КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Еңбекті қорғау талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, өндрістік қызметті іске асыратын əрбір ұйымдарда олардың орындалуын бақылауды іске асыру мақсатында 100-ден артық жұмыскері бар ұйымда еңбекті қорғау қызметі құрылады немесе осы салада тиісті дайындығы жəне жұмыс тəжірибесі бар еңбекті қорғау бойынша маманның қызметі енгізіледі.
100 жəне одан төмен жұмыскері бар ұйымда еңбекті қорғау қызметін құру немесе жұмыс тəжірибесі бар еңбекті қорғау бойынш маманның қызметін енгізу туралы мəселе аталған ұйымның қызмет ерекшелігін ескере отырып жұмыс берушімен қабылданады.
Ұйымда еңбекті қорғау қызметі болмаған жағдайда (еңбекті қорғау бойынша маман) жұмыс беруші еңбекті қорғау саласында қызмет көрсететін маманмен немесе ұйымдармен шарт жасайды.
Ұйымдарда еңбекті қорғау қызметтерінің құрылымы жəне еңбекті қорғау қызметінің жұмыскерлерінің саны еңбекті қорғау мəселелерін білетін атқарушы биліктің федералдық органдарының ұсыныстарын ескере отырып, жұмыс берушімен анықталады.
100-ден артық жұмыскері бар ұйымдарда жұмыс берушімен еңбекті қорғау бойынша комитеттер (комиссиялар) құрылады. Олардың құрамына жұмыс берушінің, кəсіби одақтардың немесе өкілетті органның жұмысшыларымен уəкілетті өкілдері кіреді.
Еңбекті қорғау бойынша комитет (комиссия) ұжымдық шарттың (келісімнің) еңбекті қорғау туралы бөлімін, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету бойынша өндірістік жарақаттанушылық пен кəсіби аурушаңдықтың алдын-ала сақтандырудың бірлескен əрекетін əзірлеуді, сонымен бірге жұмыс орындарында еңбекті қорғауды жəне жағдайларды тексеруді өткізу, жұмыскерлерді өткізілген тексерулердің нəтижелері туралы ақпараттандыруды ұйымдастырады.
Кəсіпорындағы еңбекті қорғауды басқару органы (басқару субъектісі), тұтас алғанда, əкімшілік директор (жұмыс беруші), бас инженер немесе оның орынбасары жəне еңбекті қорғау бөлімінің басшысы немесе еңбекті қорғау бойынша инженер болып табылады.
Басқару органы кəсіпорындағы еңбекті қорғаудың жағдайы туралы ақпаратты талдайды жəне талдау үдерісі барысында анықталған ауытқуларды жоюға бағытталған басқару шешімдерін қабылдайды. Еңбекті қорғау бойынша барлық қызметтердің жұмыстарының тиімділігі, бірінші кезекте, олардың кəсіпорында əзірленген Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы ережелерде баяндалған функцияларды, құқықтары мен міндеттерін нақты регламенттеуге байланысты болады.
Кəсіпорындағы еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жəне үйлестіру меншік түріне қарамастан кəсіпорын басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі.
Автомобиль көліктері кəсіпорындарында еңбекті қорғау бойынша барлық қажетті жұмыстарды дер кезінде орындау үшін Еңбекті қорғау бойынша міндетті жұмыстардың тізімін пайдалану қажет (бұдан əрі - Тізім).
Кəсіпорын басшысы, бүкіл Тізімді жəне олардың орындалуына жауапты ұсынылатын тұлғаларды біле отырып, өзінің қарауына қарай бұл жұмыстарды өзінің кəсіпорындарының мамандары арасында қайта реттей алады.
Өзінің жөндеу базасы жоқ автомобиль көліктері кəсіпорындарында орындалған жұмыстардың тізімі қадағалаудың жергілікті органдарымен жəне кəсіподақтың келісімі бойынша түзетіле алады.
Аталған Тізім еңбекті қорғау бойынша шаралары жоспарлау, мамандар арасындағы міндеттерді бөлу жəне басқа жағдайларда еңбекті қорғау бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау барысында қолданылуы мүмкін.
Еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шараларды əзірлеу, олардың орындалуына бақылау жүргізу жəне жұмыс орындарында еңбекті қорғау бойынша талаптардың орындалуының сақталуы үшін кəсіпорындарда еңбекті қорғау қызметі ұйымдастырылады. Басшы еңбекті қорғау бойынша инженердің міндеттерін қосымша атқаратын басқа маманға (жұмысшының келісімімен) жүктей алады немесе келісімшарттық негізде еңбекті қорғау бойынша маманды шақыра алады.
Кəсіпорындағы еңбекті қорғау қызметі тікелей кəсіпорын басшысына бағынады. Кəсіпорындағы еңбекті қорғау қызметінің бүкіл жұмысы 08.02.2000 жылғы №14 Еңбек жəне əлеуметтік даму министрлігінің Қаулысымен бекітілген ұйымдарда еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарға сəйкес құрылуы тиіс.
Бас инженердің басшылығымен еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік техникасы бойынша тікелей жұмысты еңбектің салауатты жəне қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, жарақаттанушылықпен күрес бойынша шаралардың жүргізілуін бақылайтын, жұмысшылардың кіріспе нұсқамалығын жүргізетін, жазатайым оқиғаларды зерттеуге қатысатын, олардың тіркелуін жəне есепке алынуын жүргізетін еңбекті қорғау бойынша маман (еңбекті қорғау бойынша инженер) жүргізеді.
Кəсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өздерінің учаскелерінде еңбекті қорғау бойынша заңдардың, ұйғарымдар мен ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін жəне еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік техникасы бойынша шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады. «Ресей Федерациясындағы еңбекті қорғау негіздері туралы» федералдық заңына сəйкес əзірленген 12.05.2003 жылғы № 28 Еңбек жəне əлеуметтік даму министрлігінің Қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау бойынша салаларалық ережелерде басшының (жұмыс берушінің) жəне еңбекті қорғау саласындағы басқа да лауазымды тұлғалардың негізгі функционалдық құқықтары мен міндеттері берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |