6. Көмiрсулы стромалық-қантамырлық дистрофиялардың морфологиялық өзгерістері, себептерi, патогенезi.
Строма-тамырлық көмірсулы дистрофиялар кезінде гликопротеидтер мен гликозамингликандар тепе-теңдігі бұзылады. Гликопротеидтер алмасуы бүзылуынан дамитын строма-тамырлық дистрофияны тіндердің шырыштануы деп атайды. Оның даму барысында белоктармен байланысқан хромотропты заттар босап, басым бөлігі аралық затқа жиналып, коллаген талшықтары шырыш тэрізді затқа айналады; бұл оның мукоидты ісінуден басты айырмашылығы. Дэнекер тіннің өзі жэне мүшелердің стромасы, майлы тін мен шеміршек ісініп, көмескіленіп, шырыштанады, жасушалары жүлдызша немесе түрлі өсінділі ғажайып пішінді жасушаларға айналады.
Даму себебі. Тіндер көбіне эндокриндік бездердің дисфункциясынан (қызметі өзгергендіктен) немесе катты жүдегенде шырыштанады (мысалы, қалқанша без қызметінің жеткіліксіздігінен дамыған шырышты ісіну немесе микседема; түрлі себепті кахексияда дэнекер тіннің шырыштануы).
7.Аралас дистрофиялар. Күрделi белоктар-хромопротеидтер, нуклеопротеидтер мен минералдар бұзулунан болған аралас дистрофиялар
[10:17, 16.12.2022] Икрам Нұрсейіт 001F: Аралас дистрофиялар – зат алмасу үдерісінің жасуша ішінде және жасуша аралық тінде бірдей бұзылуы.
Аралас дистрофия – метаболизм зақымдануының морфологиялық көрінісімен көрінетін, жасушалар мен тіндердегі күрделі белоктар-эндогенді пигменттер (хромотопротеидтер), нуклеопротеидтер, липопротеидтер және минералдар алмасуының бұзылуы болып табылады.
Түрлері:
Хромопротеидтер алмасуының бұзылуы;
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы;
Липопротеидтер алмасуының бұзылуы;
Минералдар алмасуының бұзылуы.
Хромопротеидтердің түрлері:
Гемоглобиногендік пигменттер;
Протеиногендік пигменттер;
Липидогендік пигменттер.
Хромопротеидтер немесе эндогендік пигменттер – адам тіршілігінде аса маңызды қызметтер атқарады. Мысалы, гемоглобин пигменті оттегіні тасымалдаушы, меланин пигменті организмді ультракүлгін сәулелерден қорғайды.
Физиологиялық: Патологиялық:
- ферритин - гематоидин
- гемосидерин - гематиндер
- билирубин - порфириндер
Достарыңызбен бөлісу: |