№58 қазан педагог


Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланудың



Pdf көрінісі
бет46/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
мамырова пед

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланудың 
маңызы
 
 
Джанхожаева Гулаям Иманбаевна 
Шымкент қаласы,
№75 мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі 
 
 
«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде 
сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз.» 
Н.Ә.Назарбаев 
Қазіргі
таңда
білім
берудің
әлеуметтік 
құрылымы 
маңызды 
элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік 
білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі 
тәжірибесімен, бағыт – бағдарымен деңгейлес болуы қажет. 
Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы 
маңызды іс – шара болып табылады. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін, бала жанының 
бағбаны – мұғалімдер ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, 
беделді, жаңашыл болуы, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін үнемі толықтырып отыруы керек. 
Қазір өркениетке апаратын құрал тек қана – білім. 
Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Оқушылардың сапалы білім алуы 
мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді.Бүгінгі күні білім игеру 
процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді іс-әрекетін 
ұйымдастыру болып табылады.Белсенді әрекеттер арқылы шәкірт білімді өз бетімен 
меңгереді. Қазіргі біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі мұғалімнің ізденушілік –
зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды шебер меңгеруді талап етеді. Сол себепті, мен де 
жаңашылдыққа бетбұрыс жасап, Кембридж бағдарламасы бойынша біілім алуды мақсат 
етіп,Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының 
бағдарламасына сәйкес оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздерін 
меңгеріп,қазіргі таңда жаңа көзқараспен жұмыс жасап жатырмын. 
Бағдарлама модульдері: 
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 
4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. 
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық. 
Мұғалімдер өз кезегінде өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін 
дамытуға назар аударуға тиіс. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен теория жүзінде 
таныса отырып оқушылардың қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық 
тетіктерді білдім. Іске тартылған педагогикалық тетіктер: оқыту негізін түсіну, өмір бойы 
өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдіс-тәсілдерін таңдау,жүйелі ойлауға 
үйрету, оқушылардың шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы 
пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау, оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде 
оқуды жақсы көру,тілді, есептеуді жақсы көру,сандық технологиялар саласындағы 
құзіреттілік.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 32-бет) 
Бағдарламадағы модульдері бірі ақпараттық-коммуникациялық технология бәсекеге 
қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік 
ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, 
білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын 
61


жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың 
қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған 
орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен 
ережелерді игеруі тиіс. 
Сондай-ақ мультимедиялық оқулықтар біріншіден оқушылардың қызығушылығын 
арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, 
тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының 
білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Заманымызға сай қазіргі 
қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. 
Ақпараттық-коммуникациялық технология бастауыш сыныптарда қайталау 
сабағында, өзін-өзі тексеру барысында,электронды тест жұмыстарын жүргізуде уақытты 
үнемдеуге үлкен септігін тигізеді. Үйден оқулықта берілген тапсырмаларды өздері жазып-
сызып дайындап, ақ қағаз бетіне шығарып келеді де, тек жауаптарына ойлануына мүмкіндік 
туғызады. 
Мысалы,
 сурет, еңбек сабағында геометриялық фигуралардан үй, құстың ұясы 
т.б.тапсырмаларды орындау керек болса, бала оны сызып жатпай, дайын түрде фигураларды 
ақ қағаз бетіне түсіріп алуына мүмкіндік туғызады. Компьютер арқылы ақ қағазға дайындап 
шығарып келеді де, бояу, қию жұмыстарын аяқтайды. АКТ бастауыш сыныптарда үнемі 
пайдалана бермейді, бала үшін зиянды жақтарын да мұғалімнің ескергені жөн. Заман 
талабына сай ашық сабақтар беру барысында көрнекіліктерді интерактивті тақтамен 
көрсетуге тиімді. Мұғалім мен оқушының арасындағы жұмысын жеңілдетіп, баланың 
ойлануына, көзбен көріп, қолмен ұстап нәтижеге жетеді. Баланың сауатты жазуына көмегін 
береді. Жіберген қатесін көзбен көріп, қолмен жазып түзете білуге үйретеді. Мен өз 
сыныбымда АКТ тиімді пайдалана отырып, көптеген нәтижеге, жетістіктерге қол жеткіздім. 
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 
Бірқатар дағдыларды дамытып, бағалауда топтық жұмыс бірден-бір қолайлы тәсіл. 
Өзге формалардағыдай бұл жағдайда да оқушылар табыс критерийімен алдын-ала 
таныстырамын. Топтық жұмыс кезінде мұғалім сынып ішінде жүріп, барлық топтарды 
тыңдап үлгеруі тиіс. Топтардағы кейбір оқушылар табыс критерийі талаптарына тез қол 
жеткізеді. Сондықтан топтағы үлгермей отырған оқушыға көмектесуіне жағдай жасаймын. 
Кей оқушылар ұяң немесе ұялшақ болады сондықтан оларға қосымша сұрақтар қойғаны 
дұрыс (Сен осы мәлімет туралы не ойлайсың? Осы мәліметі қалай талдар едің?) 
Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет 
екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу 
барысында өзін-өзі бағалаудың маңызы зор. Құрбы-құрдастарын бағалау өзін-өзі 
бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады. Құрбы-құрдастарын бағалау өте пайдалы, 
себебі оқушылар өз жұмысына қатысты айтылған құрбыларының пікіріне құлақ асады. Ал 
оны мұғалім айтқан болса, олар оқушыға сондай әсер етпеуі мүмкін. Құрбы-құрдастарымен 
бірге жұмыс істеу де маңызды, себебі пікір алмасу оқушы күнделікті өмірінде қолданатын 
тілде жүреді, сонымен қатар оқушылар мұғалімнің рөлін ойнай отырып білім алады. 
Оқушылар түсініктемені түсінбеген кезде, олар мұғалімнен емес, өзінің құрбысынан 
сұрайды. Оның үстіне, бұл тәжірибе құрбы-құрдастарын бағалау ауыртпалығын оқушыға 
салуға болатындығымен құнды. Сондықтан тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда 
әр сабақта өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың әдістерін көрсетеп, әр сабақ сайын 
түрлендіріп отырамын 
Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам 
өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай 
білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік 
тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп 
нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі - осы 
62


сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада 
қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет