№58 қазан педагог


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗ МӘДЕНИЕТІН



Pdf көрінісі
бет49/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56
мамырова пед

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗ МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Сейтбекова Жаннур Илесбаевна 
№75 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, 
Шымкент қаласы 
«Мектеп курсында ана тіліне байланысты оқытылатын тілдік единицалар: дыбыс, сөз 
құрамы, сөз, қосымша, сөз тіркестері және сөйлем болып табылады. Сондықтан тіл дамыту 
осы тілдік единицаларға байланысты үйрету қажет», – дейді әдіскер-ғалым А.Жапбаров.
Жоғарыда атап өткендей бастауыш мектепте ана тілді оқыту барысы жеке-жеке айқын 
мақсаттар көздейтін үш кезеңнен тұрады: 
1. Сауат ашу, тіл дамыту (Әліппе). 
2. Оқу, тіл дамыту (Ана тілі). 
3. Грамматика, емле тіл дамыту (Қазақ тілі). 
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастырып, 
дамытуда төменде көрсетілген бағыттарға сүйеніп, жүзеге асырылады.Бұл бағыттарға 
жоғарыда тоқталған болатынбыз.
а) Жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан 
сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын меңгерту. 
67


Мектепке келген бала тілі бір жақты, тек отбасы, ошақ қасында пайданылатын сөздер 
ғана болуы мүмкін. Атап айтқанда, оның сөздік қорында ауыспалы мағыналы, жалпылық 
мәнді және түрлі білім саласында қолданылатын термин сөздер аз кездеседі, кейбіреуінде тіпті 
кездеспейді де. 
Баланың сөздік қоры ең алдымен, сол класта жүргізілзетін пән оқулықтары, 
пайдаланылатын көрнекі құралдар және кластан тыс оқуға арналған көркем әдебиеттермен 
анықталады. 
Балалар жаңа сөздермен тек класта өткізілетін сабақтарда ғана танысып қоймайды
сонымен бірге өз беттерінше кітап оқу, түрлі кластан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу, 
кино, театр, саяхатқа бару, радио тыңдау және теледидар бағдарламасынкөру нәтижесінде де 
жаңа сөздер үйреніп, тіл сындырады.Оқушылардың ақпарат, білім көздерінен өз беттерінше 
игерген сөздерді дұрыс не бұрыс пайдалануы да мұғалімнің міндеті. Бала сөзінде пайда болған 
жаңа сөз, сөз тіркестердің мән-мағынасын ашып, іс-тәжірибеде пайдаланудың жолын да 
мұғалім көрсетеді. 
Сөз – тілдің негізі. Нақты заттар мен құбылыстар, дерексіз ұғымдар, адамның сезімі 
мен ниеті – сөз арқылы білдіреді.
Сөздік – қоғамның, ұлттың даму деңгейін байқататын белгінің бірі. Сөздігі бай ұлттың 
рухани байлығы да жоғары болатындығы мәлім, өйткені ғылымы мен мәдениетінің дамуына 
қарай сөздікте дамиды. Ендеше оқушыларды мектептен бастап сөздікті пайдалана білуге 
үйретудің зор маңызы бар. 
Сөздік жұмысы суретпен жүргізілетін жұмыспен мазмұндас. Сөздік жұмыстары 
барысында оқушылардың дербес ойлауына, кеңірек сөйлеуіне, өз бетінше сөздер таба білуіне 
көбірек көңіл бөлінеді. Дәлірек айтқанда, сөздік жұмыстарын орындау барысында 
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды. 
Мектептегі сөздік жұмыстарының басты бағыттары; 
- әр сыныптағы оқу бағдарламасы бойынша жүргізілетін барлық пән сабақтары арқылы 
оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі артып, кеңеюінің 
нәтижесінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін игерту; 
•жаңа сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру; 
•грамматиканың салаларын оқытуға байланысты, заттар мен құбылыстарды 
классификациялауға , топтарға арналған жаттығулар жүргізу; 
•лексикалық жаттығулар сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын, слинонимді, 
омонимді, антонимді игертуге арналған жаттығулар; 
•көркем әдеби шығармаларды талдау және мазмұндама, шығарма жаздыру.
Сөздік қорды байытудың негізгі көзі, әрине көркем шығарма.Оқулықтардағы мәтіндер 
балаларға, бір жағынан, бірнеше жаңа сөздер үйрету; екінші жағынан, сөз тіркестерін 
үйрету;үшінші жағынан, сол сөздер мен тіркестердің мағыналарын тереңірек ұғындыра түсу 
т.с.с. мақсаттарды көздей отырып, таңдалған. Осыған орай, авторлар, мүмкіндігінше, ұлы 
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, 
М.Әуезов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Торайғыров т.б. сынды сөз шеберлерінің 
шығармалары мен халықтың сөз қазынасы – ауыз әдебиеті үлгілерінен қысқартып, икемдеп 
болса да, үзінділерберуге тырысқан.Соның арқасында оқушылар ана тілін жоғары дәрежедегі 
әдеби үлгілердің өзін оқу арқылы үйренеді. 
Сөздік жұмысы сабақ барысында жүргізіледі. Мәтінді, ондағы жаңа сөздерді дұрыс 
қабылдау үшін, сөздік жұмысын жүргізбейінше, мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы 
шаңырақ, ақ алтын, көкжиек сөздерін дұрыс түсінбесе, дұрыс қабылдай алмайды,оларда елес 
тумайды.
Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда, суреттелген оқиғаның 
тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып 
шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім 
деп түсінесіңдер? Дегендей сұрақ қою қателік болар. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен 
жүргізу – оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан одан алған 
68


әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек 
ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы 
суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру 
қажет. Ал мысалда суреттелгендер балаларға шындық, болмыс жөнінде қате түсінік береді, 
өйткені қарға, түлкі сөйлемейді ғой деген сияқтылардан қауіптенудің қажеті жоқ. Олардың 
сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды. 
Мысалдарды оқығанда көңіл қоятын жай – оқушыларға олардың мазмұнын 
қабылдащту және олардағы кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау. 
Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады: 
1.Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі 
ауырлық келтіретін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре 
отырып, олардың мағыналарын аша кетеді. 
2.Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға 
оқытады. 
3.Мысалдың мазмұны талданылады. 
4.Мысалдың кей жерлерінен үзінді келтіріле отырып, ондағы негізгі ойдың не екені 
қорытындыда әңгімеленеді. 
5. 
Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар 
келтіріледі. 
6.Рөлге бөліп оқытылады. 
Ертегі, мысалдар арқылы баланың қиялына шығармашылық бағыт бере отырып, тілін 
ұстартуға зор септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет