4. ДӘрістер тезистері


Ғаламшардың заттық құрамы



бет3/19
Дата20.10.2023
өлшемі66.72 Kb.
#481211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
лекция

Ғаламшардың заттық құрамы: Соңғы астрономиялық зерттеулер ғарышта ғаламшар дамуын реттеп отыратын энергия барын дәлелдеген. Ғаламшардың жалпы массасынан тек 7% көрінеді, яғни зерттеуге мүмкіндік бар; 16% – қара материя, яғни бар екені дәлелденіп, бірақ зерттелмеген; қалған 77% - көрінбейтін заттар, яғни «жасырынған масса».
Сәулелену спектрінің сипаты бойынша анықталатын көзге көрінетін зат құрамы негізінен 80-70% сутек және 20-30% гелийден тұрады.
Ғаламшар құрамы: Ғаламшар үлкен масштабта изотропты және біртекті, яғни кеңістіктегі бағытына объектілер қасиеті тәуелсіз болады, ал кіші масштабта біртексіз және құрылымды (дискретті) келеді. Жүздеген мегапарсек глобалды масштабында ғаламшар затын галактикалар мен галактикалар тобынан тұратын біртекті үздіксіз орта деп қарастыруға болады. Біздің – Құс жолы, Галактикамыз шамамен 150 млрд. жұлдыздардан тұрады. Алып жұлдыз, ергежейлі жұлдыз, нейтронды жұлдыз және жұлдыз аралық орталардан тұрады. Ол спираль типтес жүйелерге жатады. Олардың жазытығы мен айналу осі симметриялы орналасады. Галактикадағы жұлдыздардың көбі қосарланған, шашыранды және шар тәріздес жұлдыз шоғырларынан тұрады. Шашыранды жұлдыз шоғырлары галактика дискісі радиусы бойымен біртекті бөлінген. Олар 10 000-деп саналады.
Күн жүйесі 9 планетадан, оның 60 серігінен, 40 мыңнан астам астероидтан 1 млн-ға жуық кометалардан тұрады. Күн жүйесінің планеталары мынадай ретпен орналасқан: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. Соңғы ғылымы пайымдаулар бойынша Плутонды шағын, әрі Күн жүйесінен қашық орналасуына байланысты планета қатарына қоспай жүр.

1

3

3 дәріс
Жер ғаламшары туралы жалпы мәліметтер
Лекцияның жоспары:

  1. Жер планетасы туралы жалпы түсінік.

  2. Жер қозғалыстары және оның салдарлары.

  3. Жер магнетизмі және оның табиғатқа әсері.



Жер. Жер – Күннен үшінші орналасқан және Жер тобындағы ең ірі планета. Жердің гравитациялық, магнитті және жылу аймақтары бар. Гравитациялық аймақ Жердің массасымен анықталады. Гравитациялық потенциалдың ең жоғары өлшемі вертикалды бағытта 100 км тереңдікте байқалады. Магнитті аймақ Жердің ортасындағы ядроның құрамында темір болуымен анықталады. Жылу аймағы ішкі жылу көздерімен анықталады. Жер орталығында температура 5000°С, қысым 3,6*1011 атм., ал зат тығыздығы 12,5*103 г/см3 болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет