5В050900 «Қаржы» мамандығЫ Үшін «банктік қадағалау»


-1-тарау. Секьюритилендіру барысында меншікті капитал



бет3/6
Дата28.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#163708
1   2   3   4   5   6

2-1-тарау. Секьюритилендіру барысында меншікті капитал

жеткіліктілігі коэффициентін есептеудің ерекшелігі

31-1. Оригинатор банк (бұдан әрі – оригинатор) Базель II: Капиталды және капитал стандарттарын өлшеудің халықаралық конвергенциясы: жаңа тәсілдер (2006 ж. маусым), шектеулі тәсіліне сәйкес меншікті капиталды есептеуге секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланады, егер секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру нәтижесінде елеулі кредиттік тәуекел үшінші тарапқа берілсе, бұл ретте секьюритилендірілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (бұдан әрі - секьюритилендірудің шектеулі тәсілі) оригинатор активтерінің есебінен алынып тасталуы мүмкін.

Секьюритилендіру мәмілелерінде қатысатын және оригинатор болып табылмайтын банктер осы мәміледе олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын кредиттік тәуекелдер дәрежесі бойынша мөлшерленгенді есептеу барысында осы Нұсқаулыққа сәйкес секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданады.

31-2. Банктер меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдану үшін оригинатор уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес сауалнама;

2) секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданудың мақсатқа лайықтылығын айқындауға жауапты, банктің Басқармасы құрамынан тұлғаларды айқындайтын құжат;

3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын шетелдік арнайы қаржы компанияларымен секьюритилендірудің трансшекаралық мәмілелері үшін бағалы қағаздар шығарылымы (не облигациялық бағдарлама) проспектісінің көшірмесі не

«Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын секьюритилендіру мәмілелері үшін облигациялық бағдарламаны (не облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

4) осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес секьюритилендіруді ескере отырып және секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті туралы мәліметтер.

31-3. Егер қандай да бір ұсынылатын құжаттар шет тілінде әзірленсе, онда оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.

31-4. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган оларды алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.

31-5. осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағымен көзделген құжаттарды қарағаннан кейін уәкілетті орган меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін банктердің қолдануына растау беру не бас тарту туралы шешімді қабылдайды және жазбаша нысанда бұл туралы оригинаторға хабарлайды.

Банктердің меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға растау мынадай жағдайда берілмейді:

1) осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағына сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаса;

2) осы Нұсқаулықтың 31-7, 31-9-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе.

31-6. Оригинатор тәуекелді берудің қажеттілігін айқындау мақсатында мыналарды жүзеге асырады:

1) секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді;

2) секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді.

31-7. Тәуекелді беру маңызды болып табылады, егер:

1) секьюритилендіруді ескере отырып меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіруі ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен артық болса;

2) банк конглемератының мүшелері болып табылмайтын, оригинатор тиесілі үшінші тарап, секьюритилендірілген активтермен қамтамасыз етілген транштың 10 процентінен кем емесін ұстап қалады.

Меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті үтірден кейін үш белгісі бар санмен көрсетіледі.

31-8. Егер секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіру ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен аз болса, тәуекел берілмейді. Бұл жағдайда, оригинатор меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланбайды және секьюритилендіруді ескерместен тиісінше тәуекелдердің мөлшерленген шамасын есептейді. Бұл ретте оригинатор меншікті капиталдан олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын шегермейді және/немесе меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелі дәрежесі бойынша осындай позицияларды мөлшерлемейді.

31-9. Оригинатор мынадай талаптарды орындау барысындағы активтердің кредиттік тәуекелдерінің дәрежесі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритилендірілген активтерді алып тастайды:

1) секьюритилендірілген активтермен байланысты елеулі кредиттік тәуекел үшінші тараптармен ауыстырылған болатын;

2) секьюритилендіру мәмілесі бойынша құжаттар мәміленің экономикалық мәнін көрсетеді;

3) арнайы қаржы компаниясы секьюритирлендірілген активтер бойынша төлемдерді борышқорлардың төлемеуімен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді, оның ішінде және оригинатордың (төлем қабілеттсіздігі) банкроттығы жағдайында;

4) осы Нұсқаулықпен көзделген жағдайларды қоспағанда, оригинатор мыналарды орындауға тиіс емес:

арнайы қаржы компаниясындағы дауыс беру құқығы бар акцияларды не жарғылық капиталға қатысудың тура немесе жанама үлесін иеленуге;

арнайы қаржы компаниясындағы директорлар кеңесі немесе басқарма мүшелерінің басым көпшілігін тағайындауға немесе сайлауға;

шартпен немесе өзге тәсілмен арнайы қаржы компаниясының шешімдерін айқындауға;

секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттар немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, арнайы қаржы компаниясынан секьюритилендірілген активтерді сатып алу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдауға;

секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттарда немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, секьюритилендірілген активтерге қатысты қандай да бір тәуекелдерді ұстап қалу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдауға;

арнайы қаржы компаниясының секьюритилендірілген активтерді бергеннен кейін секьюритирлендірумен және арнайы қаржы компаниясы қызметімен байланысты шығыстарды көтеруге;

арнайы қаржы компаниясына қандай да бір нысанда жанама қолдау көрсетуге. Сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғаларға жанама қолдау көрсетуге жол берілмейді.

Оригинатор, сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар арнайы қаржы компаниясына ақшалай түрдегі талаптар (бұдан әрі-кредиттік қамтамасыз ету) бойынша көмекті не осындай қолдау ұсыну секьюритилендіру мәмілесіне қатысты сәйкесінше шарттармен немесе құжаттармен көзделмеген жағдайларда, өзге қолдауды көрсеткенде жанама қолдау туындайды.

Оригинатор немесе оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар секьюритилендірудің кейінгі мәмілелерін жасау барысында арнайы қаржы компаниясына жанама қолдау көрсету фактілері анықталған жағдайда, оригинатор секьюритилендірілген активтер бойынша капиталға қойылатын талаптарды төмендету мүмкіндігінен айырылады;

5) арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар

оригинатордың төлем міндеттемелерін білдірмейді;

6) тәуекелдер берілетін тарап секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы болып табылады;

7) егер, секьюритирлендіру мәмілесінде кері сатып алу опционы көзделсе, онда мынадай барлық талаптар орындалады:

кері сатып алу опционы оригинатордың қарауымен ғана іске асырылады;

кері сатып алу опционы секьюритирлендірілген активтер бойынша өтелмеген негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері не шығарылған бағалы қағазар бойынша негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері 10 процент мәніне жеткен және олардың бастапқы мөлшерінен төмен болған жағдайда ғана іске асырылуы мүмкін;

кері сатып алу опционы секьюритирлендіру позициясының кредиттік сапасын жақсарту мақсатында құрылымдалмауы мүмкін;

8) оригинатор секьюритилендірілген активтерді сатып алуы не оларды жиынтығымен мынадай талаптарды сақтағанда басқа активтерге ауыстыруы мүмкін:

секьюритилендірілген активтерді олардың әділ нарықтық құнынан аспайтын құн бойынша сатып алынады;

сатып алынатын секьюритилендірілген активтердің міндеттемелері жоқ, олар бойынша тиісінше міндетті тараптың дефолты орын алды, әділ нарықтық құн бойынша сатып алынатын активтерді қоспағанда;

ауыстырылатын секьюритилендірілген активтерде тиісінше (ұқсас) классификациялық санат болуы тиіс.

Оригинатор секьюритирлендірілген активтерге қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуі, сондай-ақ секьюритирлендірілген активтерге қатысты өтімділік құралдарын ұсынуы мүмкін, бұл құралдар осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.

31-10. Оригинатор тәуекелді беру қажеттілігі жағдайында банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценттерін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелдері деңгейі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритирленген активтерді алып тастайды.

31-11. Меншікті капиталдан банк ұстанатын және Standard&Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингттік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі не Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ» төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар не тиісінше рейтингттік бағасы жоқ секьюритирлендіру позициялары шегерілуге жатады, осы Нұсқаулықтың 31-13-тармағында санамаланған талаптарға сәйкес келетін позицияларды қоспағанда.

Шегерім бірінші деңгейдегі капиталдан елу процент және екінші

деңгейдегі капиталдан елу процент мөлшерінде бөлінуі тиіс. Шегерілетін

позициялар олар бойынша құрылған арнаулы резервтер (провизиялар) бойынша құрылған сомаға кемиді.

31-12.Секьюритилендіру позициялары – бұл секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер және ол секьюритилендіру мәмілесімен

байланысты банкте туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді. Секьюритилендіру позицияларына позицияның кредиттік сапасы негізінде тәуекелдің (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) тиісінше деңгейі берілуі тиіс, ол осы Нұсқаулыққа сәйкес кредиттік рейтинг негізінде анықталуы мүмкін. Мұндай позицияларға оригинатордың арнайы қаржы компаниясына ұсынатын заемдары жатады; арнайы қаржы компаниясына қатысты оригинатордың шартты және мүмкін талаптары мен міндеттемелері; банктің арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздарын сатып алуы; ұсынылатын кредиттік қамтамасыз ету (credit enhancements); өтімділік құралдары; проценттік немесе валюталық своптар; кредиттік деривативтер; резервтік шоттар (ақшамен қамтамасыз ету шоты) үшін қаражаттарды ұсыну және басқалар. Секьюритилендіру позициясына аталған компанияның банктік шоттарын ашу сияқты банктің арнайы қаржы компаниясына банктік қызмет көрсетулерді ұсынуына байланысты туындайтын, арнайы қаржы компаниясына қатысты банктің активтері, шартты және мүмкін міндеттемелері енгізілмейді. Бұл ретте:

1) секьюритилендіру мәмілесінде түрлі транш бойынша тәуекелдердің болғанда, әрбір транш бойынша тәуекел секьюритилендірудің жеке позициясы сияқты мөлшерленеді;

2) секьюритилендіру позициялары бойынша кредиттік қамтамасыз етуді ұсынатын тұлғалар секьюритилендіру позицияларын ұстап қалатын тараптар ретінде қарастырылады;

3) сыйақы ставкаларын және валюта бағамдарын өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары бойынша позициялармен байланысты тәуекелдер секьюритилендіру мәмілесіндегі жекелеген позициялар сияқты мөлшерленеді;

4) баланста ұсталынатын секьюритилендіру мәмілесіндегі позиция тәуекелінің шамасы өзінің баланстық құнына тең;

5) секьюритилендіру мәмілесіндегі баланстан тыс позиция тәуекелінің шамасы конверсиялық факторға көбейтілген өзінің номиналдық құны 100 процентке тең, егер өзгесі осы Нұсқаулықпен белгіленбесе.

31-13. Кредиттік рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясы тәуекелінің орташа алынған шамасын есептеу үшін банк осындай позицияға түсінілетін рейтингті қолдануы мүмкін.

Болжанатын рейтинг мынадай тәртіппен қолданылады:

1) кредиттік рейтингі бар секьюритилендіру позициясының ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланылады, ол рейтингі жоқ, секьюритилендіру позициясының реттелу деңгейі бойынша тең болып табылады, немесе

2) егер, рейтингі бар позициялардың ешқайсысы, рейтингі жоқ позициямен реттелу деңгейіне тең келмесе, секьюритилендіру позициясының (осындай бар болса) реттелу деңгейі бойынша ең жоғары ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланады, ол рейтингі жоқ осындай позицияға реттелу деңгейі бойынша кемдеу болып табылады.

Болжанатын рейтингті пайдалану барысында кредиттік рейтингі бар секьюритилендірудің барлық позициясы ескеріледі.

31-14. Егер, секьюритилендіру барысында арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар (бұдан әрі-өтімділік құралдары) бойынша инвесторларға секьюритилендірілген активтер және төлем мерзімдері бойынша қаражаттарды алу мерзімдері арасындағы ықтимал сәйкессіздіктерді жабу үшін банк қаржыландыруды ұсыну мақсатында арнайы қаржы компаниясымен шарттық қатынастарға түсетін болса, онда бір жылға дейін қоса алғанда бастапқы өтеу мерзімімен өтімділік құралдарының мөлшерінің 20 процентіне тең конверсиялық фактор немесе егер құралдың бір жылдан астам бастапқы өтеу мерзімі болса, 50 процентке тең конверсиялық фактор пайдаланылады.

31-15. Өтімділік құралдары – секьюритилендірілген активтердің өтімділігін көтеруге мүмкіндік беретін шаралар. Өтімділік құралдары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) өтімділік құралының шарттары оны пайдалануы мүмкін жағдайларда міндеттемелерді нақты айқындауы және шектеуі тиіс. Өтімділік құралы аясында қаражаттарды алу мүмкіндігі секьюритилендірілген активтерді иеліктен алу нәтижесінде толығымен өтелуі толығымен мүмкін сомамен шектелуі тиіс және кез келген қосымша кредиттік қамтамасыз ету, ол бойынша төлемдер өтімділік құралы бойынша төлемдерге қатынасы бойынша реттелген.

2) құралды пайдалану сәтінде келтіріліп қойған шығындарды өтеу арқылы кредиттік сапаны қамтамасыз ету үшін өтімділік құралы пайдаланылмауы мүмкін, құралды пайдалану сәтінде дефолт болып өткен тәуекелдерге қатысты өтімділікті ұсыну арқылы немесе олардың әділ құнынан жоғары баға бойынша активтерді сатып алу арқылы;

3) өтімділік құралы секьюритилендіруді тұрақты немесе тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін пайдаланылмауы мүмкін;

4) өтімділік құралын пайдалану барысында алынған қаражаттарды өтеу, сыйақы ставкасын және валюта бағамдарын, сыйақыларды, комиссияларды және секьюритилендіру мәмілесін орындауды қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаларға тиесілі басқа ұқсас төлемдерді өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары негізінде туындайтын талаптар қоспағанда, инвесторларға қойылатын талаптарға қатынасы бойынша реттелмеуі тиіс. Қаражаттарды өтеу өзгермеуі немесе мерзімі ұзартылмауы мүмкін;

5) өтімділік құралы қосымша кредиттік қамтамасыз ету пайдаланылғаннан кейін пайдаланыла алмайды, ол осындай құралға қатынасы бойынша реттелген болып табылады;

6) өтімділік құралында дефолт болған тәуекелдердің шамасына

құралдарды пайдалану барысында алынуы мүмкін қаражаттар сомасын автоматты түрде кеміту туралы шарт немесе секьюритилендірілген тәуекелдердің жиынтығы рейтингі бар құралдардан тұрған жағдайда, егер жиынтықтың орташа сапасы инвестициялық деңгейден төмен түсірілсе, құралды пайдалануды тоқтату туралы шарт болуы тиіс.

31-16. Секьюритилендірілген активтерге қызмет көрсететін және өтімділік құралын беретін банк барлық төмендегі жағдайларды сақтаған жағдайда 0 процентке тең конверсиялық факторды пайдаланады:

1) қаражаттарды беру туралы келісімге сәйкес банктің қаражатты толық өтеуге сөзсіз құқығы бар;

2) банктің талап ету құқығы секьюритирленген активтерден алынған қаражаттарға қатысты қойылатын барлық талаптарға қатынасы бойынша реттелген деңгейі бойынша аса жоғары болып табылады;

3) банк алдын ала хабарламастан келісімді бұзуға сөзсіз құқығы бар;

4) осы келісім осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.



3-тарау. Бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшері
32. Бір заемшы» деген терминді банктің талаптары бар немесе осы Нұсқаулықтың 34-тармағында көрсетілген талаптар оларға туындауы мүмкін әрбір жеке немесе заңды тұлға деп түсінуге болады.

Екі немесе одан да көп заемшылардан тұратын топтың тәуекел мөлшері егер заемшылардың әр қайсысының тәуекел мөлшері банктің меншікті капиталының 0,05 процентінен асатын болса, бір заемшы үшін жиынтықты түрде, сондай-ақ мынадай міндеттемелердің бірі болған жағдайда есептеледі:

1) заемшылардың бірі ірі қатысушы (акционерлік қоғамдағы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі немесе қосымша жауапкершілікті серіктестіктегі ірі қатысушы;коммандиттік серіктестіктегі толық жолдас; толық серіктестікке қатысушы), аффилиирленген тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан бауыры немесе қарындасы (үлкен апасы) атасы, әжесі, немересі), ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы, басқа заемшының бірінші басшысы, не басқа заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға;

2) ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірінің бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға - ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға болып табылады;

3) ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірінің бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға - ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға болып табылады не ірі қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туыстың, ері/зайыбының, ері/зайыбының жақын туысының немесе басқа заемшының бірінші басшысының не басқа заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлғаның мәміле жасауға мүдделі тұлғасы болып табылады;

4) заемшылардың бірі банктен заемға алған ақшасын басқаға пайдалануға заемшының меншікті капиталынан асатын мөлшермен бергендігін растайтын жеткілікті негіздеме бар болса;

5) заемшылар банктен банктің заемшысы болып табылмайтын сол бір ғана үшінші тұлғаға пайдалануға осы заемшылардың жиынтықты меншікті капиталынан асатын мөлшердегі заемды бірлесіп немесе жекелей бергендігін растайтын жеткілікті негіздеме бар болса;

6) заемшылар бір-бірімен мынадай байланыста, яғни заемшылардың бірінің (Қазақстан Республикасының банктерінен басқа) ортақ не басқа заемшының міндеттемелері бойынша оның активтерінің он процентінен асатын сомада субсидиарлық жауапкершілігі бар болса;

7) бір заемшының лауазымды тұлғасы банктің басқа заемшыларының қызметіне қаржылық жағынан мүдделі болса;

8) заемшылар бір-бірімен өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгілері бар өзге құжат арқылы байланысса;



  1. заемшылар:

мынадай мемлекеттердің: Андорра князьдігі, Лихтенштейн князьдігі, Либерия Республикасы, Монако князьдігі, Маршалл аралдары (Маршалл аралдары Республикасы) аумақтарында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не

Экономикалық ынтымақтастық және даму жөнiндегi ұйыммен ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тiзбесiне енгiзілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не

iрi қатысушылары, аффилиирленген тұлғалары, жақын туыстары, бiрiншi басшылары не осы тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтарында көрсетiлген мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын немесе тіркелген, осы заемшылармен мәмілелер жасасуға мүдделi тұлғалары бар;

10) заемшылар өзара бір-бірімен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негіздемелер бойынша байланысса;

11)заемшылар салынып жатқан объект құрылысына қатысушылар үлесінің және қатысушылар үлесінің кепілдіктерін қосқандағы жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі тапсырыс берушінің жобасының қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аты аталған заемшылар тобы құрған бір заемшының тәуекел мөлшері жеке тұлғалардың – қатысушылар үлесі кепілдіктерінің және/немесе салынып жатқан объектінің құрылысына қатысушылар үлесінің – жеке тұлғалардың қатысуымен жасалған топ үшін осы тармақтың 1) – 10) тармақшаларына сәйкес бір заемшының тәуекел мөлшерінің жиынтық есебіне қабылданбауы тиіс.

33. Егер мемлекет (уәкілетті орган атынан) екі немесе одан да көп заңды тұлғалардың ірі қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшері жиынтықты түрде алғанда егер басқа ірі қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшері ретінде есептелген жағдай бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағында белгіленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдің мөлшері бір заемшыға арналған тәуекелдің мөлшері ретінде есептелмейді.

33-1. Заемшылар тобын тану бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағының талаптары мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына төлем жасауға берілген заңды тұлғаларға таралмайды.

Банктермен ерекше қарым-қатынаспен байланысты бір заемшы және (немесе) тұлға ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік ету (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде аффилиирленген болып табылатын екі және одан астам ұйым (оның ішінде банктер) танылмайды.

Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың бірімен аффилиирленген немесе көрсетілген банктердің бірімен ерекше қарым-қатынаспен байланысты заңды және (немесе) жеке тұлғалар сонда-ақ бір заемшы басқа ұйымның аффилиирленген тұлғаларының бір зайымшысы немесе көрсетілген банктердің басқаларымен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлғалар ретінде танылмайды.

33-2. Банктің екі және одан артық еншілес ұйымдарынан тұратын тобы мынадай жағдайларда заемшылар тобы деп танылмайды, егер:

олар банкта ірі қатысулары арқылы банктің жарғылық капиталымен байланысты болса;

банктің лауазымды тұлғалары осындай еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып табылса.

34. Бір заемшыға тәуекел мөлшері (Р), оның ішінде банктің, мынадай талаптар сомасы түрінде есептеледі:

1) заемдар, салымдар, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар (осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген банк инвестицияларынан басқа);

2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;

3) аталған қаржы құралдары мен ондағы кредиттік тәуекелдің рыноктық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар.

Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.

Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының рыноктық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:

сатып алуға арналған мәмілелер бойынша – берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы рыноктық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;

сатуға арналған мәмілелер бойынша – берілген қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы рыноктық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.

Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.

Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.

Сатылған опциондар бір заемшының тәуекел мөлшеріне енгізілмейді;

4) заемшыға банк балансынан шығарылған банктің қоятын талаптары;

5) мынадай түрдегі заемшының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:

осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банк өкімімен ұсынылған салымдар;

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

тазартылған қымбат металдар;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;

Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан кем емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар басқа банктердің кепілдіктері.

Бір заемшының тәуекел есебіне мыналар енгізілмейді:

Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Ұлттық Банкке, Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына қойылатын талаптар, Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ»-дан кем емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша қоятын талаптары.

35. Банктің меншікті капиталының міндеттемелері бойынша бір заемшы үшін банк тәуекелінің мөлшеріне қатысы мынадан аспауы тиіс:

банкпен айрықша қатынастар бойынша (k3.1) байланыстары бар тұлғалар болып табылатын заемшылар үшін - 0,10. Банкпен айрықша қатынастар бойынша байланыстары бар заемшылар үшін тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс;

басқа заемшылар үшін (k3) - 0,25 (оның ішінде заемшы алдындағы қамтамасыз етілмеген шартты міндеттеменің бланктік заемдары бойынша 0,10 астам не заемшыға банктің ағымдағы және содан кейінгі екі ай ішінде талап етуі мүмкін үшінші тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Standard & Poor’s агенттігінің немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осы деңгейдегі рейтингінің Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің бір тармағынан төмен болмайтын және Standard & Poor’s агенттігінің “А” рейтингінен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен емес рейтингі бар резидент еместерінің міндеттемелері бойынша).

Банктің меншікті капиталынан әрбірінің мөлшері 10 пайыздан асатын бір заемшыға банк тәуекелдерінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталынан бес есе астамнан аспауы тиіс.



  1. Банктің заемшыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгі жалпы көлемі осы Нұсқаулықпен белгіленген шектеулер шегінде болса, бірақ соңынан соңғы үш ай ішінде банктің меншікті капиталының деңгейі бес прценттен артық төмендеуіне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай ішінде заемшыға қойлатын талаптар он процент деп көрсетілген теңгенің шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктің заемшыға қоятын талаптарының өсуіне байланысты бір заемшыға деген тәуекел нормативінің барынша жоғары мөлшері орындалды деп есептеледі.

Аталған жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактісі туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді және ағымдағы және одан кейінгі айларда шектен асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзімде жойылмаған болса, онда бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшерінің нормативі шегінен асып кету осы аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы деп қарастырылады.

37. Егер банк заемшысы жағдай пайда болған сәтте банкпен айырықша қатынасы бар тұлға болмай, соңынан ондай болып табылған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екінші абзацында белгіленгендей, осы заемшының аталған шектен асып кеткен тәуекел мөлшері мына талаптарға сәйкес келсе, тәртіп бұзу ретінде қарастырылмайды:

банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етуді ұсыну жөніндегі заемшының қабілеттілігін растай отырып, осы шектен асып кету туралы немесе норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейінгі банк талап етулерінің бөлігін орындайтындығы және уәкілетті орган белгілеген мерзімде осы тәртіп бұзуды жою жөнінде міндеттемелер қабылдағандығы туралы уәкілетті органды дереу хабарладырған жағдайда;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеуге және оларға қарсы провизияларды құруға қойылатын талаптарға сәйкес заемшының қаржылық жағдайы қанағаттанарлықтан төмен емес деп бағаланады.

38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар міндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретінде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.



4-тарау. Өтiмдiлiк коэффициентi


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет