6-бӛлім
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
6.1. ЖАНУ ЖӘНЕ ӚРТ ШЫҒУДЫҢ
НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ
Жану – жылудың жəне жарықтың үлкен көлемде қарқынды бөлініп, жылдам тотығуы арқылы жүретін химиялық реакция. Оттың жануы үшін жанғыш заттар, тотығу (əдетте ол ауадағы оттегі), тұтану көзінің болуы қажет. Оттегіден басқа тотықтырғыштар қатарына хлор, фтор, бром, йод жəне т.б. кіреді. Ауадағы оттегінің мөлшері 14-тен 18 % құраған жағдайда, оттың жануы азайып, керісінше түтей бастайды, ал егер ауадағы оттегі 8...12 % құраған жағдайда ол тоқтайды.
Жылудың əсер ету салдарынан қатты жəне сұйық жанғыш заттар газ тəріздес өнімдерге ыдырайды, сондай-ақ, ауадағы оттегімен немесе басқа да тотықтырғыштармен өзара əрекеттеседі. Жанудың түрлері: тұтану, алау, жарылыс, өздігінен тұтану, өздігінен жану.
Өрттің орын алуының негізгі себептері:
Ашық отты пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы;
Жанып жатқан отты пайдалану;
Өндіріс аймағында темекі шегу;
Электр желілеріндегі қысқа тұйықталу;
Шамадан тыс электр қуатын пайдалану жəне электр жабдықтарынан пайда болған ақау;
Пештердегі жəне мұржалардағы ақау;
Өндірістік құрылғылардағы ұшқын;
Жарылыстар, шаңдар, булар жəне газдар; 9. Статикалық электр қуатын ажырату;
10. Заттардың өздігінен жануы.
Өзара үйкеліс күшінің əсерінен статикалық аталатын электр заряды жиналады жəне кейбір диэлектриктер пайда болады.
Транспортты автокөлік өндірісіндегі жағдайда мұндай зарядтар белдеуінің үйкеліс күшінен пайда болуы мүмкін, сондай-ақ ременді шкивті құрылғы, резиналы шинаның асфальт үстінде сырғанауы, құм түйіршектерінің соқтығысуы, тастың, автокөлік темірінің үстіндегі шаңы, автокөліктің құрылғыларының бөлшектерін жəне автокөлікті пульверизациялық сырлауы жəне т.с.с. Объектіні статистикалық электр қуатынан қорғау мақсатында жерге қосу қарастырылған, яғни электростатистикалық зарядтардың жиналуы əбден мүмкін. Мұнай шикізат өнімдерін тасымалдайтын автоцистерналар арнайы шынжыр темірлерімен жерге қосылады, олар қосымша автоцистерларға дəнекерленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |