4 анықтамалар, белгілер мен қЫСҚартулар



бет13/21
Дата19.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#460939
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Дип. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы, КАСиТ - 2015 - 44

Ойын нәтижелерін есептеу.
1. Ойын қарсыластың біреуі өз қазанына 81-ден аса құмалақ жинағанға дейін ойналады.
2. Ұтысқа ие болған ойыншыға - 1 ұпай, ұтылған ойыншыға - 0 ұпай беріледі. Егер ойын тең аяқталса екі ойыншы да 0,5 ұпайдан алады.
3. Ойын аяқталған болып есептелінеді, егер:
- ойыншы ұтылғанын мойындаса;
- ойыншы берілген мерзім ішінде тиісті жүрістерді жасап үлгермесе және қазандағы құмалақтардың саны 81-ден кем болса;
- ойыншы ойынды жалғастырудан себепсіз бас тартса;
- ойыншылардың бірі немесе екі ойыншы кезекті ойын басталғаннан кейін 30 минуттан аса кешігіп келсе;
- екі ойыншының бірі өз қазанына 81-ден аса құмалақ жинап үлгерсе.
4. Егер қарсыластардың бірі ойынға келмесе немесе 30 минуттан аса кешігіп келсе, ойын хаттамасына ойында болған ойыншының тұсына (+), ал келмеген ойыншының тұсына (-) белгісі қойылады. (+) белгісі 1 ұпайға тең.
Бұл белгілердің ерекшелігі спортшыға кезекті спорттық дәрежелер бергенде ескерілмейді.
5. Егер екі ойыншы ойын аяқталғанда қазанына 81-ден құмалақ жинаса, ойын тең аяқталды деп есептелінеді.
6. Ойын барысында екі ойыншыныңөзара келісімі бойынша ойын тең аяқталуы мүмкін.
7. Уақыты таусылған, бірақ қазанына 82 және одан да көп құмалақ жинаған ойынша жеңіске жетеді.
8. Ойыншы тең ойынды тақтада жүріс жасағаннан кейін, сағатын баспай тұрып ұсынады. Ұсынылған тең ойынды әр ойыншы жазу бланкаларында арнайы (=) белгісімен белгілейді.
9. Ойын барысында ойыншы тең ойынды қарсыласына бір рет қана ұсына алады.
10. Ойыншы жарыстан шығып кетсе немесе шығарылса:
10.1. Айналма жүйемен өткен жарыстарда:
а) егер ойыншы жалпы ойын санының жартысынан кемін өткізсе, онда оның көрсеткіштері жарыстың нәтижелері кестесінен алынады;
б) егер ойыншы жарыстың жартысынан артық ойын өткізсе, онда оның көрсеткіштері жарыстың нәтижелері кестесінде сақталынады. Тек онымен кездесуге тиісті ойыншыларға (+) белгісі қойылып отырады.
10.2. Реттелмелі швейцар жүйемен өткен жарыстарда:
а) ойыншының ұпайлары жарыстың нәтижелері кестесінде сақталынып, тек нақты ойналған ойындарының ұпайлары ғана есепке алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет