4 анықтамалар, белгілер мен қЫСҚартулар



бет21/21
Дата19.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#460939
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Дип. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы, КАСиТ - 2015 - 44

Жұмасағиев Ғабиденнің «Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы » тақырыбындағы дипломдық жұмысы бойынша ғылыми жетекшісінің берген
ПІКІРІ
Жұмасағиев Ғабиден өзінің дипломдық жұмысында қазақ халқының ұлттық ойыны тоғызқұмалақтың этностық-педагогикалық мазмұнын аша білген.
Тоғызқұмалақ негізінде қазақ халқының дәстүрлі ұлттық интелектуалды ойындарына әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізді. Тоғызқұмалақты ұлттық этностық-мәдени, педагогикалық құбылыс ретінде тарихи салада және ары қарай даму мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи мәнге енгізуге талаптанған. Тоғызқұмалақ ойыны зияткерлік ойындардың күрделі түрі ретінде композициялық ерекшеліктерден кенде еместігін зерттеген.
Тоғызқұмалақты өзге халықтардың ұлттық ойындарымен салыстыра отырып қарастырған. Дипломдық жұмысты жазу барысында Ғабиден ғылыми –әдебиеттерге сараптама жүргізгенде ізденімпаздық қасиетін таныта білген. Зерттеу барысында ойының ақыл ойды дамытатын зияткерлік ойын екеніне ,насихатталуына кеңінен тоқталған. Бұл студенттің өзіндік еңбегі.
Жанардың дипломдық жұмысы қажетті ғылыми- әдістемелік деңгейде
орындалған зерттеу жұмысы екендігі күмәнсіз.
Қорыта келе, студент Жұмасағиев Ғабиденнің «Тоғызқұмалақ ойынының
тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы» тақырыбында жазған дипломдық жұмысын қорғауға ұсынамын. Академиялық бакалавр атағын беруге лайықты дипломдық жұмыс жазды деп есептеймін.
Жұмысты «өте жақсы» (90 балл) деп бағалаймын.

Ғылыми жетекші


Ұлттық спорт түрлері
кафедрасының п.ғ.к., профессор: М.Е. Мұхиддинов



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет