мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты
жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білім
мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады.
Мектепалды даярлық топ оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың
тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар
ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін
дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский
жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-
ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы, барлық таным
процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды
дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен, осы проблеманы шешу үшін
әр мұғалім ойлау
қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет.
Мектепалды даярлық топ оқушыларын оқыту барысында балалардың таным
процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқаларға жеткізу
тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін дамытуға қосатын үлесі өте үлкен. Қ. Жарықбаев, С.
Қалиев осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін қолдануды ұсынады. Қазақ
халқының бай тәжірибесінде көптеген оқу процесінде қолданылатын ойындар, өлеңдер,
мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиет туындылары бар. Олардың терең мазмұны
балалардың тіл байлығы мен ой-өрісін дамытып, сонымен қатар барлық қабілетін дамытуға
үлкен үлесін қосады. Осы материалдарды іріктеп алып, оны тақырыпқа байланысты қолдану-
оқыту барысында оқушылардың ойлау процесін дамыту проблемасын шешудің тиімді жолы
болады.
Халық педагогикасында қалыптасқан балаларға арналған ойындар олардың білімін
қалыптастырып, оны пысықтауға, үй тапсырмасын орындау жолдарын түсіндіруге, білімдерді
бір-бірімен ұштастырып, ұғымдық қорын қалыптастыруға жәрдем береді.
Қазіргі мектеп
бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың
тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге
арналған. Осындай мән-мағынасы өте терең және жан-жақты дамуға, баланың
байқағыштығын тәрбиелеуге үлкен үлесін қосып, ойлау қабілетін дамытатын ойындардың
бірі
«Аңдардың айтысы» деп аталады. Бұл ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай
белгілі бір тақырыпқа сай келетін әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын
бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетуді талап етеді.
Мұның өзі
хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымдарды қалыптастырып, сонымен қатар музыкалық және
артистік қабілетін дамытады. Топтасып ән айту, бірін-бірі тыңдап әрекет жасау дағдысын
жетілдіреді.
Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол ережелердің тәрбиелік
мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті,
олардың өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар анықталады. Сондықтан ойнау
барысында тәртіп сақтауына, ерік-жігерінің қалыптасуына мүмкіндік туады. Ойын
шапшаңдықты, ептілікті, тиянақтылықты,
тез бағдар табуды, ұжымдық, ұйымшылдық
көрсетуді, бір-біріне көмектесуді, жауапкершілікті, батыл қимылды талап етеді.
Бұл ойындағы ерекшелік – билеп жүріп хормен өлең айтуды өзара үйлесімді әрекет
ұйымдастыруда байқалады. Хормен ән айтып, би қимылын жасаған сайын кеудедегі қоңырау
әшекейлер өзара үндесіп жатады. Яғни, әуен саздары мен қоңырау сылдыры ойнаушылардың
қимылдарына сүйемелдеушілік жасап тұрғандай болады.
Өйткені ойындағы қимылдар жай қимыл емес, олар әуеннің ырғағына байланысты
жасалған қимылдар болып табылады.
Мұндай ойындар халық педагогикасында өте көп және мазмұндары да бағыттары да
бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызықты. Олар «Алақан соқпақ», «Тақия
тастамақ», «Тартыс», «Айгөлек» т.б. Қай ойынды алсақ та,
бәрінде де би элементтері
74
кездеседі, ән, күй, тақпақ, мәнерлі қимыл мен ыммен жасалатын көріністер бір-бірімен
алмасып жатады. Бұлардың бірі нақтыланған жағдайға қарай актерлік үлгіде, сахналық үзінді
түрінде орындалады. Ойын барысында қатысушылар өздерін күнделікті тіршілік жағдайында
сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада сезім, поэзия, өнер әлемінде сезінеді. Олар ойнаған
рольдерінен эстетикалық ләззат алуға талпынады.
Ойын барысында қатынасушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қойылды:
– қалай отыру, өзін дұрыс ұстау;
– қандай мөлшерде бір-бірімен сөйлесу қажет т.б.
осы айтылғандардың бәрінен қазақ ойындары драма және сахналық өмірдің әрқилы
элементтерімен аса толықтырылған деп қорытынды жасауға болады.Сонымен бірге, осы
ойындардың кең тұрғыда таралуы ондағы қатысушылар мен көріп тамашалаушылар санының
артуы – мұның тәрбиелік мәнін тереңдетеді.
Осындай ойын ретінде көптеген санамақтарды келтіруге болады. Олар мәнерлеп
сөйлеуге үйретеді.
Санамақтарда балалардың тақпақты нәшіне келтіріп оқу дағдысы қалыптасады. Осы
сияқты санамақтар, қызықты орындалатын әуендер, тіпті
адамдардың өзара қарым-
қатынасында кездесетін қызықты әңгімелері жылдам, берік есте сақталады. Оны балалар
өздерінің күнделікті ойындарында қызығып сүйіспеншілікпен қайталайды.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты осындай санамақтар мен
қаламақтар мазмұны оларға өте жақын, түсінікті. Олар балалардың ой өрісін, тілін тез
дамытуға өте икемді. Сонымен қатар ойындарға қатысу арқылы
балалардың мінез-құлқы
сыйысымды болып, қарым-қатынас мәдениетін меңгереді, әдептілікке, басқалармен санасуға,
тілалғыштыққа баулиды. Ойын кейіпкерлерінің мінез-құлығына қарап жақсы мен жаманды
ажыратуға мүмкіндік береді.
Аталған тәсілдер сабақ үстінде дидактикалық ойын ретінде қолданылады. Ойын-ойлау
процестін дамытуға қолданылатын тиімді тәсіл.
Ойлау процесі жақсы дамыған адам көптеген заттар мен құбылыстарды талдап, бір-
бірімен салыстырып, ортақ қасиеттерін тауып, оларды жүйеге келтіруге шапшаң болады. Осы
ойлаудың ерекшелігін қалыптастыруға арналған көптеген шығармашылық тапсырмаларды
пәндердің ерекшеліктеріне байланысты жинақтап оны тиімді қолдануға болады. Олар
геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасын, түрі мен түсін, кеңістікте
орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын табу арқылы баланың қоршаған ортадағы
нәрселердің біртектестігін түсінуге, ұқсастығын және айырмашылығын
табуға негізделген
күнде, олардың ойлау қабілетін дамытады.
Шығармашылық тапсырмалардың басым көпшілігі дидактикалық ойын ретінде
ұйымдастырылғандықтан дамыту сабақтарының мазмұны балаларға тартымды және қызық
түрде келтіріледі. Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын
дидактикалық ойындар көп мөлшерде жинақталған. Олардың «Ақ сүйек», «Поезд құру» ,
«Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Бейнені құрастыру», «Артығын табу», «Не жетіспейді» т.б.
түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік бар.
Осы сияқты көптеген ойындар арқылы балалардың сәйкестіктерді анықтауы қалыптаса
бастайды. Ол ассоциативтік ойлаудың қалыптасып келе жатқанының белгісі болып табылады.
Жасалған фигуралар үй тұрмысында қолданылатын заттар, құрақ көрінісі т.с.с. көптеген
балалардың шығармашылығын көрсететін нәрселер болып келеді.
Бастауыш сынып, оқушылардың барлық қабілетінің,
нышандарының оянып, қалыптасуына
ыңғайлы уақыт.
Сондықтан, оқу барысында балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы
тәсілдерді жиі қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: