54. Оқытудың сөздік әдістерінің мәні мен мазмұны
Сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың алатын білім көзі,мұғалімнің немесе оқушылардың сөзі болып табылады.Оқушылар тек пассивті тыңдаушы ғана емес тыңдау барысында олардың ойлау әрекеті дамиды. Сөздік әдістерге сұрақ-жауап, “сұқпат”, түсіндіру немесе баяндау,мұғалімнің әңгімесі,мектеп лекциялары,пікірталас жатады.Сұрақ-жауап әдісінің басты мақсаты оқушылардың сана-сезімін ояту,алға қойған мәселені, сұрақты шешу.Алға қойған мәселені,сұрақты шешу үшін мұғаліммен оқушының белсенді түрде қатысуы шарт, мұғалімнің педагогикалық дұрыс қойған сұрағына оқушылар жауап іздейді,ойлау қабілеттері артады.Мұғалім оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімдеріне сүйене отырып білім алуына мүмкіндік жасайды.Мұғалімнің жетекшелігімен сабақ соңында оқушылар өз білімін жаңа материалдың мазмұнын меңгеріп белгілі бір қорытынды жасауға дағдыланады.Сұрақ-жауап әдістерін жинақтап қорыту сабақтарында,жаңа білімді бұрынғы өтіп кеткен тақырыптармен байланыстыруы өте тиімді. Бірнеше ұқсас обьектілермен құбылыстарды оқу кезінде, сұрақ-жауап әдісін индуктивті түрде қарастыруға болады.Индуктивті әдісте жеке фактілерді таңдай отырып,бағыттаушы сұрақтар арқылы оқушыларды жалпы қорытынды жасауға итермелейді.
Дедуктивті сабақты жүргізу барысында мұғалім оқушыларға бұрыннан белгілі жалпы ережелерді,көзқарастарды,пікірлерді,түсініктерді айта келіп,одан жеке-жеке таңдау арқылы қорытынды жасайды.
55. Оқыту процесінде кітаппен жұмыс істеу әдістерінің мәні мен мазмұны және бейне әдістері
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
• конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
• мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
• тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
• цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
• аннотация — мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
• рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
• справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;
• формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
• тақырыптық тезаурус – бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.
Оқушылар үшін білім көзі – бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми – көпшілік әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі – мәтінді талдау.
Мұғалім кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері:
1. Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып шығу. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде мәтінді қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, оқушылар мәтінді бір рет оқып шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды.
2. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе энциклопедия арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті мәліметтерді конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Мұғалім оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін мәтіндер бір-бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау беріледі.
3. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті болуы керек. Оқушылардың кітаптар мен журналдарды сыни тұрғыдан оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру.
Достарыңызбен бөлісу: |