4 тілдік дағдыда indd


-кесте. Динозавр сипаттамасы



бет30/49
Дата16.04.2024
өлшемі2.29 Mb.
#498803
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
әдебиеттік оқу сабақтарында тыңдалым дағдысын қалыптастыру жолдары

18-кесте. Динозавр сипаттамасы
Жұмыртқа пішіндес үлкен әрі жасыл түсті денені салыңдар.
Қысқа әрі жуан жасыл түсті мойын салыңдар.
Жұмыртқа пішіндес жасыл деген бас салыңдар.
Бір ғана көзін салыңдар.
Өткір тістері бар үлкен қызыл ауыз салыңдар.
Қолтырауындыкіндей үлкен жасыл құйрық салыңдар.
Пілдің аяғындай екі жуан жасыл аяқ салыңдар.
Екі кішкене жасыл қол салыңдар.

Қосымша


• Бұл тапсырманы оқушыларға жұпта орындатуға болады. Оқушылардың бірі жануар сипаттамасын дайындайды. Екіншісі нұсқаулық бойынша суретін салады, кейін тексереді.
5. Қоршаған орта
5.1 Әлемдегі өзендер

Тілдік деңгейі

*

Тілдік мақсат

Өзен аттары, әліпби әріптері

Дағды

Детальді тыңдалым

Ойлау әрекеті

Әріптерді тану және жазу

Оқыту әдісі

Тиянақтылықты ынталандыру – қателерді түзету

Қарым-қатынас түрі

Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы

Жүргізілу барысы:

    1. Сыныпқа кейбір танымал өзен аттарын әріптеп оқып шығасыз. Оқушылар өзен аттарын әріптеп жазады. Өзен аттарының бас әріптермен жазылатынын ескертіңіз.

    2. Оқушылар жұпта бір-бірінің жазбаларын тексеріп шығады.

    3. Оқушылар картаны қолдана отырып, аталған өзендердің қай елде, континентте екенін анықтайды. Кестенің екінші бөлігін толықтырады. 19-кесте көшірмесін тақтаға жазып қоюға болады.

    4. Алдыңғы тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушылар өзен аттарын әліпби ретімен орналастыруы қажет. Сонымен қатар, осы өзендерге қысқаша анықтама жаздыртуға болады.

19-кесте. Әлемдегі өзендер

А-М-А-З-О-Н-К-А
Н-І-Л
Д-У-Н-А-Й
Г-А-Н-Г
М-И-С-С-И-С-И-П-И
С-Е-Н-А
Я-Н-Ц-З-Ы

Оңтүстік Америка
Африка
Германия/Европа
Үндістан/Азия
АҚШ
Франция/Европа
Қытай/Азия

5.1 Табиғатта серуендеу

Тілдік деңгейі

*

Тілдік мақсат

Көмекші есімдер, нақ осы шақ

Дағды

Оқу және тыңдау

Ойлау әрекеті

Иллюстрациялау және түсіндіру

Оқыту әдісі

Тиянақтылыққа ынталандыру – қателерді түзету

Қарым-қатынас түрі

Үлкен сыныптарға сай барлық сынып жұмысы

Дайындық

20-кестедегі сөйлемдерді жеке парақтарға жазыңыз

Жүргізілу барысы

  1. Сыныпты әрбір топта үш оқушыдан болатындай етіп топтарға бөліңіз.

  2. Әр топтан бір оқушы сынып алдына шығуын сұраңыз және 20-кестедегі бір сөйлемді оқытыңыз. Бұл оқушылар сөйлем ішінде ерекшеленген сөздерге назар аударуы қажет.

  3. Олар өз топтарына оралып, сөйлемей, сіз көрсеткен сөйлемдегі ойды сурет түрінде салады.

  4. Салған суреттің жауабын тауып, сөйлемді дұрыс айта білген топ ұпай жинайды.

  5. Кейін топтың өзге де оқушылары осы тапсырманы қайталайды.

  6. Тапсырма барлық топ мүшелері қатысу мүмкіндігіне ие болғанға дейін жалғасады.

20-кесте. Табиғатта серуендеу: сөйлемдер

        • Ол тау үстімен ұшып барады.

        • Ол орман ішінде гүл теріп жүр.

        • Ол ауыл төңірегінде велосипед теуіп жүр.

        • Ол жағажай маңында жүгіріп жүр.

        • Ол теңіз астынан қазына іздеп жүр.



        • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет