5В010801 Дене шынықтыру және спорт Анатомия, спорт морфологиясының негіздері


№2 Зертханалық сабақ Қаңқа сүйектер және олардың байланыстары



бет15/18
Дата25.05.2023
өлшемі378.5 Kb.
#474261
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
№2 Зертханалық сабақ Қаңқа сүйектер және олардың байланыстары
Сабақтың мақсаты: адамның қаңқа сүйектерін және олардың байланыстарын оқып білу
1 Дене қаңқасы. Омыртқа бағанасы. Оның негізгі бөліктері. Омыртқа құрылысының жалпы көрінісі. Мойын, кеуде, бел омыртқаларының құрылысындағы ерекшеліктері. Омыртқа бағананың бас сүйектермен байланысуы. . Омыртқа бағананың физиологиялық тұрғыда иілуі жөне оның қызметтік мәні. Омыртқа бағананың қозғалысын демонстрациялау.
2 Кеуде қуысы. Кеуде қуысының сүйектік негіздері. Кеуде қуысы қабырғаларының доғалары, төсасты бұрыш. Кеуде қуысының тұтастығы, пішіндері. Кеуде қуысының жас шамасы және оның жыныс арқылы көрінетін ерекшеліктері. Адам денесінің сыртқы қабатында кеуде сүйектер құрылыстардың проекциясы. Кеуде сүйектердің қозғалысын көрсету.
3 Бас қаңқасы. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы. Ми және бет сүйектері. Бас сүйектер құрылысының ерекшеліктері.
4 Қол және аяқтың қаңқасы. Сүйектері, орналасуы және құрылысы. Сүйектер байланыстары. . Қол және аяқ сүйектердің қозғалыстарын көрсету.
Әдебиеттер [1-11]

3 Зертханалық сабақ Қаңқа бұлшық еттері


Сабақтың мақсаты: басты, мойынды, дене және кол-аяқтардың қозғалтатуына, айналуына қатысты бұлшық еттерді және олардың қызметтік топтарын зерттеу; олардың орналасуын және беку орындарын білу.
1 Омыртқа бағанының мойын бөлігінің алға иілуіне қатысатын бұлшық еттерді, олардың орналасуын, басталатын және бекитін орындарын зерттеу; бас қозғалысына, алға және артқабүгүіне, айналуына қатысатын бұлшық еттер.
2 Омыртқа бағанының бел бөлігінің иілуіне қатысатын бұлшық еттерді, олардың орналасуын, басталатын және бекитін орындарын зерттеу; құрсақ бұлшық еттері. Әртүрлі тірек калпында қүрсақ бұлшық еттердің қызметтері, құрсақ қуысының сығымдалуы және оның спортшылар үшін атқаратын қызметі.
3 Тыныс қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Көкет, оның орналасуы, құрылысы мен атқаратын қызметі. Қабырғааралық бұлшық еттер (сыртқы және ішкі). Тыныс алудың түрлері.
4 Қолдың бұлшық еттері. Қолдың иық белдеу сүйетерінің қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Білек сүйектердің қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің қызметтік топтары: бұгу, жазу, пронация, супинация, олардың басталатын жері мен бекуі. Қол басының және саусақтардың қозғалысына қатысатын бұлшық еттердің қызметі.
5 Аяқтың бұлшық еттері. Ұршық (жамбас- сан) буынындағы санның қозғалысына қатысатын бұлшық еттер. Тізе буынында балтыр сүйектердің балтырды қозғалтатын бұлшық еттер. Аяқ бастың бақайлардың қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер, олардың басталатын жері мен бекуі.
Әдебиеттер [1-11]

4 Зертханалық сабақ Ішкі мүшелер


Сабақтың мақсаты: адамның ас қорыту, тыныс алу және несеп - жыныс жүйелерін зерттеу; функционалды маңызына ерекше мән беріп қарастырылатын жүелерге жалпы сипаттама беру.
1 Ас қорыту жүйсін зерттеу. Бөлімдерінің ерекшеліктерін, орналасуын, құрылысын және функционалды маңызын белгілеу.
2 Тыныс алу жүйесін қарастыру. Тыныс жолдары және тыныс алу органдары.
3 Несеп-жыныс жүйе. Несеп шығару мүшелердің жалпы көрінісі. Ер адамның жыныстық мүшелерінің жалпы көрінісі. Әйел адамдардың жыныстық мүшелерінің жалпы көрінісі.
4 Қарастырған жүйелер жұмысы және олардың байданысы туралы қорытындылар жасау.
Әдебиеттер [1-11]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет