58. Оқыту процесіндегі оқушылардың ұжымдық жұмыстың мәні
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің оқушыладың тұлғалық қасиететріндамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндікетрі мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргіілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан.
Ұжымдық танымдық іс-әрекетер белгілі бір дәрежеде оқуматериалдарын меңгеруі, оқу барсындағы «осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндікж асайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекетер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, ынта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады.Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағытылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің мүмкіндікері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктеерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде,жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағынасын тереңдетеді, оқуға дегенжауапкершілікті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұсмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына, жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.
59. Оқыту процесінде топтық жұмысты ұйымдастыру
Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары:
Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
Жаппай оқытуға қарағанда,жаңа ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады.
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.
Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.
Өзіне сын көзбен қараушылық артады, сыныптастарымен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың кемшілігі:
Топ мүшелерінің көп болуы
Үлгерімі төмен оқушылардың көптің көлеңкесінде қалып қоюы.
Бір топтың шуылының екінші топқа әсері.
Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай үлгермеуі
Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалуы
Бір топ жұмысты қорғап жатса, басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтап жатумен шұғылданады.
Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы
Жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушылардан жоғары тұруы.
Топтық жұмыс соңында әр оқушы қандай жетістікке қол жеткізе алады?
Оқушылардың ой ұшқырлығы пайда болады,бір-біріне деген сенімі артады
Оқушы өзінің топта орындалып жатқан жұмыстың маңызды екенін ,өз үлесін қосып жатқанын сезінеді.
Басқа топтардың жұмыстарын тыңдап олардың мүмкіншіліктерін салыстырады.
Бақылаудың нәтижесінде өте тұйық және көшбасшы оқушылар анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |