Іріктеуді пайдалануға байланысты емес тәуекел – мемлекеттік аудитор іріктеуді пайдалануға байланысты тәуекелге қатысы жоқ себептер бойынша қате қорытындыға келу тәуекелі
Іріктеуді пайдалануға байланысты тәуекел – мемлекеттік аудитордың іріктеуге негізделген тұжырымы бірдей аудиторлық рәсімдердің барлық басты жиынтыққа қолданылған жағдайда жасалуы мүмкін тұжырымнан ерекшелену тәуекелі.
Аудиторлық тапсырманың басшысы – Есеп комитетінің (Тексеру комиссия) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі
|
Байланысты тарап – бақылауда, бірлескен бақылауда немесе елеулі ықпалда болатын ұйымдар (үлестес тұлғалар, еншілес, тәуелді тұлғалар, қауымдастырылған кәсіпорындар)
|
Ішкі бақылау жүйесі – қаржылық есептіліктің сенімділігі, операциялардың тиімділігі мен өнімділігі, сондай-ақ заңнама мен нормативтік актілерді сақтау мәнмәтінінде объектінің мақсаттарына қол жеткізуде орынды сенімділік қамтамасыз ету мақсатында басшы өкілеттіктері берілген тұлғалар, объект басшылығы және өзге персонал әзірлеген, енгізген және жүзеге асыратын процестер. «Бақылау құралдары» термині ішкі бақылау жүйесінің бір немесе бірнеше компоненттерінің кез келген аспектілерін білдіреді:
- бақылау ортасы;
- тәуекелдерді бағалау;
- бақылау рәсімдері;
- ақпарат және байланыс;
- ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау
|
Статистикалық іріктеу – келесі белгілері бар іріктеудің кез келген әдісі:
а) элементтерді кездейсоқ іріктеу, және
б) іріктеуді пайдалануға байланысты тәуекелді бағалауды қоса алғанда, іріктеу нәтижелерін бағалау үшін ықтималдық теориясын пайдалану.
А) және б) тармақтарында сипатталған белгілері жоқ іріктеудің кез келген әдісі статистикалық емес іріктеу болып есептеледі
|
Стратификаттау – жиынтықты ішкі жиынтықтарға бөлу процесі, олардың әрқайсысы ұқсас сипаттамалары бар іріктеу элементтерінің тобын білдіреді (көбінесе ақшалай құны)
|
|