ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады,
өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар
арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік
технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне
игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
«Өз аулының тасын сыйламаған, өзгенің тауын да сыйламас», деп «жабылған қазанды
жауып тастасақ» айналадағы әсемдікті сақтай алмаймыз. Қоршаған орта, әсемдік, туған жер
туралы тек қана жағрапия сабағында емес, басқа сабақтарда да үнемі айта беру керек,
тақырыпқа байланысты бір-екі сабақты табиғат аясында өткізсе тіпті тамаша болмай ма?
Туған жерінің табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табына білмеген,
әсемдікті қорғай білмеген балаға айналадағы осынау кереметті көрсетіп, күштеп емес,
жүрегіне жеткізе білетін біз, мұғалімдер меңзеуші болуымыз керек.
Пән мұғалімдері
арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және
ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым
құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп,
байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама
жетістікке жетер еді демекпін.
Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-
қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады.
Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады.
Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық
кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогті жаттау;
ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен
ұштастыру;
Жазуды оқыту.
Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың
сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін
әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін
грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.
Оқушылармен жұмыс жүргізгенде грамматикалық, фонетикалық ойындарды дұрыс
таңдау керек. Ал, дұрыс таңдау үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері
мен мүмкіндіктерін білу керек.Тек қана осы жағдайда ғана ,біз күткен нәтижелерімізге қол
жеткізе аламыз.
Қазіргі жастар — ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең
жолдарымен аяқтағым келеді.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!
Достарыңызбен бөлісу: