5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі


Салыстырмалы педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты



бет11/33
Дата11.03.2024
өлшемі0.53 Mb.
#494955
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Глава 5 новый

Салыстырмалы педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты. Салыстырмалы педагогикалық зерттеу практикалық әрекет жөнінде шешім қабылдау, пікір түю немесе баға беру үшін белгілі білім, ереже не анықтама негізінде ойлау үдерісі ретінде дәлелдеуден басталады. Дәлелдеу мынадай бөліктерден тұрады: 1. зерттеу тақырыбының маңыздылығы; 2. зертеудің мәселесі; 3. мақсаты; 4. нысаны; 5. пәні; 6. бастапқы концепция (жетекші идея); 7. болжам; 8. зерттеудің міндеттері. Тақырыптың маңыздылығы оқыту және тәрбиелеу тәжірибесінің мүддесіне, әлеуметтік талапқа қаншалықты сәйкес келетіндігіне, сонымен бірге салыстырмалы педагогикалық ғылымның даму талабына орай анықталады. Қарама-қайшылық (диалектикалық) – өзара қарама-қарсы заттар мен құбылыстардың бірін-бірі жоққа шығаратын жақтары мен тенденцияларының өзара әрекеттестігі, сонымен бірге олар өзара кірігіп, тығыз байланыста болғандықтан, объективті дүние дамуының және оны танудың көзі болып табылады. Мәселе – танымның даму барысында пайда болатын мәселе немесе тұтас мәселелер кешені. Оларды шешудің практикалық немесе теориялық елеулі мәні бар. Мақсатадамның саналы әрекетінің, мінез-құлқының бір бөлігі, өзінің әрекетін, оны белгілі құралдармен жүзеге асырудың жолын алдын-ала болжау. Мақсат белгілі ретпен, жүйемен жүзеге асырылатын адамның көптеген әрекетінің бірігу тәсілі ретінде көрінеді.
Салыстырмалы педагогикалық зерттеудің нысаны – қазіргі дүние жүзіндегі білім берудің дамуының жәйі және негізгі тенденциялары.
Салыстырмалы педагогикалық зерттеудің пәні – дүниежүзілік қауымдастықтың (өркениет), мемлекеттік немесе халықтық (мәдениет) және жеке тұлғаның талабына сай білім беруді жетілдірудің тиімді жолдарын болжау мақсатында білім беру жүйесін тарихи салыстырмалы және типологиялық зерттеу, соның негізінде оның дамуының дүниежүзілік және аймақтық тенденциясын анықтау.
Болжам – ақиқаттығы әлі анықталмаған ғылыми болжам немесе жорамал. Болжамды эксперимент арқылы тексерілетін ғылыми білімнің дамуының әдісі немесе ғылыми теорияның құрылымының бөлігі деп қарауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет