20.Некроздың клиника-морфологиялық түрлерi, олардың сипаттамасы. Некроздың маңызы мен нәтижелерi.
Некроздың клиникалык морфологиялык түрлеріне инфаркт, гангрена, секвестр және жатын жаралар кіреді.
Инфаркт Инфаркт деп бүтін ағзаның немесе оның бір бөлігінің қан айналымынын бұзылуына байланысты өлуін атайды. Демек, инфаркт кан тамырлык (ишемиялык) некроз. Инфарктың пайда болуына: әдетте кан тамырларынын тромбозы, эмболиясы немесе спазмы себеп болады. Кейде инфаркт, ағып келген кан мөлшерінін ағза кызметін камтамасыз ете алмауынан дамиды. Осыған байланысты инфаркты циркуляторлык некроз деп те атайды. Инфарктың негізгі екі түрі бар: ол ак (ишемиялык) (27-28-суреттер) жэне Кызыл (геморрагиялык) инфаркт
Миокардта ак инфаркттың айналасына кан күйылуы мүмкін (кызыл жиекті ак инфаркт) (29-сурет). Көбінесе инфарктың дамуы жалпы кан айналуының бұзылуына байланысты, сондыктан инфаркт созылмалы жүрек, өкпе ауруларында көп кездеседі. Кдн тамырының тығындалу жылдамдығы, инфаркт пайда болуының ең бір шешуші факторы. Инфаркт коллатералдык жолдар ашылып үлгермеген жағдайда ғана дамитын күбылыс. Кан тамырынын кенеттен пайда болтан эмболиясы тек сол тамырдың ғана емес, онын бойында барлык тармактарының да рефлекстік түрде тарылуымен (спазм) катарласа жүреді. Әдетте инфаркт үшбүрышты болыпкөрінеді. Инфаркттың пішіні кан тамырларының ағзада таралу ерекшеліктеріне байланысты. Өкпеде, бүйректерде, көкбауырда үшбүрыштын түбі ағзанын кабына карай жайғасады да, оның ұшында тромбпен тығындалған кан тамыры табылады. Ақ инфаркт көбінесе көкбауырда бүйректерде, мида, жүректе кездесіп, коллатералдык кан тамырлардың жеткілікті ашылмауының морфологиялык көрінісі есебінде дамиды (29-сурет). Кызыл инфаркт жүрек кызметінің жетіспеушілігіне байланысты веналык кан іркіліп калғанда пайда болады. Қызыл инфаркттың, ең көп кездесетін жері өкпе. Өкпе, әдетте, екі кан жүйесінен канмен камтамасыз етіледі. Бұл жерде бір жүйеден кан келмей калған жағдайда пайда болтан некроз ошағына екінші жүйеден келген кан кұйылады. Ірі вена кан тамыры тығындалып калғанда ішекте, көкбауырда, бүйректерде веналык инфаркт дамиды, ол Кызыл инфаркт түрінде көрінеді. Веналык кан ағып кетуі киындағанда, артерия канының ағып келуі токтайды, яғни, бүл инфаркттың да себебі артерия канынын жеткіліксіздігі. Кызыл инфаркт эритроциттердін, гемолизіне байланысты бірте-бірте ренсізденіп ак инфаркт түріне айналып калуы мүмкін. Кейде ак инфаркттың айналасында кан кұйылу ошактары пайда болады (кызыл жиекті ак инфаркт) оның себебі кан тамырларының алғашқы спазмының парездік кенеюімен алмасуы (А.И. Струков, В.В. Серов). Инфаркттан кеиінгі өзгерістер. Инфаркт пайда болғаннан кейін бірнеше сағат өтісімен-ак, демаркациялык (шекаралаушы) кабыну үдерісі басталады. Бүл жерде кан тамырлары кеңейіп, айналасына лейкоциттер шыға бастайды. Лейкоциттерден бөлініп шығатын протеолиздік (нәруызды ерітуші) ферменттер некрозға шалдыккан тінді ыдыратады. Ыдырау өнімдерін макрофаг жасушалары жұтып алады, олар кейінірек лимфа тамырлары аркылы тасылып кетеді. 7-10 күннен кейін инфаркт, болған жерде дәнекер тін түзіліп, ол некрозға шалдыккан жердін орнын толык басады (инфаркттын ұйымдастырылуы). Жүрек инфарктының нәтижесінде кардиосклероз, кейінірек созылмалы аневризма, өкпе инфарктысынан кейін пневмосклероз үдерістері өрістейді. Мидағы инфаркт бірге-бірте жойылып, ыдырап кеткенде, оның орнында куыстар (кисталар) калады. Кистаның кемері глия элеменггерінен түрады. Инфаркт болған жердің іріндеуі ол жерге инфекция түсуіне байланысты. Іріндеу көбінесе өкпеде, сирек жағдайларда жүрек инфарктында кездеседі. Көкбауырдағы инфаркттын іріндеуі перитонитке соктыруы мүмкін. Егер инфаркт ағзалар кабына жакын орналаскан болса, ол жерде реактивтік кабыну (реактивті плеврит, перикардит, перитонит) үдерісі дамиды. Ішек инфаркты гангренаға өтіп тынады.
Гангрена Гангрена — некроздың бір түрі. Оның пайда болуы, өлген тінге коршаған ортанын эсер етуіне байланысты. Сол себепті гангрена сырткы ортамен тікелей катынасы бар ағзаларға (өкпеде, ішекте, теріде) ғана болады. Теріде көбінесе гангренаның кұрғак түрі кездеседі. Өлген тері ауа әсерімен кұрғап, катаяды, түсі караяды. Шіру үдерістері нэтижесінде пайда болған күкіртті сутегі ыдыраған эритроциттердін кұрамындағы темірмен реакцияға түсіп темір сульфитін түзеді. Осы зат некроз ошағын кошкыл-коңыр немесе кара түске бояйды (30-сурет). Некроз ошағына шірітуші микроорганизмдер (Bad. Putrifi cans, proteus, histoliticus, fusiformis) түссе (өкпеде, ішекте), ол кезде ылғалды гангрена дамиды. Ылғалды гангрена өте жағымсыз, сасық иістің пайда болуымен жэне гангренаға ұшыраған ағзаның коңыр-кара-жасыл түске боялуымен сипатталады. Гангренаның жеке түріне анаэробты гангрена (газды гангрена) жатады. Оны Bact. Perfringes тудырып, көбінесе аякка ок тигенде, онын бүлшыкеттері, сүйектері сынып езіліп кеткенде дамиды
Гангренаға организмнің өте әлсіздігіне байланысты болатын жұмсак тіндердің дымкыл гангренасы, нома (суды рак) жэне ауырлык түскен жерлерде ұшырайтын (decubitus) жатын жара кіреді
Секвестр негізінен сүйек тіні үшін тэн болып, некрозданған сүйек сорылып кетпейді, айналасында ірінді қабыну өрістейді, дэнекер тіннен түзілген қорап пайда болады. Секвестр соның ішінде бос жатады немесе осы аймакта жыланкөз аркылы ірің бөлініп шығып түрады. Көбінесе секвестрді операция жасап алып тастайды. Некроздың манызы эр түрлі, ол некроздын қай ағзада болғанына, каншалыкты тез дамығанына, оның көлеміне байланысты. Майда некроз ошақтары із калдырмай бітіп кетсе, ал көлемді некроз ошақтары организм үшін өте кауіпті. Жүрек инфаркты, ми инфаркты, ішек, аяқ гангренасы көптеген жағдайда ауру өлімінің бірден-бір себебі болады. Ауру осы сырқаттардың бастапкы күндерінде өлмей калғанның өзінде, оның қалдыратын зардаптарынан өмір бойы мүгедек болып калады
Некроз нәтижесінде көптеген өзгерістер дамиды. Майда некроз ошактары бүтіндей сорылып кетіп, орнына өзі тектес тін пайда болады. Мысалы, терідегі, шырышты кабықтарда өлген жасушалар толығымен кайта калпына келеді. Егер некроз ошактары үлкен болса, айналасында демаркациялык аймак пайда болады. Бүл жерде кан тамырлары кеңейіп, олардың айналасына эр түрлі жасушалар: макрофагтар, гистиоциттер, эсіресе, лейкоциттер жиналып калады. Лейкоциттердің гидролиздеуші ферменттері эсерінде некрозға ұшыраған тін ыдырай бастайды. Кейінірек некроз аймағы бүтіндей жойылып, дәнекер тінмен алмасады (организация) немесе некроз айналасында калта (капсула) пайда болады, бүл үдерісті инкапсуляция дейді. Лейкоцит мөлшері шектен тыс болса, некроз ошағы іріңдеп кетеді. Сүйек некрозы нэтижесінде секвестр пайда болады. Дәнекер тін ошактары кейде гиалинге айналады. Некроз ошактарына кальцийтүздарынын шөгіп калуын петрификация, сол жерде сүйек пайда болуын оссификация дейді. Өлген жердің бөлініп (үзіліп) түсуі (мысалы, гангренаға ұшыраған аяк бармактары) мутиляция деп аталған. Май тіні некрозданған аймакта ферменттің ыдырау нәтижесінде май кышкылдары түзіледі. Олар жергілікті тінді тітіркендіріп, сол жерде липогранулема тү
Достарыңызбен бөлісу: |