300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты



бет7/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
! $ 07

Мәні бойынша тексеру рәсімі – пікірлер деңгейінде ақпараттың елеулі бұрмаланушылықтарын анықтау үшін орындалатын аудиторлық рәсімдер. Бұл:
а) біртипті операциялар тобына, бухгалтерлік есеп шоттары бойынша қалдықтарға және ақпаратты ашып көрсету жағдайларына қатысты егжей-тегжейлі тесттерді қамтиды
б) Аналитиқалық мәні бойынша тексеру рәсімі

Орынды сенімділік – жоғары, бірақ абсолюттік емес, сенімділік деңгейі

Есептік бағалау – Ақша шамасын өлшеудің дәл әдісі болмаған кезде оның шамалас мәні. Бұл термин бағалаудың белгісіздігі жағдайында әділ құны бойынша бағаланатын шаманы белгілеу, сондай-ақ бағалауды талап ететін басқа да шамаларды белгілеу үшін пайдаланылады

Елеулі бұрмаланушылықтар тәуекелі – қаржылық есептіліктің аудит басталғанға дейін елеулі дәрежеде бұрмалану тәуекелі. Бұл тәуекел пікірлер деңгейінде келесідей сипатталатын екі компоненттен құралады:
а) ажырамас тәуекел – операциялар класы, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер туралы пікірлердің кез келген байланысты бақылау құралдарын қарағанға дейін өздігінен немесе басқа да бұрмаланушылықтармен жиынтықта елеулі болуы мүмкін бұрмалануға ұшыраушылығы;
б) бақылау жүйесінің тәуекелі – операциялар класы, шоттар сальдосы немесе ашып көрсетулер туралы пікірде орын алуы мүмкін, өздігінен немесе басқа да бұрмаланушылықтармен жиынтықта елеулі болуы мүмкін бұрмаланудың уақтылы алдын алынбау немесе объектінің ішкі бақылау жүйесімен жойылмау тәуекелі

Анықталмау тәуекелі – тәуекелді қолайлы төмен деңгейге дейін қысқарту мақсатында мемлекеттік аудитор жүргізген рәсімдердің оған өздігінен немесе басқа да бұрмаланушылықтармен жиынтықта елеулі болуы мүмкін елеулі бұрмаланушылықтарды анықтауға мүмкіндік бермеу тәуекелі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет