300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


-тарау. Қаржылық есептілік аудитінің базалық қағидаттары



бет11/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
! $ 07

4-тарау. Қаржылық есептілік аудитінің базалық қағидаттары

1-параграф. Аудиторлық тәуекел

17. Аудит қарастырылып отырған қаржылық есептілік жалпы жосықсыз әрекеттерден немесе қателіктен туындаған елеулі бұрмаланушылықтарды қамтымайтындығына орынды сенімділік қамтамасыз етуге арналған. Орынды сенімділік алу үшін мемлекеттік аудитор аудиторлық тәуекелді қолайлы төмен деңгейге дейін төмендету және аудиторлық пікір негізделетін дәлелді тұжырымдар үшін мүмкіндік алу үшін жеткілікті және тиісінше аудиторлық дәлелдемелер алуы керек.


18. Қаржылық есептілік аудиті кезіндегі аудиторлық тәуекел мемлекеттік аудитордың аудиттелетін нысана туралы ақпарат елеулі бұрмаланушылықтарды қамтыған жағдайда қате қорытынды жасауын білдіреді. Мемлекеттік аудитор оң нысанда пікір қалыптастыру үшін ақпараттың анықтығына дәлелді сенімділік алу үшін аудиторлық тәуекелді аудит жағдайларында қолайлы төмен деңгейге дейін төмендетуі керек. Аудиттің мәні болу үшін мемлекеттік аудитордың ақпараттың анықтығын растауы ықтимал пайдаланушылардың аудиттелетін нысана туралы ақпаратқа сенімділігін нығайтуы керек.
19. Жалпы, аудиторлық тәуекел елеулі бұрмаланушылықтар тәуекеліне және анықталмау тәуекеліне тікелей байланысты. Тәуекелдерді бағалау осы мақсатқа қажетті ақпарат алу мақсатында әзірленген аудиторлық рәсімдерге және аудит барысында алынған дәлелдемелерге негізделеді.
20. Тәуекелдерді бағалау кәсіби пайым мәселесін білдіреді және дәл өлшеуге ұшырамайды. Мемлекеттік аудитордың әрбір тәуекел құрауышын қарау дәрежесі аудиттің мән-жайларына байланысты болады. Тәуекелдерді бағалау мәселелері осы стандарттың 5.2-кіші бөлімінде, сондай-ақ Қаржылық есептілік аудитін жүргізу жөніндегі әдістемелерде қарастырылған.

2-параграф. Кәсіби пайым және скептицизм


21. Мемлекеттік аудиторлар қаржылық есептіліктің елеулі бұрмаланушылықтарды қамтуы мүмкін мән-жайлардың болатынын мойындай отырып, аудитті кәсіби скептицизммен жоспарлауы және жүргізуі керек. Қаржылық есептілік аудитін жоспарлау мен жүргізу, сондай-ақ тұжырымдар қалыптастыру және аудит нәтижелері бойынша есеп дайындау кезінде мемлекеттік аудитор кәсіби пайымды қолдануы керек.


22. «Кәсіби скептицизм» және «кәсіби пайым» ұғымдары мемлекеттік аудитордың аудитке қатысты мәселелер бойынша әрекеттердің тиісті жоспары туралы шешімдер қабылдауына қойылатын талаптарды тұжырымдау кезінде қолданылады.
23. Мемлекеттік аудиторлар аудит процесінің барлық кезеңдерінде кәсіби пайымдарды қолданады. Бұл мемлекеттік аудитордың аудит жүргізілетін мән-жайларға сәйкесетін әрекеттер жоспарына қатысты дәлелді шешімдер қабылдай алуы үшін аудит, бухгалтерлік есеп және әдеп стандарттарымен негізделген мәнмәтінде тиісті дағдыларды, білім мен тәжірибені пайдалануды білдіреді.
24. Кәсіби скептицизм тұжырымдамасы барлық аудит түрлері үшін негіз болады. Мемлекеттік аудиторлар кәсіби скептицизмді қолдана отырып, белгілі бір мән-жайларға байланысты аудиттің мәні туралы ақпарат елеулі бұрмаланушылықтарды қамтуы мүмкін екенін мойындай отырып, ақпараттың анықтығын растау мақсатында аудит жүргізуге тапсырманы жоспарлайды және орындайды. Кәсіби скептицизм мемлекеттік аудитордың алынған деректердің анықтығына сыни баға беретінін (күмән туғыза отырып) және аудит объектісі құжаттарына немесе мәлімдемелеріне қайша келетін немесе олардың сенімділігіне күмән туғызатын деректердің анықталуы мүмкін екенін білдіреді. Мұндай қатынас күмәнді мән-жайларды өткізу, бақылау нәтижелері бойынша тұжырымдар қалыптастыру кезінде шамадан тыс жиынтықтау және аудит деректерін жинау және олардың нәтижелерін бағалау бойынша рәсімдердің сипатын, мерзімі мен көлемін айқындау үшін жалған жорамалдарды пайдалану тәуекелін азайту үшін барлық аудит процесінде қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет