№58 қазан педагог



Pdf көрінісі
бет55/56
Дата19.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#496113
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
мамырова пед

Лексиканы меңгерту.
Лексиканы меңгерту үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы 
сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн.Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру 
үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі 
дегеніміз - сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас 
бөліктерін талдау арқылы түсіндіру.Сөздің мағынасын түсіндіру үшін қолданылатын 
контекстке мынадай талаптар қолданылады. Контексттерге грамматикалық құрылым, 
ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. 
Сонда оқушының назары жаңа сөзге аударылады.Тіл көрнекілігінің тиімділігі сөздердің 
мағынасын сабақта тек шетел тілінде түсіндіріледі де жаңа сөзбен оның мағынасы арасында 
байланыс жасалады.Сөйтіп сабақта шетел тілі атмосферасы жасалады. Бірақ бұл тәсілдің 
кемшілігі – оқушылар жаңа сөздің мағынасы ана тілінде оған балама тапқандай түсінеді, яғни 
оны бәрібір ана тілінде аударады. 
Мысалы, ағылшын тілі сабағында 7 - 11 сыныптар үшін арнайы электронды әдістемелік 
құралдың құрылымы мынадай: оқушы мектеп бағдарламасындағы «Саяхат», «Білім», 
«Денсаулық», «Қоршаған орта», « Жастар және уақыт» деген негізгі тараулармен жұмыс 
78


істеуіне мүмкіндігі бар. Әрбір тараудан оқушы мынадай мәліметтерді жеңіл және шұғыл түрде 
таба алады.Тақырыпқа байланысты мәтіндерТақырыпқа қатысты суреттер мен сызбалар және 
компьютерлік анимация элементтері 
Сөздік қорды толықтыруға жаттығулар 
Грамматикалық тестер 
Бұл оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өздік 
жұмысына бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, 
оқушы белсенділігі артады. Уақытты пайдалануда тиімді.«Ана тілін сабақта аластату мүмкін 
болғанымен оны оқушының сана – сезімінен аластату мүмкін емес»,- деп ғалым Л. В. Щерба 
өте дұрыс айтқан.Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, 
азық түлік, сауда, киім, т. б.Сөйлеу жұмыстары:Көптеген бағдарламаларда микрофонмен 
жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны 
қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып
жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады. 
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең 
негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым - қатынас амандасудан басталады. 
Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі 
бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп - 
тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған 
жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады.
Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. 
Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып 
есептеледі.
Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық 
кезеңдерін былайша сараланады: 
І кезең: диалогпен танысу; 
ІІ кезең: диалогты жаттау; 
ІІІ кезең: диалогты қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әрекетін қойылым іс - 
әрекетімен ұштастыру; 
Жазуды оқыту. Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау 
қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, 
әріптерді теру секілді үш іс - әрекетті бір уақытта біріктіреді.Коммуникативтік сөйлеу 
әрекетінің қай түрі болса да лексикалық - грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. 
Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс 
негізгі құрал болып табылады.
Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио - визуалды құралдар) 
бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін 
қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз 
тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу 
дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, 
оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды - машықтарынан, шығарма, 
хат жазу дағдыларынан құралады. 
Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың 
сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін 
әңгімелеп беруге үйрету қажет.Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын 
өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір 
грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды. 
Казіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл; қазақ тілі 
- мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым - қатынас тіл, ағылшын тілі - халықаралық 
тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны 
әдемі, таза, шебер сөйлей білуміз керек. Ал мақал - мәтел дегеніміз қандай тіл болмасын, сол 
тілдің көркемдігін, нақышын беретін шұрайы.
79


Сол себепті шет тілінде сөйлеуді меңгеріп қана қоймай сол тілде әдемі, шебер, көркем 
сөйлеу білуіміз керек. Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде 
жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал - мәтелдерді беріп, одан бүгінгі өткен 
грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп орысша, қазақша аударып келуге 
берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және 
тәрбиелік құндылығы болады.
Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын қолдану, жаңа әдіс - 
тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы. Біздің мақсатымыз рухани дүниесі бай, озық 
ойлы, айналадағы өмірге ғылыми көзқарасы қалыптасқан адамдар тәрбиелеу.
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені 
жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа 
егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін 
білімді, білікті ұстаз болайық.
80



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет