4 тілдік дағдыда indd



бет26/49
Дата16.04.2024
өлшемі2.29 Mb.
#498803
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
әдебиеттік оқу сабақтарында тыңдалым дағдысын қалыптастыру жолдары

Қарым-қатынас түрі

Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы Топтық талдау

Дайындық

Тақтаға үлкен кесте салыңыз. 14-кестені қараңыз

Жүргізілу барысы:

    1. Тақтаға тақырыпты жазыңыз: «Ғарыштағы демалыс».

    2. Оқушыларды тақтадағы кестемен таныстырыңыз.

    3. Балаларға ғарышта демалудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы талқылауларын сұраңыз. Оларға кестенің әр бөлігіне жазуға болатын идея мысалдарын беріңіз.

    4. Сыныпты бірнеше топқа бөліңіз және әр топ кезекпен артықшылықтар мен кемшіліктерге бір-бірден идея қосады. Топ мүшелері алдымен идеяларын талқылап, сосын кестеге қосатын бір идеяны шешеді. Балаларды алар едік / алмас едік, болар еді, мүмкін сияқты тіркестерді қолдануға ынталандырыңыз. Олар кесте толтыруды идеялары біткенге дейін жалғастырады.

    5. Ең соңғы идеяны қосқан топ жеңімпаз болып саналады.

14-кесте. Ғарыш саяхаты: артықшылықтар мен кемшіліктер кестесі

Тақырып: Ғарыштағы демалыс




Артықшылықтар




Кемшіліктер

Артықшылықтар мысалы:
Мұғалім: Ғарышта демалудың жақсы жақтары қандай? Несімен пайдалы болуы мүмкін?
Оқушылар: Бұл біз үшін жаңа тәжірибе болар еді. Біз ешқашан көрмеген нәрселерді көре алар едік. Мысалы, Сатурнның сақиналары, Марстың жанартауы. Біз жерді ғарыштан көре алар едік. Өзге де тіршілік формаларын кездестіре алар едік.
Біз күн жүйесі қалай жасалғанын көре алар едік.
Кемшіліктер мысалы:
Мұғалім: Ғарышта қандай қиындықтар болуы мүмкін? Ғарышта демалуға не кедергі болар еді?
Оқушылар: Ғарышта демалу тым қымбат болар еді. Біз ұзақ уақыт бойы алыста болар едік. Біз өзіміздің үйреншікті тағамдарымызды жей алмас едік. Ғарышта ашулы келімсектер болуы мүмкін. Ғарыш кемесі сынып қалуы мүмкін. Қосымша
• Сіз оқушыларға кестені ғарышта демалудың артықшылығы мен кемшілігін көрсететін абзацтар жазу үшін жоспар ретінде қолдандыра аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет