Ол көлдің ортасымен жүзіп барады.
Ол сарқырама жанында серуендеп жүр.
5.2 Жаңа жылды тойлау
-
Тілдік деңгейі
|
*
|
Тілдік мақсат
|
Сөздік қор: өлшем, түс, сын есім, зат есім, мемлекет атаулары
|
Дағды
|
Детальді тыңдалым
|
Ойлау әрекеті
|
Сұрыптау
|
Оқыту әдісі
|
Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету
|
Қарым-қатынас түрі
|
Жұптық жұмыс
|
Дайындық
|
Оқушыларға 21-кесте көшірмесін таратыңыз. Оқушылар ұсынылған тақырыпшаға байланысты кестені толтырады.
|
Жүргізілу барысы:
Сыныпқа әлем халықтары жаңа жылды әртүрлі тойлайтындарын айтыңыз. Оқушылардан жаңа жылды қалай қарсы алатынын сұраңыз.
Әр топта төрт оқушыдан болатындай етіп сыныпты топтарға бөліңіз. Топтың әр мүшесіне кестеде көрсетілген бір-бір тақырыпшаны беріңіз: өлшем, түс, басқа сын есім және зат есім. 21-кестені қараңыз.
Оқушыларға ұсынылған тақырыпшаға байланысты әртүрлі түйін сөздерді тыңдайтындарын ескертіңіз.
Топтың әр мүшесіне түйін сөздерін кестеге толтыруға уақыт бере отырып, 22-кестедегі сөйлемдерді оқыңыз.
Ескерту: Бұл жаттығуда қабілеті төменірек оқушылар өлшем немесе түс сияқты сөздерді, ал қабілеті жоғарылар басқа сын есім немесе зат есімдерді жазуды бөліп беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |