№58 қазан педагог


ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ОНЫҢ



Pdf көрінісі
бет44/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
мамырова пед

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
СЕБЕПТЕРІ 
 
 
Салтанат Хамитқызы 
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы 
№48 ЖОББМ педагог - психолог 
 
Елбасы өз Жолдауында: «Бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы 
іс-қимыл мәселесіне басымдық беру қажет» деген болатын. 
Көп адам табиғатынан ізгілік жасауға құштар болып өседі, ал кейбір адамның болмысында 
зұлымдыққа бейімділік болады. Мұны психологияда «Буллинг» деп атайды. Буллинг (bullying) – 
ағылшын тілінен аударғанда «қорлау, қудалау, мазалау» дегенді білдіреді. Белгілі бір басымдықтарға 
(физикалық, психологиялық, әкімшілік т.б) ие индивид немесе топ тарапынан осы жағдайда өзін 
қорғауға әділетсіз индивидке қатысты ұзаққа созылатын (қайталанатын) және негізінен белгілі бір 
мақсатта ұйымдасқан ұжымдарда орын алатын қасақана жасалатын физикалық және психикалық 
қысым, зорлық-зомбылық. Мектептегі буллинг мәселесі педагогтер мен психологтер үшін ғана емес,
сонымен бірге тұтас қоғам үшін де негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Бұл мәселенің негізгі 
өзектілігі: бүгінгі күні қоғамда балалар арасында қаталдықтың және ересектер тарапынан 
немқұрайлылықтың байқалуы шынайы сипат алып келеді. 
 
Жасөспірімдер неліктен бір-бірін қорлап, қиянат жасайды? 
Өзге адамды қорлау- қашан да жаман қылық. Буллер негізінен: 
- басқаларды қызғанады; 
- басқаларға ұнағысы келеді
- өзін басқаларға қарағанда жоғары екенін сезінгісі келеді; 
- достары сияқты болғысы келеді; 
- барлығының тыңдағанын қалайды
- өзгелердің қорлауынан зардап шегеді; 
- қорлау басқаларға қасірет тудыратынын түсінбейді. 
Буллингтің түрлері: 
- Физикалық агрессия; 
- Вербальды агрессия
- Қорқыту; 
- Оқшаулау; 
- Бопсалау
- Мүлікті бүлдіру 
- Кибер буллинг 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет