6.4. ӚРТ СӚНДІРУГЕ АРНАЛҒАН
ЗАТТАР
Өрт сөндіруге қарсы сұйықтықтарды, буды, механикалық (ауа) жəне химиялық көбік жəне қатты заттарды.пайдаланады.
Өртті тоқтату үшін бірнеше тəсілдерді қолданады:
Ауадан жану көзін оқшаулау;
Белгілі бір температурадан төмен жану көзін салқындату;
Химиялық реакция жылдамдығымен қарқынды тежеу;
Су немесе газдың отты жалынын механикалық тоқтату; 5. Өртке тосқауыл қоюға жағдай жасау.
Өрт сөндіру үшін кең таралған құрал – су; оның өртті сөндіру қасиеті салқындату əрекетінде, өртенген ауадағы оттегіге қол жеткізуді тоқтатудың арқасында пайда болған будың жəне механикалық бұзылған жалынның ағыны. Судың салқындату əрекетіне байланысты жылу сыйымдылығы жоғары жəне жылы булану айтарлықтай жоғары. Өртті сумен өшіру барысында отқа оттегінің жетіспеуі, яғни будың көлемі 1700 есе буланған судың көлемінен артық болады.
Судың салмағына байланысты нақты салмағы аз өртенген сұйықтықтарды сөндіру үшін суды қолдану мүмкін болмайды (сұйықтық ағады жəне жануын тоқтатпайды). Электр өткізгіштіктің салдарынан, қуат көзіне қосылып тұрған қондырғыларды сөндіру кезінде суды қолдануға тыйым салынады.
Көміртек диоксидінің (көмірқышқыл газы) ауамен араласқан оттегі консентрациясы жану аймағында 12.....13% дейін төмендейді, сол кезде жану əсері мүмкін болмайды. Көміртек диоксиді қысымның жоғарылауынан сұйытылады. Сұйытылған жағдайда өрт сөндіру құралдарында пайдаланады. Өрт сөндіру құралынан шыққаннан кейін көміртек углероды тез арада буланады жəне салқындайды, -720С температурадан төмен қатты көмірқышқыл қарына айналады. Көмірқышқыл қары жанып жатқан аймақтың үстінгі қабатындағы ауа оттегісін оқшаулайды; жылудың əсерінен үстінгі қабаты тез арада салқындап, қардың булануына шығынданады; соның салдарынан өрт сөнеді. Көміртек диоксиді материалдардың бұзылуына жол бермейді, зиянды заттарды қалыптастырмайды, сол үшін де оны құнды заттардың, қондырғылардың, автокөлік қозғалтқыштары мен азық-түлік заттарының отын сөндіру үшін пайдаланады. Көміртек диоксидімен аппараттардың отын өшіруге болады, өйткені ол газ болғандықтан электр тогын өткізбейді.
Кішігірім өрт көздерін сөндіру үшін кернеуде тұрған сілтілі металдар, тез жанатын сұйықтықтар мен электр қондырғыларына ұнтақ тəріздес қатты өрт сөндіру заттары қолданылады. Олардың негізгі кейбір құрамын натрий гидрокарбонаты, квасц, поташ жəне т.б. тұздар құрайды. Жанып жатқан қатты үстінгі қатты бетке түскен ұнтақтар қабат жасап, алаудың əрі қарай өршуіне тосқауыл болады, сондықтан да кейбір тұздардың ыдырауы əсерінен жанбайтын газдарды бөліп шығарады.
Өртпен күресу үшін өрт сөндіретін көбіктер кеңінен қолданылады, сумен əрекеттеспейтін сұйық жəне қатты заттардың отын өшіруге де пайдаланылады. Көбік жанып жатқан аймақтың жоғарғы бетін қаптайды,оны оттан оқшаулайды, салқындатады жəне жану əсерін тоқтатады. механикалық араласу процесінен немесе химиялық реакциялардың нəтижесінде көбік шығаратын заттар пайда болуы мүмкін. Кӛбік - жұқа су өткізбейтін қатты қабаттағы (немесе тұз ерітіндісінен) ауаның немесе көміртегі диоксидін көпіршігін білдіреді. Көбік жасап шығарушы пленкаға иілгіштік жəне қажетті тұтқырлық береді, сонымен қатар лакрица, мия тамырының сығындысы жəне арнайы композициялар: ПО-1 (сульфонафтен тұз қышқылы, этил спирті, темір желімі), ПО-2 жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |