50 – бал Паренхимиялық дистрофия кезінде мүшеде болатын өзгерістер


Iсiну. Себептерi, даму механизмi, түрлерi, морфологиялық сипаттамасы, нәтижелерi, сұйықтың дене қуыстарында жиналып қалуы (шемен)



бет18/42
Дата03.10.2023
өлшемі167.86 Kb.
#479592
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
001-3

17.Iсiну. Себептерi, даму механизмi, түрлерi, морфологиялық сипаттамасы, нәтижелерi, сұйықтың дене қуыстарында жиналып қалуы (шемен).
Ісіну — аралыктінде немесе ағза куыстарында калыптан тыс сұйыктыктын жиналып калуы, ол гипергидратацияның айкын көрінісі
И.В. Давыдовский ісінудін жергілікті, аймактыкжәне жалпы түрлерін ажыратады. Жергілікті ісінуге терідегі эр түрлі жәндіктер шакканда, аллергиялык реакциялардын көрінісі есебінде дамитын ісінулерді кіргізуге болады. Аймактык ісінулерге жоғарыда көрсетілген пілаяк кұбылысын, бауыр циррозында пайда болатын асцитті, вена тамырларының, лимфа жолдарынын тромбозы нәтижесінде дамитын ісінуді жаткызады. Жалпы ісінулер кан жэне лимфа айналымының түрлі себептерге байланысты бұзылуында да миды. Жүректің (гипертония ауруы, атеросклероз, жүректін ишемиялык ауруы), өкпенің (созылмалы бронхиттер, бронхоэктазиялык ауру) созылмалы ауруларының сонғы, декомпенсация кезеніне тэн кұбылыстардың бірі осы жалпы ісіну. Оның сырткы көріністеріне сұйыктыктын (трансудаттың) тері асты шелінде (анасарка), плевра куысында (гидроторакс), кұрсак куысында (асцит), жүрек кабында (гидроперикардиум) жиналып калуы кіреді. Бүл кезде тері бозарып, оның сырты керіліп, тері асты шелі іркілдеп, кескенде жылтырап, суы шығып тұрады. Саусакпен басканда біразға дейін жойылмайтын шұнкыр із калады. Ісінуге байланысты өкпенін салмағы 2—2,5 кг-га дейін жетіп үлкейіп, кесінді бетінен көпіршіктенген сұйыктык бөлініп тұрады. Ми тіні ісінгенде сүйыктык оның карыншаларында жэне арахноидты кабығының астында жиналады (ішкі жэне сырткы гидроцефалия). Кесінді беті жылтырап, ылғалданып тұрады. Микроскоппен Караганда сұйыктыктың қан тамырларыныц жэне жасушалардың айналасында жиналып калғандығы көрінеді. Клиника үшін ми тінінің ісінуінен көрі ісуінің (набухание) маңызы зор. Іскен ми қатпарлары тегістеліп, ми қарыншаларының куысы тарылып қалады. Кесінді беті кескен пышакка жабысады. Бұл ми ішілік жэне ми сауыт ішілік қысымның көтерілгендігінін айқын белгісі болып, клиникада көбінесе комалык жағдайларда кездеседі. Ми сабағы мен мишық миндалиндері ісу нәтижесінде кейде мидын шүйде тесігіне кептеліп калады. Бұл жағдай өлімнің негізгі себебі бола алады. Даму механизмдеріне карап ісінудің бірнеше түрлерін ажыратады. Олар жүректік, бүйректік, алиментарлық, аллергиялык кабынулык, токсиндік, нервтік-рефлекторлык ісінулер. Жүректік ісінулер жүрек кызметі нашарлағанда дамитын қан жэне лимфа айналымының жалпы бұзылуының көрінісі. Жүректік ісінулер тек канның іркіліп калуына, осыған байланысты гидростатикалык кысымның көтерілуіне ғана емес, жергілікті тіннің гипоксиясына, соның нәтижесінде капиллярлар өткізгіштігінің асып кетуіне, тіндерде натрийдін жиналып калуына да тәуелді. Гипоксия жағдайында типофизден антидиурездік гормонный бөлінуі көбейіп, бүйректің дисталды өзектерінен судың реабсорбциясы күшейеді, бауырдың алдостеронды ыдырату кабілеті төмендейді, бұл организмде натрийдің кідіріп калуына соктырады, сөйтіп ісіну үдерісі эрі карай дамиды. Буйректік ісіну протеинурия нәтижесінде дамитын гипопротеинемияға, соған байланысты онкотикалык кысымның төмендеуіне (бүл тубулопатияларға тэн кұбылыс) және натридің тіндерде кідіріп калуына (гломерулопатияларда) байланысты. Бүйректік ісінулер кабактарда, көздін астында танертең айкын көрінеді. Алиментарлық ісіну. Коректік заттардың организмге аз түсуі (аштык кезінде) немесе дұрыс сіңбеуі (зат алмасу үдерісінін бұзылуы, ас корыту жүйесінің сыркаттары) нәтижесінде кездеседі. Даму механизмі гипопротеинемияға, осы жағдайда каннын онкотикалык кысымының төмендеуіне, жэне тіндік сүйыктык резорбциясының азаюына байланысты. Аллергиялық ісінуге есекжем, Квинке ісінуі жэне т.б. жатып, ол тіндерде гистаминнің организмнің сезімталдығы өте жоғары болғанда, аллергияға байланысты бөлініп шығуымен түсіндіріледі. Гистамин кан тамырларының өткізгіштігін ерекше асыратыны белгілі. Қабыну ошағындағы өзгерістер (алтерация, ацидоз) экссудация үдерісін күшейтіп осы аймактын ісінуіне соктырады. Токсиндік ісінулер, мысалы өкпенің токсиндік ісінуі улы заттардың өкпе капиллярларына тікелей немесе жанама түрде эсер етуіне байланысты. Негізгі даму механизмі — капиллярлардың өткізгіштігінің күшеюі. Нервтік-рефлекторлық ісінулердің де даму механизмі осындай. Организмнің сусыздануы (дегидратация, эксикоз) бұл ісінуге кері күбылыс болып организмнің суды мөлшерден тыс жоғалтуымен сипатталады. Бүл жағдайлар үздіксіз кұсу немесе іш кету (диарея), электролиттердің бүйректер аркылы, теріден мөлшерден тыс шығару, катты шөлдеу жэне т.б. себептерге байланысты дамуы мүмкін. Алғашында тіндік судың мөлшері азайса, біртебірте кан (плазма) кұрамында суда азая бастайды (ангидремия). Холера, ауыр диспепсия кезінде организм көп мөлшерде сүйыктык жоғалтады. Сондыктан бүл аурулардың сырткы көрінісі ерекше: көздері шүнірейген, бет сүйектері, мұрны кырланған, жағы етсіз, терілері эжімденіп, өз киімі өзіне кең болып калады. Мәйітті ашып көргенде, канның коюланып, карайып кеткенін, сірі кабыктардын кұрғап, кұрсак куысында ішектердің бетін коймалжын зат басып бір-біріне жабысып калғандығын байкаймыз. Организмнен жасуша ішілік сұйыктыктың бөлініп шыға бастауы ағзаларды, әсіресе жоғары нерв жүйесінде, кайтымсыз өзгерістерге соктырады
18.Тастардың пайда болуы. Оның себептерi мен механизмдерi. Тастардың түрлерi. Нәтижелерi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет