300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты



бет13/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
! $ 07

4-параграф. Құжаттама

29. Мемлекеттік аудиторлар аудит туралы алдын ала деректері бар басқа да аудиторлар үшін мыналарды түсінуге жеткілікті аудит бойынша құжаттама дайындауы керек:


- Рәсімдік стандартқа және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес орындалған аудиторлық рәсімдердің сипаты, мерзімі мен көлемі;
- мұндай рәсімдердің нәтижелері, алынған аудиторлық дәлелдемелер және аудит барысында туындаған елеулі мәселелер;
- мұндай мәселелер бойынша жасалған тұжырымдар;
- мұндай тұжырымдарды қалыптастыру барысында жасалған елеулі кәсіби пайымдар.
30. Жеткілікті және талаптарға жауап беретін аудит жөніндегі құжаттама бірнеше себептерден маңызды, себебі ол:
- мемлекеттік аудитордың пікірі мен есебін растайды және негіздейді;
- есептер немесе аудит объектісінің немесе кез келген басқа тараптың кез келген сауалдарына жауаптар дайындау үшін ақпарат көзі болып табылады;
- мемлекеттік аудитор Рәсімдік стандарттың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтайтындығына дәлелдеме болып табылады;
- жоспарлауды, қадағалау мен тексеруді жеңілдетеді;
- мемлекеттік аудитордың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі;
- табысталған жұмысты қанағаттанарлық түрде орындауды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі; және
- болашақта орындалған жұмыстың дәлелдемесі болып табылады.
31. Мемлекеттік аудиторлар талқылау жүргізілген елеулі мәселелердің сипатын, сондай-ақ талқылаудың қашан және кіммен жүргізілгенін қоса алғанда, аудит объектісінің басшылығымен, басшы өкілеттіктері берілген тұлғалармен және басқа да тұлғалармен елеулі мәселелерді талқылауды құжаттауы тиіс.
32. Мемлекеттік аудиторлар аудиторлық файлда аудиторлық құжаттаманы жинап, аудиторлық есептің (қорытындының) күнінен кейін түпкілікті аудиторлық файлды компиляциялаудың әкімшілік процесін уақтылы аяқтауы керек. Аудиторлық құжаттамаға қойылатын талаптар, сондай-ақ жұмыс құжаттарының үлгілері Қаржылық есептілік аудитін жүргізу жөніндегі тиісті әдістемелерде көзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет