26
2. Бұл көлік түрлерін тақтада кез-келген кезекпен тізіңіз.
3. Сосын балалардан үш бағанадан тұратын кесте сызып,
категориялар астына көлік түрлерін
жұппен жазуларын
сұраңыз. Мысалы: су, ауа және құрлық көліктері.
4. 9-кестені қараңыз
5. Жұптардан жауаптарын оқуларын сұраңыз.
9
-кесте Көлікті жіктеу
Су
Ауа
Құрлық
Қайық
Желкенді қайық
Паром
Кеме
Велосипед
Тікұшақ
Ұшақ
Ғарыш кемесі
Әуе шары
Машина
Пойыз
Автобус
Мотоцикл
Жүк
көлігі
2.4 Көлік: артығын алып тастау
Тілдік деңгейі
*
Тілдік мақсат
Сөздік қор: көлік, бірақ
Дағды
Тыңдау, жазу
Ойлау әрекеті
Ажырату
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдау
Қарым
-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай жұптық жұмыс
Жүргізілу барысы:
1. 10-кестеден көлік атауларын оқыңыз. Бұл қарапайым диктант түрі.
2. Балалар сөздерді жазады.
3. Жұптарда, балалар артық бір сөзді табуға тырысады. Олар таптық деп ойлағанда,
олар артығын көрсету үшін
ал сөзін қолданып, таңдауларының себебін түсіндіруі
керек.
4. Ескерту: Бұл жаттығуда дұрыс жауап біреуден көп болуы мүмкін, мысалы: бірінші
мысалда,
велосипед онда тек бір адам ғана отыра алатындықтан, ал басқаларында
біреуден көп адам отыра алатындықтан таңдалуы мүмкін. Немесе
машина, тікұшақ
және ұшақ
ішінде, ал велосипед
үстінде жүргізілетіндіктен таңдалуы мүмкін.
Негізделген себеп берілген жағдайда жауап дұрыс деп саналады.
10
-кесте. Көлік тақырыбындағы сөздер
Төрт сөз тізімі
Артығы
Себебі
Машина, велосипед, тікұшақ,
ұшақ
ұшақ
Машина, тікұшақ және велосипедте аз ғана
адам саяхат жасай алады,
бірақ ұшақта көп
адам саяхаттай алады.
Қайық, мотоцикл, пойыз, машина қайық
Қайық суда жүзеді, бірақ қалғандары
құрлықта жүреді
Қайық, ұшақ, жүк көлігі,
автобус
Жүк көлігі
Қайық, ұшақ және автобус жолаушыларды
тасиды, бірақ жүк көлігі тауарлар тасиды.
Велосипед, мотоцикл, автобус,
пойыз
пойыз
Велосипед, мотоцикл
және автобус жермен
жүреді, бірақ пойыз рельстермен жүреді.
Қосымша
• Бұл жаттығуды кеңейту үшін, балалардан сыныптастары үшін өздерінің көлік сөздері
тапсырмасын жасау үшін сөздіктерді қолдануларын сұраңыз.