Тәуекелді бағалау бойынша рәсімдер – аудиттелетін тұлғаның қызметі және оның ішкі бақылау жүйесін қоса алғанда, оның ортасы туралы дұрыс түсінік алу, қаржылық есептілік деңгейінде және пікірлер деңгейінде жосықсыз әрекеттерден немесе қателіктен туындаған елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелін сәйкестендіру мен бағалау мақсатында жүргізілетін аудиторлық рәсімдер
Кәсіби пайым – аудит жүргізудің қалыптасқан жағдайларында орынды болып табылатын әрекеттер бағдары туралы ақпараттандырылған шешімдер қабылдау кезінде аудит стандарттары, бухгалтерлік есеп және әдеп мәнмәтінінде тиісті оқуды, білім мен тәжірибені қолдану
|
Кәсіби скептицизм – сенбеушілік ақыл-ой жүйесін білдіретін позиция, қателіктен немесе жосықсыз әрекеттерден туындаған ықтимал бұрмаланушылықты және дәлелдемелерді сыни бағалауды көрсететін мән-жайлардың болу мүмкіндігін ұғыну
|
Кейінгі оқиғалар – қаржылық есептіліктің күні мен аудиторлық есептің (қорытынды) күні арасындағы кезеңде орын алатын оқиғалар және мемлекеттік аудиторға аудиторлық есептің (қорытынды) күнінен кейін мәлім болатын фактілер
|
Қаржылық есептілікті ұсынудың қолданылатын негізі – объект басшылығы қаржылық есептілікті дайындау үшін қабылдаған және мемлекеттік аудитор оның қызметінің сипатын және қаржылық есептіліктің мақсатын есепке ала отырып, объект үшін қолайлы деп санайтын немесе заңға немесе нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қажет болатын қаржылық есептілікті ұсынудың негізі (квазимемлекеттік секторда – ХҚЕС сәйкес, мемлекеттік секторда – есептеу әдісі бойынша ҚСХҚЕС-ке негізделген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес). ҚСХҚЕС жөніндегі комитет шығарған Мемлекеттік сектордағы халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚСХҚЕС) мемлекеттік секторда қолдану үшін әзірленген анық ұсыну жүйесінің мысалы болып табылады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |