Дип. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы, КАСиТ - 2015 - 44
Ойын сағаты туралы 1. Ойын сағаты дегеніміз шектеулі мерзім ішінде жасалған тиесілі жүрістерді бақылауға арналған қос циферблатты сағаттар.
2. Жарыс барысында ойыншыларға төрешілердің рұқсатымен сапалы ойын сағаттарын таңдау артықшылығы беріледі.
3. Әр жарыстың ережесінде сол жарыста қолданылатын шектеулі мерзім өлшемдері белгіленеді.
4. Жарыс барысында әр ойыншыға тиесілі төмендегідей шектеулі уақыт мөлшерлері қолданылады:
а) 2 сағаттан беріледі;
б) 30 жүріске 1 сағат 30 минут және ойынды аяқтауға қосымша 30 минуттан беріледі;
в) 20 жүріске 1 сағат және ойынды аяқтауға қосымша 30 минуттан беріледі;
г) 1 сағат 30 минуттан беріледі;
д) 1 сағаттан беріледі;
е) өзге де мөлшерлер.
5. Төреші сағатты қостаушы ойыншының оң жағына қояды. Кезекті ойын басталғаны туралы хабарлағанда бастаушы ойыншылардың сағаттары іске қосылады.
6. Ойыншы кезекті ойын басталғаннан кейін қанша уақыт кешіксе, сол уақыт ойлануға берілген уақыт есебінен есептелінеді. Кезекті ойын басталғаннан кейін 30 минуттан аса кешігіп келген ойыншыға жеңіліс жарияланады.
7. Ойыншы тақта үстінде кезекті жүрісін жасағаннан кейін өзінің сағатын тоқтатып, қарсыласының сағатын іске қосуы тиіс. Сағатты саусақтың ұшымен ғана іске қосады, оны ұрып іске қосуға тыйым салынады.
8. Ойыншы сағатты жүріс жасаған қолымен іске қосады.
9. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін жасамай, қарсыласының сағатын іске қоса алмайды.
10. Ойын барысында ақауы бар сағаттар алмастыруға жатады.
11. Егер ойын сағатсыз басталып, төреші сағатты кейінірек қоятын болса, онда бақылау сағатында қалған уақытты тең екі бөлікке бөліп қояды. Сағат ойын аяғына қарай қойылса, онда төреші екі ойыншыға да 15 миуттан кем уақыт қоймайды.
12. Сағат жалаушасын құлатып, қазанына 81-ден кем құмалақ жинаған ойыншы ұтылды деп есептелінеді.
13. Бақылау сағатындағы жалауша құлағаннан кейін төреші тоқтата тұрып, ойыншылардың тиесілі жүрістерді жасағандарын тексереді.
14. Ойын соңында екі ойыншының да жалаушалары бір уақытта құлап, кімнің жалаушасы бірінші құлағанын анықтау мүмкін болмаса, онда төреші екі ойыншыға қосымша 5минуттан уақыт бере алады.
15. Ойыншы төрешіге өтініш білдіру үшін сағатты тоқтатуы мүмкін. Төреші ойыншының өтінішін негізсіз деп тапса, онда сағатты тоқтатқан ойыншыға жаза түрі қолданылады.
16. Ойыншы тиісті жүрістерді белгіленген уақыт мөлшеріне жеткізбей жасаса, онда қалған уақыт мөлшері ойыншының келесі жүрістер жасау үшін қажет уақыт қорына қосылады.
17. Ойыншыға ойын уақытының аяқталуына 5 минут қалғанда жазу бланкасын толтырмауға рұқсат беріледі, қатардағы төреші жасаған жүрістерін қадағалайды. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін қарсыласы сағат тілін басқаннан кейін ғана жасайды.
18. Егер ойын барысында сағат төрешінің қателігінен тоқтатылса, онда ойын ары қарай жалғастырылады.
19. Жарыс төрешілері жарыс барысында туындаған кез-келген даулы мәселелерді мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешуге ұмтылғандары абзал.