8-кесте. Демалыс жаттығулары
Сен не аласың?
|
Сен не істей аласың?
|
Түрлі түсті қаламдар
Кітаптар
Велосипед
Радио
Баскетбол
Қармақ
Гитара
Камера
|
Суреттер салу
Әңгімелер оқу
Велосипед тебу
Музыка тыңдау
Баскетбол ойнау
Балық аулау
Әндер ойнау/айту
Суретке түсіру
|
2.3 Көлік түрлері
Тілдік деңгейі
|
*
|
Тілдік мақсат
|
Көлік тақырыбындағы сөздер
|
Дағды
|
Айтылым және жазылым
|
Ойлау әрекеті
|
Жіктеу
|
Оқыту әдісі
|
Тиянақтылыққа үйрету – қателерді түзету
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай командалық және жұптық жұмыс
|
Жүргізілу барысы:
Балаларды екі топқа бөліңіз. Әр команда кезекпен көлік түрлерін ұсынады. Ойын барлық мүмкін нұсқалар айтылғанға дейін жалғасады. Сіз оқушылар көлік түрін сипаттап, сөздік қоры жетпегенде сөзді айта аласыз, мысалы: желкенді кеме, пойыз.
Бұл көлік түрлерін тақтада кез-келген кезекпен тізіңіз.
Сосын балалардан үш бағанадан тұратын кесте сызып, категориялар астына көлік түрлерін жұппен жазуларын сұраңыз. Мысалы: су, ауа және құрлық көліктері.
9-кестені қараңыз
Жұптардан жауаптарын оқуларын сұраңыз.
9-кесте Көлікті жіктеу
-
Су
|
Ауа
|
Құрлық
|
Қайық
Желкенді қайық
Паром
Кеме
Велосипед
|
Тікұшақ
Ұшақ
Ғарыш кемесі
Әуе шары
|
Машина
Пойыз
Автобус
Мотоцикл
Жүк көлігі
|
2.4 Көлік: артығын алып тастау
-
Тілдік деңгейі
|
*
|
Тілдік мақсат
|
Сөздік қор: көлік, бірақ
|
Дағды
|
Тыңдау, жазу
|
Ойлау әрекеті
|
Ажырату
|
Оқыту әдісі
|
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдау
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай жұптық жұмыс
|
Жүргізілу барысы:
10-кестеден көлік атауларын оқыңыз. Бұл қарапайым диктант түрі.
Балалар сөздерді жазады.
Жұптарда, балалар артық бір сөзді табуға тырысады. Олар таптық деп ойлағанда, олар артығын көрсету үшін ал сөзін қолданып, таңдауларының себебін түсіндіруі керек.
Ескерту: Бұл жаттығуда дұрыс жауап біреуден көп болуы мүмкін, мысалы: бірінші мысалда, велосипед онда тек бір адам ғана отыра алатындықтан, ал басқаларында біреуден көп адам отыра алатындықтан таңдалуы мүмкін. Немесе машина, тікұшақ және ұшақ ішінде, ал велосипед үстінде жүргізілетіндіктен таңдалуы мүмкін. Негізделген себеп берілген жағдайда жауап дұрыс деп саналады.
10-кесте. Көлік тақырыбындағы сөздер
-
Төрт сөз тізімі
|
Артығы
|
Себебі
|
Машина, велосипед, тікұшақ, ұшақ
|
ұшақ
|
Машина, тікұшақ және велосипедте аз ғана адам саяхат жасай алады, бірақ ұшақта көп адам саяхаттай алады.
|
Қайық, мотоцикл, пойыз, машина
|
қайық
|
Қайық суда жүзеді, бірақ қалғандары құрлықта жүреді
|
Қайық, ұшақ, жүк көлігі, автобус
|
Жүк көлігі
|
Қайық, ұшақ және автобус жолаушыларды тасиды, бірақ жүк көлігі тауарлар тасиды.
|
Велосипед, мотоцикл, автобус, пойыз
|
пойыз
|
Велосипед, мотоцикл және автобус жермен жүреді, бірақ пойыз рельстермен жүреді.
| Қосымша
• Бұл жаттығуды кеңейту үшін, балалардан сыныптастары үшін өздерінің көлік сөздері тапсырмасын жасау үшін сөздіктерді қолдануларын сұраңыз.
3. Ауа райы
3.1 Ауа райы туралы
Тілдік деңгейі
|
**
|
Тілдік мақсат
|
Ақпараттық баяндама, анықтама, ауыспалы осы шақ.
|
Дағды
|
Жазылым
|
Ойлау әрекеті
|
Құрастыру
|
Оқыту әдісі
|
Шығармашылықты ынталандыру – қателерді қабылдау
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай топтық жұмыс
|
Дайындық
|
Сізге жеті үлкен қағаз парағы керек болады. Әр үлкен қағаз парағы басына бір сұрақ жазыңыз. 11-кестені қараңыз
|
Жүргізілу барысы:
Сыныпты жеті топқа бөліп, әр топқа ауа райы элементі туралы сұрағы бар қағаз парағын беріңіз, мысалы: Кемпірқосақ деген не? Басқа сұрақтар мен жауаптар үлгісі үшін 11-кестені қараңыз.
Топтың жауапты ойлануы мен қағазға жазуы үшін бір минуты бар.
Қағаздар сосын басқа топтарға беріледі.
Балалар өз құрбыларының сұрақтары мен жауаптарын оқиды. Олар жауапқа қоса алатындары туралы ойланады. Кейбір оқытушылар оқушылардың ғылыми білімді қолданғандарын қалайды, ал басқалары сыни ойлауға ынталандырады, мысалы: Аспандағы алыптар жиһаздарын жылжытқанда күн күркірейді.
Қағазды әр топ үлес қосқанға дейін немесе олардың уақыты немесе идеяларды біткенге дейін алмастыруды жалғастырыңыз.
11-кесте. Ауа райы сұрақтары
Кемпірқосақ деген не?
Жаңбыр деген не?
Қар деген не?
Бұлт деген не?
Күн күркіреу деген не?
Найзағай деген не?
Жел деген не?
|
Мысалы: Кемпірқосақ деген не?
Кемпірқосақ – аспандағы арка/доға/жартылай шеңбер.
Оның жеті түсі бар.
Түстері: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.
Кемпірқосақ жаңбырдан соң шығады.
Кемпірқосақ су тамшыларынан жасалады.
Жарық кемпірқосақ арқылы жанады.
Кейбір адамдар кемпірқосақ сәттілікті білдіреді дейді.
| Қосымша
• Балалар өздерінің түпнұсқа қағаз парақтарын көрсетіп, жұмыстарын сынып қабырғасына іледі.
3.2 Сен мектепке қалай барасың?
Тілдік деңгейі
|
**
|
Тілдік мақсат
|
бірақ, себебі
|
Дағды
|
Тыңдалым және айтылым
|
Ойлау әрекеті
|
Қарама-қайшылық мәні пен себеп мәнінің арасын ажырату
|
Оқыту әдісі
|
Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы
|
Жүргізілу барысы:
12-кестедегі сөйлем бөлігін оқыңыз.
Бір баланы сөйлемді бірақ сөзімен толықтыру үшін таңдаңыз.
Сосын басқа баланы дәл сол сөйлемді себебі сөзімен толықтыру үшін таңдаңыз.
Оқушылар мектепке қалай келетінін сипаттауы керек немесе олар қызықты қиялға құрылған әңгіме құрастыра алады.
Ескерту: Оқушылар себебін көрсеткен кезде ауа райы, табиғат құбылыстарымен байланыстырғаны дұрыс.
12-кесте. Мектепке бару
-
Сөйлем бөлігі 1-үлгісі
|
Сөйлем бөлігі 2-үлгісі
|
Қызықты идеялар
|
Мен әрдайым мектепке автобуспен барамын, бірақ... себебі...
Мен мектепке ешқашан пойызбен бармаймын, бірақ... себебі...
Кейде мен мектепке велосипедпен барамын, бірақ... себебі...
|
Әдетте мен мектепке машинамен келемін, бірақ... себебі...
Мен мектепке жиі жаяу келемін, бірақ... себебі...
Кейде мен мектепке мотоциклмен келемін, бірақ... себебі...
|
Кейде мен мектепке жүгіремін, бірақ... себебі...
Әдетте мен мектепке қайықпен жүзіп барамын, бірақ... себебі... Кейде мен мектепке ұшамын, бірақ... себебі...
Кейде мен мектепке конькимен келемін, бірақ... себебі...
Мен мектепке жиі тікұшақпен / ұшақпен / ғарыш кемесімен келемін, бірақ... себебі...
|
3.3 Кешігудің себебі
-
Тілдік деңгейі
|
**
|
Тілдік мақсат
|
Хат, жедел өткен шақ
|
Дағды
|
Жазылым
|
Ойлау әрекеті
|
Түсіндіру
|
Оқыту әдісі
|
Шығармашылықты ынталандыру – қателерді қабылдау
|
Қарым-қатынас түрі
|
Үлкен сыныптарға сай жеке жұмыс
|
Дайындық
|
Оқушыларға мекенжайы, мерзімі, амандасу мен қоштасу сөздері көрсетілген хаттың жалпы үлгісін бере аласыз.
|
Жүргізілу барысы:
Бұл жаттығуды түрлі жолдармен жасауға болады. Оқушылар сабаққа кешіккендегі жағдайды шынайы көрсете алады. Немесе балаларды кешігудің түрлі себептерін көрсетуге шақыра аласыз. Бұл жаттығуды орындаудың тағы бір жолы – себеп түрлеріне шектеулер қою. Мысалы, себептер тек ауа райына байланысты болуы керек.
Оқушылар топта сабаққа кешігу себептерін талқылайды және тақтаға тізіп жазады.
Сосын оқушылардан сабаққа неге кешіккендіктері туралы қысқаша «түсініктеме» жазуларын сұраңыз. Бұл 3-4 сөйлем көлемінде шектелуі тиіс.
Оқушылар арасынан жақсы шыққан түсініктемені оқытыңыз.
Ауа райына байланысты себептер мысалы: Жел менің қалпағымды ұшырып әкетті.
Қар есік алдын басып қалды.
Жаңбыр менің үй жұмысымды сулап тастады.
Жел сөмкемді ұшырып әкетті.
Найзағай ойнап қорқып кеттім.
4. Ғылыми фантастика
4.1 Қиял-ғажайып әңгіме
Тілдік деңгейі
|
***
|
Тілдік мақсат
|
Әңгіме құрастыру
|
Дағды
|
Айтылым
|
Ойлау әрекеті
|
Қиялдау және құрастыру
|
Оқыту әдісі
|
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдау
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |