Басы
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Сурете байланысты тілек» тренинг
Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.
|
ХҮ-ХҮІІ ғасырларда әлем құрылымы жөніндегі жаңа көзқарастар қалай пайда болды?
Дүниенің құрылымы жөніндегі Птоломей мен Коперниктің пікірлерін салыстырыңдар. Коперниктің ғылыми жаңалығы несімен бағалы болды?
Д.Бруно әлемнің құрылымы жөніндегі түсінікке қандай жаңалық енгізді?
Коперник пен Бруноның көзқарасын Галилей қалай дәлелдеді және дамытты?
|
Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық.
|
Ортасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Стикердегі диалог» әдісі
(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)
Жетістік критерийі;
Ғимараттың салыну кезеңін анықтау
Екі ғимарат түрлерінің не үшін салынғанын анықтау
Екі ғимарат түрлерінің өздеріне тән ерекшеліктерін анықтау
Екі ғимарат түрлерінің ұқсастығын анықтау
Ғимараттар ортағасырлық қоғам туралы бізге қандай түсінік беретініне қорытынды жасау.
|
Орта ғасырлардағы араб тілді философия мен мәдениеттің бүкіл дүние жүзілік рухани даму процесінде алатын орны ерекше.
Мұхаммед (570-632) көшпелі араб тайпаларын біріктіруге тырысты. Арабтардың рухани қуаты молая түсті. VII ғасырдың ортасына таман араб хилифаты бұрынғы Рим империясынан да үлкен құрылымға айналды. Оның бірнеше рухани орталықтары болды.
Меккедегі Кааба храмы халифаттың діни орталығына, Шығыста – Багдад, Батыста, Кордова білім мен өнердің ошағына айналды.
VIII-XII ғасырлар аралығында араб әлемінде, алдымен Шығыста, сонан соң батыс облыстарында, әсіресе Испанияда ғылымдардың дамуы басталады.
Алдымен тригонометрия, алгебра, сонан соң оптика мен психология, астрономия, химия, география, зоология, медицина дамиды. Бірте – бірте философиялық, діни сипаттағы ізденістер де пайда болады.
Араб – мұсылман философиясын қызықтырған объектінің көп және кең болғанына қарамастан, оларды ерекше толғандырған бірнеше мәселелерді арнайы атап өткен жөн: Құдайдың мәні және оның жердегі өмірге қатынасы, мән мен құбылыстың, жалпы мен жекенің, о дүниедегі өмірдің құпиялары. Жан, ақыл, материя ұғымдары да мұқият зерттелді.
Жалпы араб философиясында екі түрлі ағым қалыптасты. Бірінші ағым грек философиясының дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Шығыс – араб перипатетитзмнің дамуында екі тарихи кезең ерекше көзге түседі.
Бірінші кезең – IX-X ғасыр. Бұл Шығыстың атақты философтары әл – Кинди, әл – Фараби, ибн – Сина есімдерімен тығыз байланысты. X ғасыр араб мәдениетінің гүлденген кезеңі, не болмаса А. Мец айтқандай: «Мұсылмандық ренессанс» дәуірі.
Екінші кезең XII-XIII ғасырлар мұсылмандық Испаниядағы араб философиясының гүлденуі. Ибн Баджа, ибн Туфеиль, ибн Рушд сияқты философтар осы дәуірде өмір сүрген.
Екінші ағым – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы – Құранға сүйенген философиялық концепциялар, мүтәкәлімдер, мүтәзәлиттер (VIII-IX ғасырлар), калам доктринасы (X-XII ғасырлар).
Орта ғасырлық араб мәдениеті көптеген халықтардың біріккен еңбегі арқылы дүниеге келді. Оның қалыптасуына арабтармен қатар парсылар, сириялықтар, еврейлер, сонымен қатар, қазіргі қазақтардың, өзбектердің, тәжіктердің, түркмендердің арғы аталары атсалысты.
Көп жақты және әртүрлі мәдени дәстүрлердің өзара ұшырасып, тоғысуы нәтижесінде жоғары шығармашылық сапаға көтерілді.
Араб орта ғасырлық ойлау мәдениетінің ерекшелігі – оның дін догматтарынан тыс, дербес дамуы. Сондықтан да жалпы орта ғасырларға тән теологиялық сипаттағы құдай және оған адамның қатысы туралы мәселе әл-Фараби, ибн Сина, Бируни, ибн Рушд еңбектерінде жалпы мен жекенің, қоғам мен адамның, мәндік күштері мен қабілеттерінің адамның өзіне қатынасы туралы мәселе айналды.
2. Калам - мұсылмандық қағидаларды рационализм тұрғысынан түсіндіру. Оның негізін әл—Ашари қалаған. Өзінің ізденістерінің негізгі нысаны ретінде Құранның қасиеттілігі, Алланың атрибуттары, әлемнің жаратылуы және оның ақыры, күшті жаза сияқты мәселелері алынған.
Каламдағы ең іргелі ұғым – Алланың жалғыздығы мен біртұтастығын негіздеу.
Ислам VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болып, Шығыс мәдениетіне үлкен өзгеріс алып келді. Оның негізін қалаушы Мұхаммед Алланың жалғыз екенін уағыздап, соған ғана құлшылық етуге шақырады.
Адамзат баласы «Алланың жалғыз екенін мойындап, оның елшісі Мұхаммед» белгі бергеннен кейін ислам дінін қабылдады, яғни мұсылман болды – деп санайды. Бұл Алламен келісім – шартқа келді дегенді білдіреді. Қасиетті кітап араб тіінде жазылған. Сондықтан ислам дініне сенушілер араб тілін үйренуге міндетті болды. Халифат территориясында араб тілі – негізгі тіл болды.
Каламды басқаша мүтәкәлімдер деп атайды. Калам деген араб ұғымы қазақ тілінде – сөз деген мағына береді.
Калам әлемнің атомистік құрылымын қабылдайды. Заттар атомдардан құралады. Бірақ оның пайда болуы құдайдың еркіне тәуелді. Құдай қаласа, заттар атомдардан түзіледі, қаламаса түзілмейді.
Шексіздік Құдайдың қасиеті, өйткені заттар табиғатынан тұрақсыз.
|