақ қызметтің тәуекелдері мен пайдасын бағалау.
Бұл бөлім ең басында тұрғанымен - оны ең соыңнда құру қажет, себебі ол тұтас бизнес-жоспардың қысқаша мазмұнын білдіреді. Түйіндеме - инвесторларды сіздің идеяңызбен алғаш таныстыратын жарнамалық буклет. Ол ең бастысы туралы айтуға және қызығушылық тудыруға тиіс. Егер сіздің жобаңыз ең басынан адресаттарға ұнамаса, сіздің бизнес-жоспарыңызды әрі қарай ешкім қарамауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |