4 тілдік дағдыда indd


Жануарларды сипаттап көр!



бет20/49
Дата16.04.2024
өлшемі2.29 Mb.
#498803
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
әдебиеттік оқу сабақтарында тыңдалым дағдысын қалыптастыру жолдары

1.2 Жануарларды сипаттап көр!

Тілдік деңгейі

*

Тілдік мақсат

Сөздік қор: сын есімдер

Дағды

Тыңдалым және жазылым

Ойлау әрекеті

Іріктеу және анықтау

Оқыту әдісі

Сауаттылыққа жетелеу – қателерді түзету

Қарым-қатынас түрі

Жұптық жұмыс

Дайындық

Тақтаға алдын ала кесте сызылады, тақырыпшалар жазылады. 2-кестені қараңыз

Жүргізілу барысы:

  1. 3-кестеден оқушылар білетін бір жануардың атын атаңыз. Мысалы: қолтырауын.

  2. Мұғалім дауыстап айтады, оқушы «қолтырауын» сөзінің дұрыс жазылуына мән бере отырып, тақтаға жазады. Сыныппен сөздің жазылуын тексереді.

  3. Оқушылар жұпта аталған жануардың қасиеттерін еске түсіреді. Мысалы: ұзын, жұмсақ, қоңыр. Оқушылар аталған жануарды дұрыс сипаттау үшін сыныптағы сөздіктерді, кітаптарды, қабырғадағы сөздерді қолдана алады. Сын есім түрлері кестеде берілген.

  4. Біртіндеп оқушылар мұғалім ұсынған жануарларды сипаттайтын сын есімдерді жазады.

  5. Барлық жұп тапсырманы орындап болған соң, тапқан сын есімдерін мұғаліммен бірге талқылап, ортақ шешімге келеді. Кестені толтырады.

2-кесте. Жануарлардың сипаттамасы

Жануар

Өлшемі

Түсі

Ерекшелігі

Түйе
Жылқы
Піл
Балық

Үлкен
Үлкен
Кішкентай/үлкен

Қоңыр
Қара, ала.
Сұр
Күміс түстес, сұр, қызыл, көк, алтын, қызғылт-сары

Шөлге төзімді
Тез шабатын Ыстық елдерде тіршілік ететін Суда тіршілік ететін

Қосымша
Аталған кестені қолдана отырып, оқушыларға жануарлар туралы қысқаша сипаттама жаздыруға болады. 1.3 Жануарлар әрекеті

Тілдік деңгейі

*

Тілдік мақсат

Әрекет етістіктері (жануарлардың әрекеттері)

Дағды

Айтылым

Ойлау әрекеті

Еске түсіру

Оқыту әдісі

Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдауды үйрету

Қарым-қатынас түрі

Сыныппен жұмыс

Жүргізілу барысы:

    1. Бір оқушыны таңдап, одан ұнататын жануарды атауын сұраңыз. Мысалы: балық.

    2. Оқушыдан «Ол жануар не істей алады?» деп сұраңыз. Мысалы: жүзе алады.

    3. Тақтаға «Мен балықпын және мен жүзе аламын» деп жазыңыз.

    4. Оқушыдан бұл сөйлемді дауыстап оқуын сұраңыз. Сөйлемді оқыған оқушы өзге бір оқушыны таңдайды. Ол сөйлемді оқиды да өзі ұнататын жануар атынан сөйлейді. 5. «Ол – балық және ол жүзе алады. Мен қоянмын және мен тез жүгіре аламын» дейді. Бұл бала да басқа оқушыны таңдайды, ал ұсыныс түскен бала осы әрекетті қайталайды.

    1. Үшінші бала жануарды таңдап, мысалы: «Ол – балық және ол жүзе алады. Ол – қоян және ол тез жүгіре алады. Мен құспын және мен ұша аламын» дейді.

    2. Ойын жалғаса береді. Мұғалім ойынды өз мақсатына я уақытқа сай аяқтайды. Оқушылар алдыңғы оқушылар айтқан жануарларды, ерекшеліктерін есте сақтап отыру қажет. Сонымен қатар мұғалім жануарлар әрекетіне сай етістіктерді бекіте алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет