4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет32/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

5.3. ТИЕУ-ТҤСІРУ АЛАҢДАРЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Тиеу-түсіру алаңдары (пункттері) жəне оларға дейінгі кіреберіс жолдар қатты жабынды болуы тиіс жəне дұрыс жағдайда сақталуы тиіс.
Кіреберіс жолдардың жырамен, орлармен жəне темір жолдармен қиылысқан орнындарда өтіп жүруге арналған төсеніштер мен көпірлер жасалуы тиіс.
Тиеу-түсіру алаңдардың (пункттердің) көлемі автомобиль мен жұмысшылардың белгіленген санына қажетті жұмыс мөлшерін қамтамасыз етуі тиіс. Тиеу-түсіру алаңдарда бірінің артында бірі тұрған автомобильдердің ара қашықтығы 1 м кем болмауы тиіс, ал жанында тұрғандардың (өлшем бойынша) – 1,5 м кем болмауы тиіс. Егер автомобильдерді ғимарат маңында тиеу-түсіру үшін қойса, автомобильдің ғимарат пен артқы борт арасында 0,5 м кем емес, автомобиль мен қоқыс арасында1 м кем емес интервал сақталуы тиіс.
Тиеу-түсіру алаңдардағы (пункттардағы) жəне кіреберіс жолдардағы автомобиль қозғалысы əдетте пайдаланатын жол белгілері мен сілтегіштермен реттеледі. Қозғалыс ағымды болуы тиіс. Егер өндіріс жағдайына байланысты ағымды қозғалыс ұйымдастыру мүмкін болмаса, автомобильдерді тиеп-түсіруге артымен, бірақ алаң территориясынан шығуы еркін, маневрсіз болатындай етіп берген жөн.
Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін үй-жай мен алаңдардың жарықпен қамтылуы белгіленген нормаларға сай болуы тиіс.
Сусымалы жүктер түсірілетін көпірлік құрылыстарды белгілі маркылы жүк автомобильдерінің толық жүктемесін қабылдауға белгіленген беріктік запасы ескеріп жасалады.
Қойма мен жол бойындағы қоймаларда сақталатын салмақтық даналық жүктерді тиеу-түсіру алаңдарында жүк автомобиль кузовының еден деңгейіне тең биіктіктегі платформалар, көпірлік құрылыстар, қалқалар жасалған. Автомобиль кузовының едені мен платформаның биіктіктері бірдей болмаған жағдайда, басқыш пайдалану қажет.
Төледегі жəне жартылай төледегі жайларда орналасқан жəне бір марштан көп сатылары бар немесе 1,5 м жоғары қоймалар жүкті тура қоймаға түсіру үшін ішіне кіретін қалпақты есік жəне басқышпен, сондай-ақ жүк көтеруге арналған көтергіштермен жабдықталуы тиіс. Бірінші қабаттан жоғары орналасқан жəне бір марштан көп сатылары бар немесе 2 м жоғары биіктіктегі қоймаларды жүкті түсіріп көтеруге арналған көтергіштермен жабдықтайды.
Орталықтандырылған тасымалдау барысында автомобильдерді, тиеутүсіру механизмдерін жəне жұмысшыларды жүктерді тиеу-түсіру орнына жолдамас бұрын, автокөліктік кəсіпорынның əкімшілігі осы жүкті жіберуші жəне қабылдаушының жұмыс жағдайын қауіпсіздік талаптарына сəйкестігін тексеруге міндетті. Егер жұмыс жағдайы тиеу-түсіру жұмыстарының
қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген жағдайда, кемшіліктерді жойғанға дейін тиеу-түсіру орнына автомобильдер мен адамдарды жолдауға тыйым салынған.
Әкімшілік нысандағы автомобильдердің жұмысына жүйелі бақылау жасап, қызмет көрсетілетін ұйым басшыларымен бірлесіп тасымалдау жəне тиеу-түсіру процессін жақсартуға, сондай-ақ осы жұмыстарда жазатайым оқиғаларды болдыратын себептердің көзін жою бойынша шаралар қолдануы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет