52. Оқытудың практикалық әдістерінің мәні мен мазмұны


Оқыту процесінде бақылау мен бағалау



бет7/7
Дата07.02.2024
өлшемі1.1 Mb.
#491181
1   2   3   4   5   6   7
52-63 педагогика

62. Оқыту процесінде бақылау мен бағалау
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бұл бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. Тәрбиелік қызметі оқушылардың жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады.
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибелік қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау, тексеру және бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:Ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық, сұрақ), жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру), практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу), машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау картиналарын, жұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану), өзін-өзі бақылау, 
Оқыту процесінде бақылаудың: 
1)Фронтальдық; 2) топтық; 3) дербес формалары қалыптасқан. 
Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.Мектеп өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім, іскерліктерді бақылау және бағалауды жетілдіруді талап етеді.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. 
Баға - білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды. 
Оқушылардың білімін, дағдыларын бағалаудан бұрын, сол берілген білімнің қабылдануын, дағдының қалыптасуын тексерген жөн. Білімді тексеру арқылы мұғалім "Балаға не берді, бала дағдыны қалай қалыптастырды, білімді қалай қабылдады, кемшілік неде және кімнен?" деген сияқты сұрақтарға жауап табады.
Бақылау - жаза емес. Бақылау мәдениетті жүруі тиіс. Бақылау процесін де мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, ыстық сезіммен "көмектесейін" деген ниет білдіруі керек. Оқушы бір нәрсені түсінбесе оны ұрыспай, балағаттамай, өрескел мінез танытпай көмектескені жөн


63. Оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын тексерудің әдістері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет