4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет28/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

Қорғаудың негізгі пайдалану шаралары электр жабдықтарын сапалы жəне дұрыс қолданудың нормативтік кернеуге сəйкес орындалуын қамтамасыз ету. Оқшаулау сапасы қатаң түрде МЕМСТ-ға жəне техникалық талаптарға сəйкес болу керек. Электр жабдықтарының барлық элементтерінің жəне сымдардың жақсылап оқшаулануы – қауіпсіздік техникасының басты талаптарының бірі.
Жарылыс жəне өрт қауіпті жайларда (аккумулятор қуатттайтын, майды қайта өңдеу, керосинмен жуатын; нитробояумен сырлайтын камераларда; сынақ станциясында, тез тұтанатын сұйықтар қоймаларында) ішкі сымдар жəне электр жабдықтары арнайы ережелерге сəйкес барынша оқшауланылуы тиіс. Мұндай жайларда жарылысқа қауіпсіз жабық түрдегі электр жабдықтары қолданылуы керек. Ағаш өңдейтін цехтарда шаңдарды кетіру үшін жарылысқа қауіпсіз түрде жасалған желдеткіштер орнатылуы керек. Жалпы жарық беру желілерінде 250 В аспайтын кернеу беріледі, техникалық қызмет көрсету, жөндеу аумақтарында жəне басқа да өндірістік жайларда жергілікті жарықтандыру – 36 В жоғары емес, ал бояу цехында жəне жуу бекеттерінде – 12 В.
Қорғаудың техникалық шараларына кіретіндер:
■ ағын беруші бөлшектерге жанасудан;
■ кернеудің тұрыққа жəне жабдықтың басқа ағын бермейтін бөліктеріне өтуінен;
■ тым үлкен ағындардан.
Кернеуде тұрған электрлік қондырғылардың жəне сымдардың оқшауланбаған бөліктеріне кездейсоқ тиіп кетудің алдын алу үшін қажетті қоршаулар қолданылады.
Оқшаулануы зақымданған немесе түйісулері ажырап кеткен кездекернеуде тұрып қалған электр жабдықтарының тұрқына тиіп кеткен адамды электр ағымы зақымдамау үшін жерге қосу қорғанысы (нөлдендіру) немесе қорғаныс сөндіруі қолданылады (4.3-сурет).

4.3-сурет. Адамның жерге қосу (нөлденген) қорғанысы бар электрлік қозғалтқыштың тұрқымен жанасқан кезіндегі желіге қосылу сызбасы. аоқшауланған бейтараптығы бар; б – жерге қосылған бейтараптығы бар; 1 – жерге қосушы сым; 2 – электрлік қозғалтқыш; 3 – алдын ала сақтаушылар.

Тұрық (корпус) арқылы жерге өтуші (желіде бейтараптықпен оқшауланған) салыстырмалы түрдегі үлкен емес ағындарда (оқшаулаудың қарсылығымен шектелуші), адам денесінің қарсылығы (1000 Ом) жерге қосудың қaрсылығынан (4 – 10 Ом)қаншалықты үлкен болса,оның денесі арқылы соншалықты есе аз күш өтеді.
Тұрық арқылы өтуші, оқшаулануы бүлінген (саңылаусыз жерге қосылған бейтараптық жүйелерінде бүлінген фаза мен нөлдік сымның арасында қысқа тұйықталу пайда болғанда) үлкен ағындардағы қауіпсіздікке апаттық жабдықтардағы алдын-ала сақтаушылардың күюінің немесе автоматтың сөнуінің нəтижесінде жетеді.
Қорғаныс сөнуі – қауіпті кернеуде тұрған жабдықтың тұрқына адам жанасқанда, оны қорғаудың ең тиімді əдісі. Қорғаныс сөнуі жерге қосылуға
(нөлденуге) қарағанда тез іске қосылады (0,15 сек ішінде жəне одан да аз уақытта). Бұл уақыттың ішінде тұрықтағы өту кернеуі қауіпті мөлшерлерге дейін жетіп үлгермейді. Жерге қосуға қарағанда қорғаныс сөнуі бірқатар артықшылықтарға ие: ол қорғалатын нысандағы кернеудің белгіленгеннен артық деңгейге өсуіне мүмкіндік бермейді; қорғанысты сөну құрылғысының сызбасына кіретін жерге қосудың қарсылығы (100 – 150 Ом) жерге қосу қорғанысындағыдан (4 – 10 Ом) əлдеқайда жоғары болады, сондықтан мұндай жерге қосу жеңіл орындалады. Электрленген құралдар қолданылатын өндірістік жайларда жерге қосылу түйісулері бар штепселдік жалғастырушылар қондыру қажет.
Жеке қорғану шаралары жұмыскерлерді электр ағынының зақымдарынан қорғайтын қажетті құралдармен қамтамасыз етуді жəне олардың дұрыс пайдаланылуын бақылауды білдіреді.
Электрлік жеке қорғану құралдары адамды кернеуде тұрған жерден жəне ағын беруші бөлшектерден оқшаулау үшін қызмет етеді. Ондай құралдарға жөндеу аспаптар жəне оқшауланған тұтқалары бар құралдар; диэлектрлік қолғаптар, ботилар, галоштар, резеңке кілемшелер, төсеніштер жəне оқшаулаушы үйкектер (төсеніштер).
Электр ағынынан зардап шеккендерге алғашқы көмек жедел түрде жəне зақымдану сипатына сай көрсетіледі. Бəрінен бұрын зардап шегушіні ағынмен түйісуден ажырату керек. Бұл жағдайда құтқарушының өзі зақымданушыдан оқшауланған болуы керек. Электр ағынынан зардап шеккен адамда тыныс алу сал ауруы болатын болса, онда шұғыл түрде алғашқы көмек көрсету жəне дəрігер шақыру қажет. Егер өкпенің жəне жүректің жұмысы бұзылса, онда жасанды тыныс беру жəне жүрекке жабық массаж жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет